Байланысты: Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
еңбек қауіпсіздігі
-
еңбек қызметінің барысында қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
қауіпсіз еңбек жағдайлары
-
жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
зиянды еңбек жағдайлары
-
зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
зиянды өндірістік фактор
-
қызметкерге әсер етуі ауыруына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп соғуы мүмкін өндірістік фактор;
еңбек гигиенасы
-
қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;