Ол – қозу және тежелу процесстерінің жеткілікті күшімен, ұстамдылықпен, сабырлылықпен сипатталады, бірақ күнделікті дағдылардың өзгерістеріне қиындау бейімделеді.
Әлсіз – процесстері әлсіз, теңдесілмеген, жылжымалығы төмен.
Тежелу процессі қозу процессінен басым.
Ол – төменгі белсенділікпен және қиыншылықтар мен өзгерістерге қиын бейімделумен сипатталады.
Бұл тип Гиппократтың меланхолик типіне сәйкес.
ЖЖІӘ типтері генотип және фенотип негіздерінде қалыптасады. Организмнің жүйке жүйесінің тұқым қуалаған қасиеттеріне түрлі сыртқы орта мен тәрбиенің ықпалы әсер етеді.
ЖЖІӘ типтері генотип және фенотип негіздерінде қалыптасады. Организмнің жүйке жүйесінің тұқым қуалаған қасиеттеріне түрлі сыртқы орта мен тәрбиенің ықпалы әсер етеді.
И.П. Павлов ЖЖІӘ типтерінің адамға тән ерекшеліктерін анықтады. Яғни адамға сөйлеу (ІІ-ші сигналдық жүйе), сонымен қатар ойлау және творчествалық іс-әрекет тән.
И.П. Павловтың І-ші және ІІ-ші сигналдық жүйелер туралы ілімі.
Бірінші сигналдық жүйе – организмге сыртқы және ішкі ортадан келетін көру, есту және басқа сезім жүйелерінің сигналдары.
Бұл адам мен жануарларға ортақ жүйе болып табылады.
Екінші сигналдық жүйе – адамға ғана тән, яғни сөйлеуге байланысты.