Қазіргі уақытта мектептерде сабақтардың қандай жаңа түрлері қолданылады?
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.
Білімді тексеру, дидактикалық тест, білімді бағалау, үлгермеушілік деген сияқты түсініктерге анықтама беріңіз.
Тест оқушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі. Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғалымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тесттердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта кететін мәселе- кез келген бір тестің қолдану аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны, осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр. Тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыру керектігі жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар вариантын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі. Тесттердің осындай параметрлері оларды жіктеудің белгілі бір критериіне сәйкес оны тесттің қай түріне жатқызуға болатындығының айғағы болып табылады. Екінші жағынан, тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да бір болмасын қасиеттерге, технологияларға қарай реттеуге тура келеді. Реттеліп, мақсат қойылып құрылған тест тапсырмаларын қолдану оқу процесінің сапасына, яғни оқу нәтижесіне әсер етеді.
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары
Тақырыптың жоспары:
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар.
3. Тексерудің әдістері.
4. Тексеруден диагностикаға көшу.
5. Білім, дағдыларды ізгілендіру.
6. Оқыту нәтижелерін бағалау.
7. Баға қою.
8. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары.
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Оқудағы сәтсіздіктердің себебін түсіңдіріңіз және оларды болдырмаудың әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз.
Мектептегі үлгірмеушілік көбінесе білімді игеруге, оқу дағдысын дамытуға, шығармашылық әрекетінің қалыптасуына және танымдық қатынасындағы тәрбиелікке қойылатын мектептің міндетті талаптарына оқушылар дайындығының сәйкес келмеуінен деп айтуға болады. Ол оқу үдерісімен және оның мазмұнымен тікелей байланыста болатын оқудың нәтижесінен білінеді және ол арнайы көрсеткіштермен анықталады. Ал, оның себептері көптеген сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты болатын себептердің жиынтығынан құралатындығы көрсетілген. Жоғарыда атап көрсетілген физиологиялық, психологиялық факторлар және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайлары мен отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері – үлгермеушіліктің пайда болуында жетекші роль атқаратындықтары белгілі болды.
Мектептегі оқытудың негізгі мәселелері- оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдылық жан қуаттарының оятуына түрткі болу. Денсаулығы дұрыс дамыған кез келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеруі керек. Оқушылардың көпшілігі оқу бағдарламасын қиындықпен, ал кейбіреуі негізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгермейді. Үлгермеуші оқушыларды зерттеу кезінде ғалымдар екі мәселеге тоқталады: біріншісі – Оқытушы қалай оқытады?, екіншісі – Оқушы қалай оқиды және осы кезде оның дамуы қалай жүзеге асады? Дидактиктер бұның себептерін педагогикалық психологиялық жағдай, оқу- тәрбие үрдісі жағынан қарастырады. Ал психологтар үлгермеуші оқушылардың оқу үрдісіндегі оқу іс –әрекетінің жеке ерекшеліктеріне тоқталады. П.П.Борисов үлгермеушіліктің себебін айқындауда оны ірі төрт топқа бөлген:
— Педагогикалық себептерге: жеке пәндердің берілуі, былтырғы білімінде қалыс қалушылықтар, келесі сыныпқа дұрыс көшірілуі;
— Әлеуметтік –тұрмыстық себептер: өмір сүрудің жағымсыз жағдайы. Ата-анасының дұрыс үлгі бермеуі. Отбасының материалдық қамтамасыздығы, отбасы тәртібінің жоқтығы, баланың бақылаусыздығы.
— Физиологиялық себептер: ауру, денсаулықтың жалпы әлсіздігі тыныс алу жолдарының ауруы. Жұқпалы аурулар, орталық нерв жүйесінің қимыл функциясының бұзылуы, нерв жүйесінің аурулары.
— Психологиялық себептер: зейін, есте сақтау, ойлаудың даму ерекшеліктері, түсінудің нашарлығы, сөйлеу қабілетінің дамуының жеткіліксіздігі, танымдық қызығушылықтың қалыптасуы, дүниетанымының тарлығы.
Қазақстан бойынша үлгермейтін оқушылардың 20% йод жетіспеушілік, 12% бастың ішкі қысымының жоғары болуымен тікелей байланысты. Сонымен қатар үлгермеуші оқушыларды үш топқа бөлуге болады:
Барлық пәндерден үлгермейтін оқушылар.
Негізгі пәндерден ұзақ уақыт үлгермейтін оқушылар.
Кей кездерде үлгермейтін оқушылар.
Оқушылардың ұзақ уақыт үлгермеуінің себебі, психикалық функцияның әлсіз, нашар дамуында оқушылардың есте сақтау мен зейін ерекшеліктерінің айырмашылығы айқын көрініс алады.
Оқушының ойлау әрекеті сапасының жоғарылығы оқуға деген теріс қатынасының болуы және оқушының бағыттылығы толық емес жарым – жартылай болуы.
Оқушының ойлау әрекетінің сапасының төмендігін, оқуға деген теріс қатынастың болуы және оқушының бағыттылығы жарым- жартылай емес толық жойылуы.
Осы ерекшеліктер үлгермеуші оқушылардың типтерін анықтайды және үлгермеушіліктен құтылудың жолын көрсете алады. Үлгермеуші оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыруда мұғалім тарапынан шығармашылық пен ізденісті қажет етеді. Оқушылардың таным үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін және танымдық қызығушылығын дамыту жөнінде зерттеулер қатарына психологиялық тұрғыдан: С.Рубинштейн, Л.Эльконин, В.Давыдов педагогикалық жақтан Ю.Бабанский, Г.Щукина, ал әдістемелік тұрғыдан Н.Хмель, А.Әбілқасымова жатқызуға болады. Үлгермеуші оқушыға көмек көрсетудің тиімді жолдарын айқындауда ең алдымен оқушының мектептегі проблемаларының себептерін және оқу – танымдылық іс –әрекеті мен жүріс – тұрысына тән ауытқулардың ерекшеліктерін түсіну қажет. Осының нәтижесінде баланың жалпы дамуына, бағдарлама талаптарына танымдылық мүмкіндіктерінің сәйкестігі оқушыға кешенді бағалау психо-педагогикалық және медициналық көмек көрсету жолдарын айқындайды. Оқудағы үлгермеушілікке апаратын ауытқушылықтар жеке дара дамуының бір немесе бірнеше аспектіде көрінуі мүмкін: физикалық және психикалық денсаулығы, баланың танымдылық деңгейінің қарқыны, оның эмоционалды- тұлғалық даму ерекшелігі. Сондықтан баланың даму қарқыны мен көмек көрсету бағдарламасын құруда көптеген мамандар қамтылуы керек (дәрігер, психолог, логопед, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері). Мұғалім мен оқушының іс-әрекетіндегі өзара байланысының күрделі үрдісінде қалыптасатын оқуға деген субъект – объективтілік қарым – қатынасқа өтудің маңызы зор. Оқушының ойын ояту, түйінді сұрақ қою, оны таңғажайыптармен таңырқата білу, танымдық қызығуды тұрақтандыратын белсенді өзіндік іс-әрекеттерге қатыстыру шараларын ұйымдастырғанда мұғалім мен мектеп үлгермеуші оқушыны жоя алады. Үлгермеуші оқушының негізгі принциптері: Тиісті пән негізіндегі нақты және арнайы білімде қалыс қалулар, оның негізінде оқушы оқылатын түсініктердің, заңдылықтардың, теорияның негізгі элементтерін сипаттап бере алмайды және практикалық іс- әрекет орындай білмейді. Оқу – танымдық іс-әрекетінде дағдылардың қалыс қалуының салдарынан, берілген уақыт ішінде оқушы білім, білік, дағды көлемін меңгере алмайды, жұмыс қарқыны төмендейді. Даму деңгейі мен тұлғалық қасиеттердің тәрбиеленуінің жеткіліксіздігі негізінде, оқушы сәтті оқуға қажетті өзбетінділік, ұйымдастырушылық, шыдамдылық және басқа қасиеттерді көрсете алмайды. Үлгермейтін оқушыға көрсетілетін көмектің тиімді жүйесі: Оқу іс-әрекетін жоспарлау (қайталауды қалыс қалуды алдын алуға бағытталған жаттығуларды орындау, талдау және қатемен жұмыс жасау негізінде оқу іс-әрекетін жүйелеу); Оқу іс-әрекеті барысында нұсқау келтіру; Оқу іс-әрекетін ынталандыру (мадақтау, жетістік жағдаятын ұйымдастыру, белсенді еңбекке ұмтылдыру т.б.); Оқу іс-әрекетін диагностикалау (оқушыны жиі сұрау, барлық үй тапсырмаларын тексеру, оқу іс-әрекет барысында өзіндік бақылауды белсенді ояту т.б.); Өзара көмекті ұйымдастыру; Оқушымен қосымша сабақты ұйымдастыру; Кешенді психологиялық – медициналық қолдау көрсету Үлгермейтін оқушыны алдын алу шаралары: Әрбір сабақтың тиімділігін жан-жақты арттыру; Оқуға танымдылық қызығушылықты және танымдылық мотивін қалыптастыру; Оқушыға жеке дара көзқарас ұстану; Үй тапсырмаларының арнайы жүйесін құру; Ата-анамен жұмысты күшейту; Оқушының оқу жауапкершілігін арттыруда сыныптағы белсенді оқушылардың жұмысын қатыстыру. Көптеген мектептерде физиологиялық себептердің алдын алуда йодомарин, дибазол, ценаризин дәрі – дәрмектерін таратумен қатар фитотерапиялық көмек көрсетілуде (балаларға дәрумендерге байытылған арнайы шай беріледі). Біздің елімізде мұғалімнің жеке тұлғасына үлкен талаптар қойылады. Мұғалімге өз оқушыларының арасында шынайы беделге ие болуы және оларға үлгі бола білуі қажет. Аталған талаптарды орындай отырып ол оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде оңды нәтижелерге қол жеткізе алады. Н.Добролюбов былай деген: «…нағыз тәрбиеші бәрін білуге тиіс, сонымен бірге ол тәрбиеленушіні ойландыратын барлық сұрақтарды алдын ала шеше білуге, бала жанын мазалайтын барлық ойлар мен пікірлерді, қиындықтарды, тұжырымдарды талдап, талқылай білуі тиіс». Ол үшін мұғалім қазіргі заманғы ғылым негіздері жайлы жан-жақты, терең біліммен қарулануға, оқу пәнінің мазмұнын мүлтіксіз білуге, өз мамандығымен байланысты басқа ғылым салалары жайлы хабардар болуы тиіс. Оқыту тиімділігін арттыру үшін берілген психологтың нұсқаулары: 1. Әр түрлі жағдайларға сәйкес мұғалім өз жеке ережесін қолдануы керек 2. Мұғалім сынып тазалығын бақылауы керек 3. Мұғалім тәртіпті қадағалауы керек 4. Сыныпта мұғалім үнемі қозғалыста болуы керек 5. Мұғалім ашық және эмоционалды түрде жанжал жағдаяттарын сабақта шешпеуі керек (нұсқау: Көзбе-көз сөйлесу). 6. Мұғалім оқушымен жеке жұмыс жүргізген кезде, берген тапсырмасы оқушыны қызықтырды ма, соған көңіл бөлу керек 7. Мұғалім көбіне оқушыларға тапсырма берген кезде, белгілі бір ережелерге сәйкес, оқушыларға үнемі көмек бермеуі керек 8. Оқушының жіберген қателігі үшін қатты сөкпеуі керек 9. Сұраққа жауап беру кезінде оқушыға қателігін өзі дұрыстауы үшін уақыт беруі керек Үлгерімі нашар оқушылардың мықты жақтары да болады: — үйде олар оқшауланбай жұмыс жүргізе береді;
— олардың белсенділігі кеш пайда болады, әрі көпке дейін сақталады;
— олар бірізділік жұмысқа бейімделуі байқалады;
— олар өздері жеке өз жұмысын ұсынуға мүмкіндігі бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері бар.
Мектеп психологтарының бұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді соған қысқаша тоқталсақ, ең алдымен, психологтар мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтар сипаты) Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатындағы мектепте педагогикалық дөңгелек үстелдер, семинар, тренингтер өткізілуі тиіс. Олардың тақырыптары: «Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру», «Үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі ұстаздар қауымының іс-әрекеті», т.с.с. бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып, пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептерінің айқындалуы және жеке оқушыны оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |