Зерттеудің мақсаты: ҚҰМУ студенттерінің өмір салтындағы дене белсенділігінің жағдайы мен ерекшеліктерін зерттеу және олардың өмір салтын оңтайландыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу
Зерттеудің мақсаты: ҚҰМУ студенттерінің өмір салтындағы дене белсенділігінің жағдайы мен ерекшеліктерін зерттеу және олардың өмір салтын оңтайландыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.
Зерттеудің мақсаты: ҚҰМУ студенттерінің өмір салтындағы дене белсенділігінің жағдайы мен ерекшеліктерін зерттеу және олардың өмір салтын оңтайландыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: білім беру және күнделікті іс-әрекет барысында студенттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін және олардың көрінуіндегі жағымсыз үрдістерді туындататын себептер анықталды. Университет студенттерінің физикалық белсенділігі мен өмір салты арасындағы байланыс көрсетілді.
Зерттеу Алматы қаласы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті студенттері арасында жүргізілді. Ғылыми жұмыста социологиялық (сауалнамалық сұрау), математикалық-статистикалық әдістер қолданылды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін университет студенттеріне онлайн түріндегі сауалнама ұсынылды. Сауалнама ерікті және анонимді болды. Студенттердің өмір салты мен физикалық белсенділігін анықтау үшін бакалаврдың 1,2,3,4 курстарына таратылған болатын. Автормен әзірленген барлық курс бакалавр студенттеріне арналған сауалнама студенттердің физикалық белсенділікке көзқарасын анықтаумен қатар, өмір салтын бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында 32 сұрақтан тұратын арнайы сауалнама пайдаланылды.
Студенттерде дене белсенділігінің қалыптасуының жағдайы мен сипаттамаларын зерттеу