Қ
азіргі
студентті
ң
психологиялы
қ
портретін
құ
ру
«Студент»
тeрмині латын сөзінен
шыққан, орысшаға аударғанда
іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі
іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни
білім алуға ынталанған адам.
Егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым,
құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім
анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың
және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы
адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен
жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға
ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б.
мүмкіндіктері басым болады.
Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға
ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:
1)
психологиялық жағы
– психологиялық үдерістер, жағдайлар және
қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық
үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына,
психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер
(бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті
зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін
және жағдаяттарын ескеру керек;
2)
әлеуметтік жағы
– студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан
туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;
3)
биологиялық жағы
– жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың
құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене құрылысы, бет
әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді. Бұл жағы,
негізінен, тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған,
бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.
1
Құрамының бірдейлігі (жастық
айырмашылықтар әдетте 5 жастан көп
емес)
С у ен і о
ң
ере
е і ері
2
Мақсаттардың жастық ұқсастығы
3
Қызығулардың жастық ұқсастығы
4
Психологиялық ерекшеліктердің
жастық ұқсастығы
Э оном а қ бе сен і і
Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20
жас – адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең
көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен
тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек
адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру:
азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең
«экономикалық белсенділіктің» басталуымен
байланысты.
Қазіргі даму жағдайы зерттеулер нәтижесі студенттің
мамандығы жайында түсінігінің деңгейі оның оқуға
қатынасына сай келетінін көрсетеді: яғни ол өз
мамандығы жайында неғұрлым аз білсе салғырт
қарайды.
Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер
халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім
деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы
белсенділігімен және танымдық деңгейінің
жоғарлылығымен ерекшеленеді.
Студенттердің осы ерекшеліктерінің негізі мұғалімнің әр
студентке серіктесі тәрізді, тартымды тұлға ретінде қарап, онда
педагогикалық қарым-қатынасты орната білуінде. Жеке іскерлік
барысында студент белсенді, өздігінен Өз ісін ұйымдастыра
алатын, дамуының педагогикалық қарым-қатынас субьектісі
ретінде қарастырылады.
Студенттік жас
-
интеллектуалдық және
физикалық күштің дамуының
көптеген оптимумдарына
жететін кезең болып
сипатталады. Бірақ, кейбір кезде
осы мүмкіндіктер мен олардың
нақты жүзеге асуының арасында
«қайшылықтар» қатар жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |