«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру



бет61/74
Дата24.02.2022
өлшемі497,49 Kb.
#26334
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.6.2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру

5.6.2.1. Бірінші басшының немесе бірінші басшының ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен ҚМГ компаниялар тобының барлық ұйымдарында және Құрылымдық бөлімшелерінде ЕҚжЕҚ жай-күйін бақылауды жүзеге асыру және басқа да ЕҚжЕҚ мәселелерін қарау үшін, ЕҚжЕҚ жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар (ТЖК) құрылады.

5.6.2.2. ТЖК құрамында топтар (кіші комиссиялар) құрылатын құрылымдық бөлімшелердің тізбесін бірінші басшының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің басшысымен бірлесіп белгілейді.

ТКЖ мен оның топтарының (кіші комиссиясының) құрамына бірінші басшы және/немесе оның орынбасарлары, бас мамандар, басқару аппараты қызметтерінің басшылары, олардың орынбасарлары мен осы қызметтердің жетекші мамандары, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің қызметкерлері, қызметкерлерінің өкілі (қажет болған жағдайда) қосылады.

5.6.2.3. Объективтілік пен алалықсыздықты қамтамасыз ету мақсатында, тексеру (аудит) бағдарламасы ТКЖ мүшелері өз жұмысын тексермейтіндей етіп жасалуы тиіс. Тексеріс сайын ТЖК құрамы дәлелді себепсіз өзгермеуі тиіс.

5.6.2.4. ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе Құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітетін жылдық жоспарлар (бағдарламалар) бойынша жұмысын жүргізеді.

Жоспарда (бағдарламада) оларға сәйкес келу мәніне тексеру жоспарланатын тексеру мерзімдері, құрылымдық бөлімшелер, критерийлері (заңнамалық талаптар, ішкі талаптар, стандарттар) көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет