5.5.1. Сараптама, қадағалау және қауіпсіз пайдалану 5.5.1.1. Жобалау алдындағы, жобалық құжаттаманың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келу мәніне сараптамасы 5.5.1.1.1. Өндірістік мақсаттағы объектілерді салу мен қайта жаңартуға арналған жобалау құжаттамасындағы ЕҚжЕҚ талаптарының сақталуына сараптама ҚМГ компаниялары тобының өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді көздейтін заңнамалық талаптарды мүлтіксіз сақтауға бағытталған.
5.5.1.1.2. Жобалық құжаттамадағы ЕҚжЕҚ бойынша талаптардың орындалуын бақылау көлемі мен тәртібі қолданыстағы нормативтік құжаттарға, ЕҚжЕҚ, өнеркәсіптік қауіпсіздікті, санитарлық-гигиеналық жағдайларды реттейтін талаптарға, ҚМГ қабылдаған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес белгіленеді.
5.5.1.1.3. Қажет болған жағдайларда, арнайы (даулы) мәселелерді қарау үшін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және басқа да мамандандырылған ұйымдардың өкілдерін консультанттар ретінде тартуға болады.
5.5.1.1.4. ҚМГ компанияларының немесе құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жобаларда ЕҚжЕҚ талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі комиссиялардың сараптамалық қорытындыларын қарайды, оларды ескертулерсіз бекітеді немесе жобалаушылар ЕҚжЕҚ, өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары мен нормаларынан, санитариялық-гигиеналық шарттардан, ҚМГ қабылдаған халықаралық нормалар мен стандарттардан анықталған ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды орындағаннан кейін ғана өнеркәсіптік объектілердің жобаларын бекітеді.
5.5.1.1.5. Ғылыми-зерттеу, жобалау және конструкторлық ұйымдардың басшылары уәкілетті органдардың өнеркәсіптік объектілердің жобаларында, жаңадан құрылатын жабдықтарда, технологиялық процестерде ЕҚжЕҚ талаптарының орындалуын көздейтін ұсыныстары мен ұсынымдарын, сондай-ақ ҚМГ немесе ҚМГ халықаралық ұйымдардың немесе осы келісімдердің мүшесі болып табылатын халықаралық стандарттар мен келісімдердің талаптарын қарауға, орындау үшін қабылдауға міндетті.
5.5.1.1.6. ҚМГ компаниялар тобының өндірістік және санитариялық-тұрмыстық объектілерін салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға арналған жобалық құжаттамадағы ЕҚжЕҚ жөніндегі талаптардың мазмұнын қолданыстағы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып тексереді.