Байланысты: Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
5.6.1.4. Бақылаудың үшінші деңгейі 5.6.1.4.1. Құрылымдық бөлімшенің (өндірістік басқарма) ТЖК (немесе Комитет шеңберінде), кем дегенде, тоқсанына бір рет өндірістік бірліктердегі, учаскелер мен объектілердегі ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ Құрылымдық бөлімшенің өндірістік бірлігі басшыларының және объектідегі жұмыстардың тікелей басшыларының жұмысын бақылаудың бірінші және екінші деңгейлерін жүргізу бойынша тексереді.
5.6.1.4.2. Құрылымдық бөлімшенің басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлері өздерінің негізгі функциялары бойынша өндірістік бірліктер мен объектілерге барған кезде объектілердегі ЕҚжЕҚ-ның жай-күйін тексеруге, анықталған тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды), ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктерді жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға және бөлімше басшыларына олардың жұмысында практикалық көмек көрсетуге міндетті.
5.6.1.4.3. Егер анықталған тәуекелдер / қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер апатқа немесе қызметкерлердің жарақаттануына әкеп соғуы мүмкін болса, онда осы бұзушылықтар мен кемшіліктер жойылғанға дейін жұмыстар дереу уақытша тоқтатылуы тиіс.
5.6.1.4.4. Тексеру кезінде анықталған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, ықтимал қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер жойылуы тиіс.
Тексеру нәтижелері ТКЖ кеңейтілген отырысында талқыланады және актімен ресімделеді, онда анықталған тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, әлеуетті-қауіпті оқиғалар мен сәйкессіздіктер фактілері көрсетіледі, ЕҚжЕҚ жай-күйіне, МЖ нәтижелілігіне және жұмыс істеуіне баға беріледі.
Акт негізінде осы Стандартқа нысан (KMG-F-3673.1-13/ ST-3669.1-13) бойынша түзету/алдын алу іс-қимылдарының жоспары әзірленуі тиіс.
Егер анықталған сәйкессіздіктердің себептерін Құрылымдық бөлімшенің күшімен жою мүмкін болмаса, осы тексерулердің жазбаша түрдегі нәтижелері ҚМГ компаниялар тобының ұйымына олардың тиісті шешімдер қабылдауы үшін жіберіледі.
5.6.1.4.5. Бақылаудың үшінші деңгейін дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру және анықталған сәйкессіздіктер мен кемшіліктерді уақытылы жою, белгіленген іс-шараларды орындау үшін жауапкершілік Құрылымдық бөлімшенің басшыларына жүктеледі.
5.6.1.4.6. Құрылымында құрылымдық бөлімшелері (МГӨБ сияқты) жоқ және өндірістік бірліктер (цехтар) тікелей ҚМГ компаниялар тобының ұйымдарына бағынатын ҚМГ компаниялар тобының ұйымдарында (мысалы, мұнай өңдеу зауыттары) жедел бақылаудың үшінші деңгейі жүргізілмейді. Бұл жағдайда жедел бақылаудың үшінші деңгейінің функциялары ТЖК-ға немесе ҚМГ компаниялар тобы ұйымының Комитетіне жүктеледі