сыртқа шығуын білдіреді. Адамдарда күншілдік, қызғаншақтық, ӛшпенділік
және кекшілдік сезімдердің пайда болуы осы себепті. Адамның әлсіздігінен,
жасанды тыйымдар мен нормаларға тәуелділігінен ол сезімдер ӛмірде іске
аспайды да, адамның ӛзіне деген іштей наразылығын туғызса да, ӛшпенді
бейнесін тақуалық пен моральдықтың маскасымен бүркемелейді. Егер
рессентимент сыртқа бағытталса, «моральдың құлы болмау жолындағы
кӛтерілісін» білдіреді. Ал егер ол ішке бағытталса, ол аскетизмді білдіреді.
Кӛтеріліс пен аскетизм идеясы социализм мен христиандықтың идеясын
бейнелейді. Ал соңғысы Ницшенің ойынша, рухтың азуының басты себебі
болып табылады.
Христиандықтағы ӛзінің күшін әбден «сарыққан» тиімсіз моральдың
орнына «Жоғары Адам» һақындағы жаңа моральды негіздеу идеясы шынайы
ӛмірде Ницшені ұлықтық маниясы мен қатерлі ауруға соқтырды. Алайда
адами тұлғаны жақсартуға бағышталған жаңа діни сананы қалыптастыру
жолындағы ізденістері А.Бергсонның интуитивизм туралы зерттеулерінде,
О.Шпенглердің
мәдениет
философиясында,
К.Юнгтің
архетиптер
теориясында, М.Хайдеггердің экзистенционалды феноменологиясында,
М.Шеллердің
антропологиясында,
П.Рикер
мен
Г.Гадамердің
герменевтикасында, К.Ясперстің және Ж.-П.Сартр мен А.Камнің
экзистенциализмінде, М.Фуконың билік метафизикасында, Р.Барттың
мәтіннен рахаттану, Ж.Делездің жазықтың саналуандылық бейнесі
һақындағы зерттеулерде, Ж.Бодриярдың елігу тұжырымдамасында ӛзінің
жалғасын тапты. Сонымен қатар оның Жоғары Адам турасындағы
бұрмаланған
идеялары
Гитлердің
«жоғары
ақсүйектер
тұқымы»
тұжырымдамасы мен нацистік идеологиясына негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: