Б. А. Бескенова Математика пәнінің мұғалімі, Майтөбе орта мектебі, Алматы облысы, Қазақстан



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі27,79 Kb.
#20454
1   2   3   4   5
Байланысты:
Conference Бескенова Б.А

Key words: national code, national consciousness, Mangilik El, hospitality, customs.

Бүгінгі Жер бетінде 5 мыңға тарта ұлт пен ұлыс болса, 200-дей ғана мемлекет бар. Сол елдердің біразы ұлттық мемлекет ретінде құрылмағанын ескерсек, мемлекеті жоқ халықтардың саны жетіп артылады,сондықтан қазіргі уақытта біздер жаһандану деп алып аждаһана ауызында жұтылып кетпес үшін амал іздестіруіміз қажет. Бұл тетікті біз алыстан арбаламай-ақ жанымыздандан табаламыз, бұл өзіміздің ұлттық болмысымыз. М.Ө.Әуезов айтқанындай «Ел болам десеңіз – бесігінді түзе» дегендей, бүгінгі біз түзер бесігіміз - ұлттық кодымыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» атты мақаласында «Әжеп­тәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады.Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең бас­ты шарты – сол ұлттық кодты сақ­тай білу. Онсыз жаңғыру деге­ніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деп атап өткен еді. 

Жоғарыда Елбасы айтып отырған ұлттық код мәселесіне  тоқталсақ, бұл аса терең ұғым. Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Бұл сипаттың ерекшелігі  – дара халықтың жаратылысындағы айырықша антропологиялық генези­сінен бастап, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр-салты, мінез-құлқы, арман-мұраты, тілі мен ділі, тұрмыстық-шаруашылық негіздеріне дейін толық қамти алуында. Бір сөзбен айтқанда, этностың тұтастығын сақтап тұрған кілтінің бүтін болуы. 

Біз бүгінгі жыландай жұтынып тұрған мына ғасырда қазақтығымызды сақтап, ұлт ретінде жойылып кетпей, қалай аман қалмақпыз? Ол үшін ұлттық кодты жаңғыртып, «бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жады­ның тұғырнамасы» керек. Ал ұлттық жады дегеніміз не? Ол сол халықтың бойына біткен аңғарымпаздығы мен сұңғылалық қасиеті. Мысалы, ауыз әдебиетімізде бағзыдан келе жатқан  «Аяз би» атты ертегі бар.  Онда Мадан деген хан қырық уәзіріне «Ең жаман адамды табыңдар!» деп тапсырма береді. Уәзірлердің тауып келгені «жаман адам» болмай шығады. Ол аң­ғарымпаздық, сұңғылалық қасиетке ие әрі ұлттық жадысын сақтаған жан екен.  

Тағы бір мысал, күллі қазаққа аты мәлім Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде құмға көмі­ліп, қуарып жатқан жылқының бас сүйе­гін көзі шалады. Тізгінді тартып тұ­ра қалып «Мынау ерен жүйріктің басы екен, имек тұмсық, бөкен танау, көзі­нің ойындысы терең, жарқабақ, екі жақтың ортасы алшақ, тістері әлі жалтырап тұр, сүйегі қандай асыл еді жануардың. Тұмсығына қарағанда шоқтығы биік, аяғы ұзын, қоянтірсек, серпіні қатты, сіңірлі екен. Құмдауыт, босаң, көбелең жерде бәйге бермейтін, жасы тоғыздан асып, онға қараған шағында өлген екен, жануар. Өлгеніне үш жыл болыпты», депті.


Мінеки, ұлттық жадысы бүлінбе­ген бұрынғы ата-бабаларымыз қу сүйекке қарап-ақ оның қандай жануар болғанын айтып берген. Жоғарыдағы қубас арқылы тұлпарды жазбай таны­ған Толыбай да, ханның іс-әркетінен оның тек-тұқымын біле қойған Жаман да осы «ұлттық код – ұлттық жады» ілімін игергендер.

Елбасы өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгіліктің қатыгез басқыны біржолата шайып әкетететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды» деген жолдар бар. Ел дегенде, жер дегенде білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтаса, Мәңгілік Елге айналарымыз ақиқат.

Елбасы өзінің жүрекжарды сөздерін ең алдымен жастарға бағыштады. Рухани жаңғыру, заман талабына сай санада сілкініс туғызу президентіміздің ұдайы назарында ұстап келе жатқан мәселе екенін өскелең ұрпақ жете ұғынғаны абзал.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұдан бұрынғы «Ұлы Дала ұлағаттары» деген мақаласында туған жер, ана тілі жайлы толғанысқа толы мақаласын оқып, оны өмір ағымында басшылыққа алғанбыз. Бұл жолғы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқылауға жатпайтын, қоғам өмірінің барлық саласында орындалуға тиісті ойды қозғап отыр. Шын мәнісінде, бұл мақала бізде ұлттық идеология жоқ деп өздерінше популизмге бой алдырған адамдарға бағдаршам іспетті.

Мақаланың «XXI ғасырдағы ұлттық сана» туралы I бөлімінде «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» деп тұжырымдаған Елбасымыз: «Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніміздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деп ашығын айтады.

Қазіргідей жаһандану заманында ұлттық дүниетанымымызды, санамызды жаңғырта отырып, кемелдендіру бізге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Болашақтың бағдарламасына айналған мақалада аталған ұлттық сананың қалыптасып, рухты жаңғыртудың тағы бір жолы студенттерді өнер арқылы эстетикалық сұлулыққа, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда өзінің рухани құңдылықтары әбден қалыптасқан, туған жері мен елін сүйетін, айнала қоршаған ортасымен үндестікте өмір сүретін, жан-жақты дамыған рухани тұлғаны тәрбиелеу қоғам өмірінің барлық жүйесінің басты мәселесіне айналып отыр. Мақалада қоғамдық сананың жаңғыруы тұрғысында нақты ұсынылып отырған мәселе, атап айтқанда «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің негізі болып табылады. Ұлттық рухтың мазмұны – өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік бізге туған жердің топырағымен, ауасымен, тау-тасымен бірге сіңеді. Елбасы бұл туралы өзінің рухани жаңғыруды бағдаршам еткен мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ұлтты сүю Алла берген дарын, қасиетпен жиған білім-тәжірибені еңбекпен елдің өсіп өркендеу жолына жұмсау. Бұл – ұлы мұратымыз болуы тиіс.

Ұлттық құндылықты ұлықтауға үндейтін мақалада руханиятты жаңғырту ісі немесе ел мәдениеті мен өнерінің ерекшеліктерін сақтау мәселелері саяси-экономикалық жаңғыртумен шектелмейтіндігі нақты айтылған.

Мемлекет басшысының мақаласынан мен еліміздің осы кезге дейінгі жүріп өткен тарихи жолы мен жетістіктер кезеңіне қатысты құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға шақырғанын көремін. Алайда, осы тарихымызды тереңнен танып-білу барысында берідегі жетістіктерімізді, мәдениетіміз бен өнерімізге талантты адамдары мен үздік туындыларын берген кеңестік кезеңді ұмыт қалдыруымызға болмасы анық.

Адами, материалдық, табиғи және өзге де ресурстарды қоспағанда табыстың таңғажайып факторы ұлттық рухтың болуы деп пайымдаймыз. Ел Президенті өзінің бағдарламалық мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», деп атап көрсеткен болатын. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл барша заманаларға арналған айнымас аксиома.

Әрбір адамның тағы бір игі міндеті өзінің эстетикалық талғамын жетілдіре беру, әсемдікті дұрыс түсініп, бағалай білу, сол әсемдікті жасауға өз еңбегімен үлес қосу. Әрине, игі қасиеттер адамның бойында өзінен-өзі стихиялы түрде пайда бола салмайтыны түсінікті.

Халық көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тартымды, ойлы мақаласын оқып отырып, еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын ұғып, оны алға алып бару үшін рухани болмысты барынша мықты етіп қалыптастырып, ұлттық сана мен рухты әр ойлы азаматтың бойына сіңірсек қана алға қойған мақсатты ойларымыз іске асатын болады. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік етуге талпынуы керек-ақ. Ол үшін олар білімді, саналы, мәдениетті, ұлтжанды болуы шарт.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет