«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет22/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1

 



 Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Нұрлы 

жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы. 11 қараша 2014жыл. 

2

 

 Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 7 маусым. 



3

 

 Морозов  А.В.  Формирование  креативности  педагога  в  условиях  непрерывного 



образования. Монография / А.В. Морозов. – М.: Академический Проект, 2002. - 409 с. 

4

 



 Осухова  Н.Г.  Становление  творческой  индивидуальности  педагога  /  Н.Г.  Осухова.  // 

Педагогика. 1992. - 56 с. 

5

 

 Мұқаметқали М.М.  Мұғалімдерді  кәсіби  – педагогикалық инновациялық іс  - әрекетке 



даярлау жолдары / М.М. Мұқаметқали. Өскемен: ШҚМУ, 2004. - 198б. 

6

 



 Лушников  В.Д.  Традиционное  и  новаторское  в  современном  образований  /  В.Д. 

Лушников. // Педагогика. 2000. - 225 с. 

 

 


161 

 

161 



 

БІЛІМ – АСЫЛ ҚАЗЫНА 

 

Шуйинишова Нұрсұлу Темірханқызы 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру  

колледжінің 4-курс студенті 

Жетекші: Тюлемисова Л.С. 

 

Білімдіге дүние жарық,  



Білімсіздің күні ғаріп.  

(Халық даналығы) 

Қазақ халқы Жұбан Молдағалиев атамыз айтқандай, «Мың өліп, мың тірілген» халық. 

Өткен  тарихқа  үңілсек,  ұлтымыздың  жігерлігіне,  қайраттылығына,  төзімділігіне  қайран 

қалмасқа шараң жоқ. Қаншама тарихи ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Жайбарақат өмірдің 

қамымен күн кешкен қазақ халқын тұс-тұстан тартқылаған азулылар аз болмады.  

Бүкіл әлем әміршісі атануға ұмтылған Шыңғыс хан тұсындағы ат сауырынан қан кешкен 

алапат  шайқастар,  жоңғар  шапқыншылығы  кезіндегі  соғыстар,  қала  берді  қандыбалақ 

Рессейге бодан болған еліміздің қанаты қырқылып, қатары селдіреумен болды. Осынау қиын 

кезеңде қара халыққа жол бастаған көсемдер мен сөз бастаған шешендер, «малым-жанымның 

садағасы, жаным – арымның садақасы»,- деп қол бастаған батырлар және біртуар дарынды 

тұлғаларымыз - халық тірегі бола білді. 

Өміршең халқымыз жартысынан астамын ажал құшағына беріп, бұл зұлматты да соңына 

тастап, тарих көшімен ілгері жылжыды. Сан алапат тасыр - дауыл басылған соң қазақ елі ұлы 

даналарымыздың салған ізімен қадам басып, білімге бет бұра бастады.  

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа 

Жол сілтедім жақын емес алысқа  

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда

Елім,  сен  де  қатарыңнан  қалыспа,  -  деп  Ахыметтің  жыр  жолдары  жол  көрсетіп,  бірде 

«Маса»  болып  ызыңдап,  Міржақыптың  «Оян  қазағы»  жаңғырып,  қара  қазанның  қамымен 

жүрген халықты оятпай қоймады.  

Білім нәрімен біртіндеп сусындаған халық өміріндегі игі істер, адам бойындағы жақсы 

қасиеттердің  бәрі  –  ақыл-ой,  сана  –  сезім,  өнер  –  білім  баршасы  оқумен,  біліммен 

келетіндігіне көз жеткізді. 

Арыстандай айбатты,  

Жолбарыстай қайратты, 

 Қырандай күшті қанатты-  

Мен жастарға сенемін! – деп Мағжан ақын айтпақшы, осындай жігерлі 

жастардың арқасында қазақ елі құрып кетуден аман қалып, шыққын тегімізді, дінімізді, 

тілімізді сақтай отырып киелі ұғым- Тәуелсіздікке де қол жеткіздік. 

Тәуелсіздік  –  тәу  етер  жалғыз  кие.  Дүниеде  тәуелсіздікті,  бостандықты,  теңдікті 

аңсамайтын адам да, халық та жоқта шығар, сірә. Сол жылдағы тынымсыз күрес те тоқтап 

көрген  емес.  Басты  мұрат  –  қолымызға  қиындықпен  түскен  тәуелсіздік  туына  мейлінше 

бекем болу еді. Ол үшін әлемдік тәжірибеде үстем түсіп жатқан ұтымды жолдарды, білімнің 

жаңа деңгейін игеру қажет еді. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтің  жүйелі  саясатының  арқасында 

Қазақстанның әлемдегі елу елдің қатарына енуді берік мақсат тұтуы – білім беру жүйесінің 

жан-жақты  ізденістері  мен  көптеген  мәселелердің  түбегейлі  өзгеруіне  жол  ашты  «Ел 

болашағы  білімді  жастардың  қолында»  қағидасын  ұстана  отырып,  жас  ұрпақтың  білім 

алуына барынша жағдай жасап, сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында мектептерді 

жаңа  технологиялық  ақпарат  жаңалықтарымен  жабдықтады.  Жас  ұрпақтың  білімге  деген 

қызығушылығын  арттыру  мақсатында  тегін  оқу  гранттарына  түсуге  қаражат  бөлініп,  іске 

асырылды. Елбасымыздың 2007 жылдағы «Жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Біз 

білім беру қызметі сапасын еліміз бойынша әлемдік стандарт деңгейіне жеткізуіміз керек. 


162 

 

162 



 

Білім беру реформасының басты да нәтижелі көрсеткіші елімізде тиісті білім алып, кәсіпке 

бейімделген  әрбір  азаматтың  әлемнің  кез-келген  елінде  қажетті  маман  ретінде  танулы 

болмақ»,- деген сындарлы ой-пікірі білім саласының негізі болды. Осы орайда әр облыста 

дарынды балаларды дамытуға арналған орталықтар және зияткерлік мектептер ашылып, жас 

ұрпақтың әлемдік деңгейге еркін енуіне жол ашты. 

Тәуелсіз  еліміздің  ертеңі  жастардың  білімінің  тереңдігімен  өлшенеді.  Білімді,  жан-

жақты,  қабілетті  ұрпақ  ұлтымыздың  баға  жетпес  қазынасы.  Бүгінгі  таңда  педагогика 

ғылымының  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  оқушыны  жан-жақты  дамытуда,  білім  беруде, 

ғылымның  соңғы  жетістіктерін  қолданып,  шығармашылық  жұмыспен  шұғылданатын 

қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай, ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген, 

ұлттық мәдени құндылықтарды жете түсінетін ұрпақ дайындау. 

Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени 

құндылықтар  –  белгілі  бір  ұлтқа,  ұлт  азаматына  тән  зат,  адами  қадір-қасиет,  яғни  халық 

ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. 

Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, 

ал  адамдардың  қолымен  жасалған  тұтыну  заттары  мен  кәсіби  материалды  құндылықтарға 

жатады.  Таратып  айтсақ,  ұлттық  рухани  құндылықтар  дегеніміз  –  халықтың  ұлттық  тілі, 

ұлттық  мінез-құлқы,  ерекше  адамгершілік  қасиеттері,  ауызша-жазбаша  ұлағатты  тәлім-

тәрбиелік  мәні  бар  даналық  өсиеттері,  мақал-мәтелдері,  әдеби  және  музыкалық 

шығармалары, салт-дәстүрлері, ділі мен діні, ойындары мерекелері және т.б.  

Дүниедегі  дүйім  жұртты  әлі  күнге  дейін  тамсандырумен  келе  жатқан  «Тоныкөк», 

«Күлтегін»    іспетті  тасқа  қашалып  жазылған  жырлар,  Қорқыт  ата,  Әбу  Насыр  әл-Фараби, 

Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласұғын сынды бабаларымыз түбі бір түркі 

жұртының бәріне ортақ десек те,  «Қара шаңырақ иесі  болып қалған»  (М.Жұмабаев) қазақ 

халқына  етене  жақын,  олардың  жалғасы  болып  Шоқан  мен  Абай,  Шәкәрім  мен  Мағжан, 

С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Әуезов пен Қ.Сәтпаев және т.б. 

тасқа  басқан  таңба  болып  ғасырлар  қойнауынан  бүгінге  жеткен  сөз  жетпес  асыл 

құндылықтар,  тебіреніс  толғаулар,  тағылым,  тәрбие  беретін  теңдесі  жоқ  терең  ойлар. 

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты 

алуан  түрлі.  Ол  ұрпақтан  –  ұрпаққа  ауызша,  жазбаша  түрде  немесе  көркем  әдебиет 

арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы 

мен тағылымының алтын сандығы.  

 «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап 

оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап 

талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір 

адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 

Міне  осы  асыл  қазынаны  оқу  қазіргі  таңда  төмендеп  отыр.  «Кітап  маған  тақтан  да 

қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. 

Оқушының  өзін-өзі  тануға  ұмтылғаны,  ізденуі  өз  бетінше  терең  білім  алуда,  ақыл-ой 

қабілеттерін  дамытуда  шығармашылыққа  жетелейді.  Оқушылардың  өздігінен  аткаратын 

жұмыстары білімді терең меңгеруде дербестік қасиетін мейлінше арттырады. Олардың алған 

білімінің кеңейгені саналылығы мен беріктігін камтамасыз етеді. Оқушыларда оқуға кажетті 

біліктер  мен  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  оқуға  ынтасын  арттырып,  сыныптан  және 

мектептен тыс дербес білім алуға алып келеді. Өз бетінше ойлауды дамытуға бағытталған 

жұмыстар  белгілі  бір  дәрежеде  оқу  материалдарын  меңгеруі,  оқу  барысындағы  «осал 

жерлер»  жөнінде  оқушыдан  кері  ақпараттарды  жедел  алу  сияқты  өзекті  дидактикалық 

мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  жасайды.  Оқушының  тұлғалық  қасиеттерін  өз  мәнінде 

дамыту  үшін  маңызды  шарт  болып  табылатын  қарым  –  қатынастың  жетіспеушілігін 

азайтады.  Өз  бетінше  ойлауды  дамыту  іс-әрекеттері  оқытудың  тиімділігін  арттырады, 

тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға 

және  ұжымдық  қарым-  қатынастың  қалыптасуына  көмектеседі.  Оқушыларда  ұжымдық 

жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда 


163 

 

163 



 

ұжыммен  орындалатын  жұмыстарды  жүргізу  оңды  қатынастар  бойынша  тәжірибе 

жинақтауға  мүмкіндік  жасап,  қоғамдық  бағыттылық  пен  өз  бетінше  даралауды 

қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. 

Мектеп  –  еліміздің  халыққа  білім  беру  жүйесінің  –  күрделі  тармағы.  Сондықтан 

мектептеріміздің  мақсаты:  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамытудың  алғы  шарты  ретінде 

оқушыларды  сараптап  оқыту  арқылы  өз  бетінше  қабілетін  дамыту.  Еліміздің  жарқын 

болашағы,  өзіміз  қызмет  істеп  жүрген  мектеп  болашағы  біздің  ұстаздардың  ізденісіне, 

балаларға  деген  сүйіспеншілігіне,  кәсіптік  деңгейіне  байланысты  екенін  жақсы  түсінеміз. 

Шындығында  мұғалімнің  алдында  оқушыларға  білім  мен  тәрбие  беруде  үлкен 

жауапкершілік  тұр.  Әрбір  оқушыны  оқытып,  тәрбиелеуге  байланысты  мәселелерді  өз 

бетінше  ынтамен  шешуге  қабілетті  жаңашыл  мұғалім  керек.  Оқушының  білім  сапасын 

көтеру  - негізгі  мақсат. Өз бетінше жұмыс істейтін оқушылар қоршаған ортаны сезе білу, 

құбылыс себептерін іздене білуі, ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыруы, 

алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылуы, өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді 

меңгеруі, басқаоқушылармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды 

пайдалана білуі (интернет, электронды пошта), қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді 

анықтай білуі қажет    

 «Әрбір  ұстаз  –  білікті  маман,  әрбір  оқушы  -  ойшыл  тұлға»  деген  қағидаларды  ұстана 

отырып,  білім  беру  үрдісінде  кез  –келген  ұстаз  білім  сапасын  жақсарту  мақсатында 

оқытудың озық технологияларын пайдаланады. 

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы 

дүниеге,  адамның  денсаулығына,  кәсіби  мәдениетіне  мұқият  қарайтын  дәуір  екендігі 

баршаға аян.  

Мемлекетіміз Н.Ә.Назарбаевтің көрегенді, сындарлы саясатының арқасында қарыштап 

жетістікке жетуде. Білім саласында ғана емес денсаулық сақтау, спорт, кәсіпкерлік, құрылыс 

саласында да жемісті жетістіктер толып жатыр. 

Бүгінгі  әлем  қызыға  да  қызғана  қарайтын  Елорда  әсемдігі,  көкпен  тірескен  Бәйтерек 

көркемдігі осы жетістіктердің дәлелі. 

Бүгінге  дейін  жеткен  жетістіктердің  баршасы  –  бірлік  пен  татулықтың,  білім  мен 

талпыныстың нәтижесі деп білемін. 

Арайлап  атқан  әрбір  таңымыз  жаңалыққа  толы,  тыныштық  пен  бейбітшілік  бесігінде 

тербелудеміз. 

Бүгінде еліміз кез – келген алпауыт елдермен иық тірестіре алуы – қуанышты жетістіктер 

екені баршаға аян. 

Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған 

реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. 

Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына 

тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге 

қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына 

жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет 

тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат.



 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции 

творчества и одаренности. -М.: 1997.  

2.

 

Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар// Қазақ әдебиеті. - 2009. - 30 



қаңтар. - 1-3б. 

3.

 



Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті 

проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б.  

4.

 



ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 ж.  

5.

 



Назарбаев Н. Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек. // Егемен Қазақстан. 31 

мамыр. 2000 ж. 



164 

 

164 



 

6.

 



 Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. 

Ғылым. 1988

 

 



БІЛІМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ 

 

Маратова Айгүл Болатқызы 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру 

 Колледжінің 4-курс студенті 

Жетекші: Тюлемисова Л.С. 

 

   Қазақстан  Республикасында  білім  беру  саясаты  Қазақстандағы  білім  беру  әлемдік 



кеңестігімен үйлесімді дамуды көздейді. Яғни мемлекетіміздің білім беру дәрежесін, білім 

сапасын  бүкіл  әлемдік  стандартқа  сай  болуын  мақсат  етеді.  Халықаралық  білім  беру 

жүйесіне  ену  мәселесі  жылжымалы  білім  беруді  күшейте  отырып,  тәуелді  білім 

парадигмасына  ауысуда  жаңа  педагогикалық  технологиялармен,  инновациялық  оқытумен 

байытылу арқылы іліктестірілген құрылымда жүзеге асады. 

   Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті  – ұлттық және жалпы адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 

негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 

қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу;  білім  беруді 

ақпараттандыру; халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру 

жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру 

мекемедегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен 

қайта құру, өзгерістерге батыл  жол ашардық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту 

қажеттілігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ 

үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың 

пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім 

беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің 

жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп 

отырған  жаңаша  талап,  міндеттер  жоғары  оқу  орны  оқытушыларына  да  қойылуда. 

Сондықтан оқытушы іс-әркетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті 

мәселесі. 

   Білім  -  қоғамды  әлеуметтік,  мәдени-ғылыми  прогреспен  қамтамасыз  ететін  ғажайып 

құбылыс,  адам  үшін  де,  қоғам  үшін  де  ең  жоғары  құндылық.  Оның  ең  негізгі  қызметі  - 

адамның  менталитетін,  адамгершілігін,  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыру,  дамыту. 

Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің 

білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. 

Білім  беру  сатыларының  сабақтастығын  камтамасыз  ететін  білім  беру  процесінің 

үздіксіздігі,  оқу  мен  тәрбиенің  бірлігі,  білім  беруді  басқарудың  демократиялық  сипаты, 

білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік 

бағдарлау,  білім  беруді  саралау,  ізгілендіру,  гуманитарландыру  және  т.б.  –  білім  беру 

саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  принциптері.  Сонымен  қатар  Қазақстан 

Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды 

демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең 

өріс алуы да атап көрсетілген. 

   Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. 

Ұлттық  білім  үлгісінің  негізгі  бағыты  —  адамды  қоғамның  ең  негізгі  құндылығы  ретінде 

тану,  оның  қоғамдағы  орны  мен  рөліне,  әлеуметтік  жағдайына,  психикалық  даму 

ерекшелігіне  мән  беру,  сол  арқылы  оның  рухани  жан-дүниесінің  баюына,  саяси 

көзқарасының,  шығармашылық  еркіндігі  мен  белсенділігінің,  кәсіби  іскерлігінің 

қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану 



165 

 

165 



 

мен  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  ой-өрісі  кең,  жан-дүниесі  бай,  ұлттық  менталитеті 

жоғары,  кәсіби  білікті  маман,  адамдармен  дұрыс  қарым-қатынас  жасай  алатын,  басқаның 

пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік 

сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал 

мұндай  мүмкіндіктің  негізі  -  жоғары  білімде.  Өйткені  жоғары  білім  –  үздіксіз  білім  беру 

жүйесінің  шешуші  тетігі.  Сондықтан  білімгерді  тек  маман  ретінде  ғана  қарамай,  оны  өз 

қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау 

қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, 

тиянақты  да  жүйелі  білім  беру.  Іргелі  білім  берудің  міндеті  –  адамды  ғылыми  ойлауға, 

болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім 

алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу. 

   Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәсілі  – 

білім мен тәрбие беру. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы 

жоқ.  Осы  орайда  білім  ордасы  –  мектеп,  колледж,  жоғары  оқу  орындары,  ал  білім 

ордаларының жаны – ұстаздардың басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін 

қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтар  ұштастыра білетін 

тұрға тәрбиелеу. 

   Егеменді  еліміздің  ең  басты  мақсаты  өркениетті  елдер  қатарына  көтерілу  болса,  ал 

өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі 

білім  берудің  басты  мақсаты  да  сол  жан-жақты  дамыған,  рухани  бай  жеке  тұлға 

қалыптастыру болып табылады. 

   Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы, 

өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, 

Абайша  сөйлегенде  сөзі  жүрекке  жылы  тиетін,  сөз  құдіретін  игерген,  ұлттық  мәдени 

құндылықтарды бойына сіңірген адамда ғана тұлғалық қасиет болады. 



 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Базарбаев М. Қазақ поэзиясы және көркемдік ізденіс, - Алматы: жазушы,.  1995. 

2.

 



 «Білім туралы» заң., 2007. 

3.

 



Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты. 

Астана,2008. 

  

  

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ 



 

Жолдасова Назира Ерниязқызы 

№8 НОМ 

 

 



Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі  жасалып, Қазақстандық 

білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы 

мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр:  білім  беру 

парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас,  жаңаша  қарым-

қатынас пайда болды.

 

Білім беру жүйесі



 

- сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен 

әр  түрлі  деңгей  мен  бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды 

әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде 

іске  асырушы  тармақтардың,  сонымен  бірге  білім  беруді  басқару  органдары  жүйесінің 

жиыны.  Бiлiм  беру  жүйесi  қоғамның  әлеуметтiк  –  экономикалық  дамуында  жетекшi  роль 

атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi.                                                                                                                                   

Білім берудегі өзгерістер мемлекеттің дамуындағы қажеттіліктерге сәйкес туындауы да 

орынды.                                                                                                                 

Білім  беру  жүйесіндегі  инновация,  яғни  жаңарту:  мақсат,  мазмұн,  әдіс  және 

технологиялар,  басқарудың  түріне  және  оның  жүйесіне;  педагог  қызметіне  және  оқыту-


166 

 

166 



 

таным үрдісіне; білім деңгейін бағалау және бақылауға; оқыту-әдістемелік қамтамасыз етуге; 

оқу  жоспары  мен  бағдарламасына  енгізілетін  өзгерістермен  тікелей  байланысты.  Орыс 

педагогі  К.Д.Ушинский  айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай,  әр  мұғалім,  өз  білімін 

жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 

технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 

қонымды, тиімдіболары сөзсіз.                                                                                                                  

Қазіргі таңда заман талабына сай тұлғаның дамуына бағытталған білім орын алып отыр. 

Оның негізі — заманауи білімнің даму тенденциялары: білім алудың әр деңгейі үздіксіз оқу 

жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналуы; дәстүрлі бағыттағы білімді өзгертіп оқушылардың 

зияткерлік  қызметін  кеңейтетін  ақпараттық  технологиялардың  кеңінен  енгізілуі;  білімді 

ұйымдастырудың өздік және өз білімін толықтыруды дамытуға көшуі; оқушы мен мұғалім 

арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі.                                                                                                              

Бұл  тенденциялар дамыған елдердің заманауи білім беру күйін сипаттайды, сонымен 

қатар үшінші мыңжылдықтағы білім беру саласындағы өзгертулердің принциптерінің шарты 

болып  табылады.  Тек    жүйелі    білім  үрдісі  ғана  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  дамуына 

жағдай жасайды.                                                                                   

Казіргі танда білім алу мен зерделеу тәсілдері, оқыту мен оқушылардың қабілеттерін 

дамыту формалары, әдістері мен технологиялары оқу үдерісіне баяу енуде,ал қоршаған әлем 

өте жылдам қарқынмен өзгеруде, ал казіргі үшінші мыңжылдық қоғамына өзінің іс-әрекетіне 

өзі басшылық жасап, шұғыл, әрі дұрыс, нәтижелі шешім қабылдай алатын тұлға қажеттігі 

туындауда. Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, түсіністік, 

сыйластыққа  негізделу  оқушының  ізденушілігін  дамыту  —  қазіргі  оқыту  жүйесінің  бағыт 

алатын  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 

тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдайларда нақты шешімдер қабылдай 

білуге,  өзіндік  көзқарасы  мен  пікірін  жеткізе  білуге  үйретуді  мақсат  етеді.  Осы 

педагогикалық ұстанымдар мен көзқарастар – білім беру жүйесін жаңартудың негізгі көзі.                                                                                                      

Білім беруді жаңартуда  оқыту технологиясы, саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық 

технологиясы,  дамыта  оқыту,  сатылай  кешенді  талдау  төл  технологиясы,  сыни  тұрғыда 

ойлауға  үйрету  стратегиялары,  ұжымдық  оқыту  әдістері  және  т.б.  өз  нәтижелерін  беруде. 

Оқыту  технологияларының ең басты  ерекшеліктері — өзіндік ой-пікірі бар жеке тұлғаны 

қалыптастыруға  бағытталуында  және  жаңа  материалдарды  оқушының  өз  бетімен  іздену 

арқылы  меңгеруі.  Оқытудың    жаңа  технологиялары    тұлғаның  ойлау  жүйесін 

қалыптастырады,  сонымен  қатар  әртүрлі  жағдайларда  нақты  шешімдер  қабылдай  білуге, 

өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретеді.

 

                                                                                                                                                                   



Бұрынғы білім беру жүйесі оқушының оқулықтағы білімді меңгеруіне ғана ден қойды, 

ол білімді оқушы тәжірибе жүзінде қолдана алмады.

 

Сондықтан мектептегі информатиканы 



оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін 

меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін - өзі көрсету, дамыту құралы 

ретінде компьютелік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. 

Осы мақсатты  жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды айдалану 

тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің инфомациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге 

көтеріле алады.                                                                                 

Оқушылардың  білімі  тереңдеп,  өрістері  кеңейген  сайын  олар  одан  кейінгі  оқуын 

жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады.                                       

Қазіргі өзгермелі заман талабына сай оқушы алған  білімін түрлендіріп  қажеттілігіне 

қарай тәжірибеде қолдана алуының қажеттілігі ерекше болып отыр.          

Сондықтан бүгінгі 

күні  еліміздің  білім  жүйесінде  оқыту  үдерісін  тың  идеяларға  негізделген  жаңа  мазмұнын 

қамтамасыз ету міндеті тұр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет