Ламетри Жюльен Оффрэ (1709-1751 жж.) XVIII ғасырдың соңында
француз буржуазиялық революциясының идеялық пісіп жетілуіне аса зор
үлес қосты. «Қасиетті отбасы» еңбегінде айтқан батыл ойлары үшін Маркс
Ламетриді Декарттың «физикасынан» ӛсіп-ӛнген бағыт беруші «орталық»
деп атаған болатын.
Ламетри патша гвардиясында дәрігер болып қызмет етті, әскери
амалдарға қатысып, ақыры ауруға шалдығады. Зерттеуші ретінде ӛзінің
ауруына бақылау жүргізе келіп, адамның психикалық саулығы
физиологиясымен
байланысты
болады
деген
тұжырым
жасайды.
Тұжырымын дамыта келе, Ламетри оның философиялық негіздерін
толықтырды, жалғыз субстанция – материя бола алатындығы жӛнінде ӛзінің
идеясын ұсынды. «Жанның жаратылыс тарихы» жӛніндегі алғашқы
философиялық еңбегінде ол осы ойларын жинақтап, Жаңа дәуірдің
материалистік идеяларын дамытуға негіз қалады. Бұл еңбек те, автор да дінге
және идеализмге дұшпандықпен қарағаны үшін қуғынға ұшырады.
Жаратылыстану ғылымдарының нәтижелеріне сүйене отырып, Ламетри
ӛзінің «Адам-машина» атты екінші еңбегінде механистік материализмнің
басты ұстанымдарының негізін қалады. Басқа француз материалистері
сияқты Ламетри де Декарттың физикасы мен Локктың сенсуализмін әрі
қарай дамытты. «Жан» деп адамның сезу және ойлау қабілетін түсінді және
сезім күнделікті ӛмірге ең сенімді жетекші бола алатынын айтты. Қоғамдық
құбылыстарды түсіндіруде, әлеуметтік ӛмірдің қандай болмағы адамдардың
мүдделері мен тілек-қалауларына байланысты, ал ол қоғамдағы үстем
идеяларға тәуелді болады деген пікірді ұстанды.