тұра, ол әрқашан таңдау алдында тұрады: «болу» немесе «ие болу», белсенді
шығармашылық ӛмір сүру немесе «дүниелік нәрселер арасында ӛмір сүру».
Қазіргі қоғамға
сындарлы баға бере отырып, Фромм ондағы «кез
келген
әрекет экономикалық мақсаттарға тәуелді болғандығын, құрал мақсатқа ай-
налғанын…» мәлімдейді. Бұл жағдайда адамзаттың тіршілік етуі үйлесімсіз
әрі тым кереғар болады. Табиғатпен тұтастылықтан айрылу, келмеске кеткен
үйлесімдікті қалпына келтіруге ұмтылыс адами тіршіліктің экзистенциалдық
қарама-қайшылықтарын тудырады. Бұл адам ӛмірі мен оның ӛлім-жітімі,
патриархат пен матриархат, гуманистік және авторитарлық сана, билік пен
бағыну, жеке болмыс пен тарихи болмыс, адам мүмкіндіктері мен олардың
жүзеге асырылу шектері, «біреуден еркіндік» пен «біреу үшін еркіндік» –
жағымды және жағымсыз еркіндік арасындағы «дихотомиялар». Мұны жеңу
үшін, адамның әлеммен және ӛз-ӛзімен бірлігін қалпына келтіру қажет.
Фромм бұл қарама-қайшылықтарды жалпыға бірдей сүйіспеншілік пен
қоғамдағы радикалдық әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістерді дәріптеу арқы-
лы шешуге болады деп санайды. Адам сүюді үйренуі қажет.
Сүйіспеншіліктен басқа, ол сенім мен үмітке мұқтаж. Сүйіспеншілікке деген
сенім – жеке құбылыс емес, ол қоғамдық құбылыс, осы тұрғыдан ол адамның
шынайы қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Фром ӛз ілімінде адам психикасының деңгейі немесе сатысы болып са-
налмайтын әлеуметтік санасыздықтан бастау алады. Оның пікірі бойынша,
санасыздық – бұл психика жағдайы. Бұл қоғамның бірқатар «сүзгілер»: тіл,
логика, әлеуметтік тыйымдар арқылы айқын саналықтан жұрдай қылған
адамдардың идеялары, кӛңіл-күйлері мен ішкі толғаныстары.
Фроммның келесі бір жаңалығы – оның адамның жеке мінез-құлқынан
ажыратқан «әлеуметтік мінез-құлқы». Фромм «әлеуметтік санасыздық» пен
«әлеуметтік мінез-құлық» идеяларының кӛмегімен қоғамның экономикалық
базисі мен оның саяси-идеологиялық құрылымы
туралы марксистік ілімді
нақтылап, тереңдетуге тырысқан. Осының нәтижесінде «
Елес
Достарыңызбен бөлісу: