а) кез кедген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;
ә) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында барілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының мөлшері;
б) берілген нарықтағы заттардың көлемі;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
2. Сұраныс функциясы дегеніміз не? а) заттың бағасы мен оның көлеміның арасындағы қатынас;
ә) заттың бағысы мен табыстың арасындағы өзара байланыс;
б) заттың көлемі мен өндірістік факторлардың арасындағы қатынас;
в) барлық жауаптар дұрыс емес.
3. Жалпы жағдайдағы сұраныс функциясы дегеніміз не? а) сұраныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы қатынас;
ә) сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс;
б) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы өзара байланыс;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс емес.
4. Ұсыныс дегеніміз не: а) сатушылардың белгілі бір уақыт арлығында сатуға қабілеті жететін заттарының көлемі;
ә) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында берілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының көлемі;
б) нарықтағы теңдестік бағаға сәйкес келетін ұсыныс көлемі;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
5. Ұсыныс функциясы төмендегі көрсеткіштердің арасындағы тәуелділікті көрсетеді дейміз: а) сатылатын заттың бағасы мен шығындардың;
ә) заттың сатылатын көлемі мен оның бағасының;
б) технология түрі мен шығындардың;
в) барлық жауаптар дұрыс.