ҚазҰму қалыпты физиология кафедрасы 014-2015 оқу жылы курс, «Жалпы медицина» факультеті


Шартты рефлекстерді зерттей келе И.П. Павлов мидың іс-әрекеті 2 үрдістен құралатынын анықтады



бет4/7
Дата22.11.2022
өлшемі1,71 Mb.
#51750
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖЖІӘ шартты, шартсыз рефлекстер

Шартты рефлекстерді зерттей келе И.П. Павлов мидың іс-әрекеті 2 үрдістен құралатынын анықтады:

  • қозу
  • тежелу
  • Қозудың таралуы бірнеше ағзалар мен жұйкелерді қамтып, жайылмалы реакциялар түрінде, ал үрдістің жинақталуы рефлекстік реакция мен оның мақсатының тарылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
  • Тежелу жинақталған және жайылмалы күйінде болады.
  • Қыртысты тежелудің орындалуы барысында, шартты рефлексті өшіретін бірнеше түрі бар.

Сыртқы (шартсыз) тежелудің пайда болуы

Сыртқы тежелудің бірінші түрі бөгде тітіркендіргіштің әсерінен бірден пайда болады, яғни қалыптастыруды қажет етпейді.

  • Кейбір жағдайда сыртқы тежелу бағдарлау реакциясын тудырады.
  • “Бұл не?” - деген рефлекс пайда болады.
  • Бұл кезде бұрын қалыптасқан рефлекстік іс-әрекет тоқтайды.

Шартсыз тежелудің екінші түрі - “ШЕКТЕН ТЫС ТЕЖЕЛУ”.

  • Ол тітіркендіргіш ұзақтығын және күшін шектен тыс көбейткен кезде байқалады. Бұл кезде тітіркендіргіш күші қыртысты жасушалардың жұмыс істеу қабілетінен жоғары болады. Бұл тежелудің қорғаныштық маңызы бар

Ішкі тежелу

  • Ішкі (шартты) тежелу арнайы қалыптастыруды қажет етеді. Ішкі тежелудің бірден-бір маңызы, сыртқы ортаның жаңа жағдайлары шартты рефлекстік қызметтің өзгеруін қажет етеді.

Ішкі (шартты) тежелу 4 түрге бөлінеді:

  • Өшетін
  • Ажыратылатын
  • Кешіктірілетін
  • Шартты тежегіш
  • Егер қалыптасқан рефлекс шартсыз тітіркендіргішпен нықталмаса өшетін тежелу пайда болады. Бұл кезде шартты тітіркендіргіштің маңызы жоғалады, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен қайта нықталса, қалыптасқан шартты рефлекс қайтадан қалпына келеді.
  • Ажыратылатын тежелу - ажыратылатын шартты рефлексті қалыптастыруда пайда болады.
  • Егер табиғаты жағынан ұқсас тітіркендіргіштің біреуі нықталмаса, оған рефлекс қалыптаспайды, ал екіншісі нықталса оған шартты рефлекс қалыптасады.
  • Егер шартты тітіркендіргішпен шартсыз тітіркендіргіштің уақыт аралығы (2-3 минут) кешіктірілетін болса, онда кешіктірілетін тежелу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет