Жақында әлемдік медицина практикасында телемедицина атты жаңа ұғым пайда болды. Енді пациенттер үйден шықпай-ақ кез келген маманнан консультация ала алады, ал дәрігерлер әріптестерімен тәжірибелерімен алмаса алады. « Денсаулық сақтау жүйесіндегі телемедицина – жақында пайда болған және практикаға енді ғана еніп жатқан бағыт», - көбі осылай ойлайды. «Телемедицина» анықтамасын қысқаша былай тұжырымдауға болады: қашықтықтан онлайн-консультация беру және пациенттерді өзекті емдеу/қарап-зерттеу мақсатында инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген медицина саласы. Телемедицинаның маңызды аспектісі – екі жақты аудио- және бейнебайланысты пайдалану. Телемедицина онлайн-консультациялардан, сол сияқты денсаулықты ұдайы бақылаудан және пациентті қашықтықтан қарап-зерттеуден тұрады. Бұл жаңа жол дербес үй телемедицинасы атауына ие болды.
Қазіргі таңда телемедицинаның негізгі бағыттарына мыналар жатады:
«Дәрігер-пациент» үлгісіндегі шешімдер:
Пациенттер үшін телемедициналық консультациялар;
Қашықтықтан биомониторинг.
Дәрігерлер үшін шұғыл консультациялар;
Оталарды нақты уақытта трансляциялау;
Мамандарды қашықтықтан оқыту жене біліктіліктерін көтеру