Байланысты: Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК
-
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия;
ТЖЕК
-
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы білім тексеру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясы;
өндірістік бірлік
-
ҚМГ компаниялар тобы ұйымының өндірістік процесте оқшаулы, нақты белгіленген функциялары бар құрылымдық бөлімшесінің буыны, атап айтқанда:
1) цехтер, учаскелер, қондырғылар, оның ішінде топтық;
2) арнайы техника мен технологиялық көлік колонналары;
3) жөндеу-пайдаланушылық және басқа да қосалқы және қызмет көрсететін буындар;
өндірістік санитария
-
зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
өндірістік жарақат (жарақаттылық)
-
қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы;