«Философияның трагедиясы», «Әулие Петр мен Иоанн», «Құдайдың
жұбатушысы» «Агнц қалындығы», «Икон және суретке бас ұру». Бұл
еңбектерінде ол егер Құдай Абсолютті болса, онда ол жалғыз. Құдай және ол
жаратқан әлем Құдайдың данышпандығы – Софиямен байланысты. Демек
София Құдайға тӛртінші ипостась сияқты сӛз сӛйлейді және идеялар түрінде
ӛмір сүреді. Булгаков жердегі патшалықта Құдай қол жетерлік емес, ӛйткені
күнәқарланудың нәтижесінде адамдар Құдайға махаббаттан тыс алынатын
білімдердің аңсаушылығына ие болды деп санайды. Христос әлемнің барлық
күнәлары жеке қиыншылық арқылы ӛтпейді және бұл бір жағынан, ал басқа
жағынан Құдайды жетілмеген әлемге ӛздерінің жеке заңдары бойынша
дамуға жол бермейді.
Оның София туралы оқуы еретикалық болған. Шындығында
Булгаковтың ӛзі онымен келіспейді,ӛйткені ол ойлаған еркіндік Құдай
сӛзінің бір артықшылығы.
Булгаков
экуменикалық қозғалысқа үлкен салым салды. Ол біздің
қоғамымызға жеткен дисгармония деп ойлаған, бірліксіз жұмыс істеп оның
құрамдық бӛліктері экономикалық, саяси, рухани, адамгершілікті т.б. Егер
олардың бәрін барлық ұстамдарын қайтадан құрса,сонда ұрыс-керіс
әлеуметтік ағзадан біржолата кетеді.
С.Л.Франк
(1877-1950
ж.) белгілі орыс ойшылы, Мәскеу
университетінің
философ
профессоры,
социолог,
большевиктердің
бұйрығымен Ресейден қуылған, жастайынан марксист болған, одан кейін
идеалист болып, ал соңында діни философ болды. Оның эволюциялық
кӛзқарасы революциядағы Ресейге тән.
«Адамның ішкі дүниесі» атты кітабында ішкі дүниенің субъектикаға
кіргенін зерттеп, онда болып жатқан ӛзгерістерді объект ретінде оқып, ішкі
дүние мен жан дүние сфераларын шектейді.
«Қолжетпес» кітабында Франк «неге мистиктер Құдай қолжетпес деп
тұрып, ол туралы кӛптеген мағұлыматтар береді деп сұрақ қояды. Бұл
сұраққа жауап бере отырып, ол рационалды білімге айыру жолы арқылы
жетуге болатынын байқайды.
«Қолжетпес» бас тартудың арғы жағында болып, ол бас тартудың
ӛзінің маңы немесе бас тартудан ӛту. Оның сӛздері бойынша, жете алмайтын
нәрселер туралы «немесе бір немесе басқа» деп айтуға болмайды, ӛйткені ол
«сол және басқа» болып есептеледі. Франк бойынша қолжетпесті түсіну
мүмкін емес, ӛйткені адамдар осы «ӛздік болмыстың» бӛлігі болып саналады.
Христиандықтың негізін айта отырып, Франк «Құдай бізбен» деген
кітабында христиандық бар мазмұны діни тәжірибеден негізделгенін
дәлелдейді. Екі сенімнің бар екенін біле отырып «сенімнің сенімділігі және
білімнің сенімділігі» ол беделдің Құдайға деген шындығын білдіретінін
кӛрсетеді. Сол бойынша діни авторитетке деген сенім сенімге білім ретінде
ұсынады, ол діни тәжірибеден құралған.
Достарыңызбен бөлісу: