СӨЖ Қазіргі заманғы мектептердегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі болып табылады,ол жеке қосымша тапсырма немесе ретінде қаралмайды. Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасының оқыту мақсатының бәрін қамтуы керек. Оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін. Бағалау үдерісі қолайлы және басқарылатын болуы үшін әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың мақсатын іріктеп алу керек. Осы оқу мақсаты мұғаліммен оқушыға дағдының және түсініктің прогресін пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау- бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау болып табылады, ол критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және кері байланысты меңзейді. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты- оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған. Қалыптастырушы бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады (ауызша сұрақ, жазба, практикалық жұмыстар т.б.) Мұғалім үшін оқытудың келесі деңгейін жоспарлау үшін тексеру жұмыстарының нәтижесін қолданады; оқушыға білімін арттыру үшін пайдалы кеңестер береді; жұмыс нәтижесі бойынша әр оқушыға жеке- жеке мақсаттар қояды. Оқушы үшін өз қатесі негізінде үйренуге көмектеседі; маңыздыны түсінуге көмектеседі; қолынан не келетінін түсінеді; білмейтін тұстарын анықтайды; нені істей алмайтынын түсінеді. Қалыптастырушы бағалаудың осы стратегиялары мұғалімдерге де, оқушыларға да міндеттер мен әдістерге қатысты қабылданатын шешімдерді реттеуге болатын құрылым ұсынады. Әдістер өзгеріп отырады және стратгияларды орындауда қолдануға болатын көптеген тәсілдер баршылық, бірақ қағидаттар тұрақты әрі негізді болуы қажет. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде қолданатын әдістер алуан түрлі болып келеді, бірақ тиімді тәжірибе үшін соңғы критерийлер жүйесін құрастыратын стратегиялар мен қағидаттар үнемі бір. Қалыптастырушы бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогрессін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау әдістерін бірнеше түрге жіктеуге болады. Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.