Қазіргі заманауи мектеп қандай деген сұрақ мұғалім жас мамандардың ойына келетін



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата10.10.2023
өлшемі0,91 Mb.
#113480
  1   2   3


Қазіргі заманауи мектеп қандай деген сұрақ мұғалім жас мамандардың ойына келетін
алғашқы 
сауалдардың бірі деп есептесек те болады. Өйткені ерте кездегідей мұғалімдер
ешқандайда жоғары 
деңгейдегі жағдайды қажет етпей ақ та оқушыларға өз білгендерін
үйретіп, қандай да болмасын 
жағдайда білім берді. Ал қазір заман талабына сай мұғалімдер
өзінің білім беретін ордасын заманауи 
болғанына өте қатты мəн береді. Себебі, қазіргі
барлық мүмкіндік бар уақытта ескі түсінікпен, 
бірсарынды білім беру жүйесімен сабақ
бергісі келмейді. Оқушыларда дəл осындай деп есептеуге 
болады. Оқушыларды бұрыңғы
əдіс-тəсілдер арқылы таң қалдыру мүмкін емес. Заманауи мектеп ол- 
оқушылары жоғары
деңгейде оқитые, ешкіпнің қаңқу əңгімелері қызықтырмай өз арманына жету 
жолында
еңбектенетін, тəртіп дегеннің не екенін білетін саналы ұрпақтардан қүралған мектеп деп
есептеуге болады. Заманауи мектепті құраушы тек оқушы ғана емес, мұғалімдер де бар.
Мұғалім – оқушымен тікелей байланыста болатын тұлға десек болады. Мұғалім
қаншалықты ақылды, 
идеяға толы ерекше дүниелер арқылы оқушыны сабаққа ынталандыра
білген адам. Заманауи мектеп 
оқушылардың жалпы білім мен дағдыларды игеретін орынға
айнала білген мекеме. Қоғамның 
толыққанды мүшесі болу жəне тез өзгеретін əлемде
жетістікке жету үшін бүгінде санау, оқу жəне жазу 
дағдыларын меңгеру жеткіліксіз. Білімді
жалғастыру үшін жас адамға қоғамда ең сұранысқа ие салалар 
бойынша кең базалық
білімдерді алу қажет. Мектеп өзінің қазіргі мағынасында білімді пассивті 
қабылдауға
арналған орын емес. Ол балаға белсенді дербес əрекеттер дағдыларын беруі керек.
Балалардың бастамашылығын жан-жақты дамытатындай етіп құрылған сыныптар шешім
қабылдай 
алатын жəне олар үшін жауап беретін тəуелсіз тұлға қалыптастырады. Мұндай
дағдыларды дамытпай, 
қоғам тек мемлекет пен басқа адамдардың көмегіне сүйенетін сұр
ойлы орындаушыларды алады. 
Заманауи мектепте оқу пайдалы ғана емес, сонымен қатар
қызықты болуы керек. Сондықтан оқу 
бағдарламалары сыныптан тыс жұмыстармен
толықтырылуы өте маңызды. Əңгіме пəндік үйірмелер, 
спорт секциялары, мектеп
оқушыларының шығармашылық бірлестіктері туралы. Мұндай формалар 
балалардың негізгі
оқу пəндеріне деген қызығушылығын дамытуға жəне шоғырландыруға мүмкіндік 
береді,
кəсіби таңдау жасауға, олардың ой-өрісін кеңейтуге жəне əртараптандырылған жеке
тұлғаны 
қалыптастыруға көмектеседі.
Жалпы қорытындылай келе,
заманауи мектеп тек ғана білім беріп ғана қоймай, оқушыны
болашаққа тəрбиелеп дамытатын қоғамдық орын десек те болады. Заманауи мектеп теле-
жəне АRT-
студиясымен, тігін шеберханасымен, STEM-зертханасы жəне заманға сай оқу
кабинеттерімен 
жасақталған. Білім ордасында робототехника, психолог, дефектолог,
мектепалды даярлық кабинеттері 
бар мекеме. Елбасы Н.Ə. Назарбаев білім мен ғылым
қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта 
еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп
оқушылары. Мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан 
сол деңгейде болады. Сондықтан
мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр» деп топшылаған болатын. 
Еліміз ғылым мен
білімнің негізін тереңдету нəтижесінде ғана елдігін басқа елдер алдында көрсете 
алады.
Өйткені білімді де тəрбиелі ұрпағы бар ел ешқашан төмен сатыда тұрады деп ешкім кесіп
айта 
алмайды. Қазір білім мен ғылымның заманы. Олай айтар себебіміз, өткен
ғасырдағыдай кез келген 
затты күшке салып шешу мүмкін емес. Барлығын білімге, миға
сеніп ақылмен шешетін заман. 
Қазақстан мектептерінің биік шыңға көтеріліп, заманауи
мектептерге айналуы – білім алушыларды 
жарқын болашаққа жетелеу деген ұғымды ашады.
Заман талабына сай жабдықталған мектеп, кəсіби шебер, шығармашыл, құзыретті, жаңашыл
ұстаз – 
осы екеуі білім сапасының кепілі ретінде қарастырылады. Оқытудың инновациялық-
технологиялық 
əдісін енгізу – қазіргі мектептерде бұл саладағы жағдайлар оңтайланып,
орнығып жатыр. 
Инновациялық педагогикалық идеялар мен технологиялардың əдістемелік
қамтамасыз етілуі, 
мұғалімдердің кəсіби өсуіне мүмкіндік береді.


*


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет