Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет161/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   313
Байланысты:
treatise20490

Гельвеций Клод Адриан (1715-1771 жж.) – XVIII ғасырдағы француз 
материализмі мен атеизмінің аса кӛрнекті ӛкілі, Франциядағы буржуазиялық 
революция  қайраткерлерінің  идеялық  кӛсемдерінің  бірі,  «Ақыл  туралы», 
«Адам  туралы»  деп  аталатын  еңбектердің  авторы.  К.Маркс  ол  туралы: 
Локктың  сенсуализм  туралы  ойларын  жалғастырған  бұл  еңбектерде 
«материализм шын мәнісінде француздық мінезге, сипатқа ие болды» деген 
болатын.  Барлық  адамға  қабілеттің  табиғи  тең  берілетіні,  ақылдың 


жетістіктері мен ӛнеркәсіп жетістіктерінің бірлігі және тәрбиенің құдіретіне 
сенім арту – оның ілімінің ең маңызды тұсы болып табылады. Жеке адамның 
мүддесі  мен  ықыласын  дұрыс  түсіну  –  ойшылдың  барлық  моральдық 
кӛзқарастарына негіз болған.  
Гельвеций  материалдық  болмысты  ғана  мойындайды.  Әлем, 
Гельвецийдің  ойынша,  «қозғалмалы  материядан  басқа  ештеңе  де  емес,  ал 
уақыт  пен  кеңістік  –  материяның  ӛмір  сүру  формасы».  Ламетридің  және 
Гольбахтың ізімен, Гельвеций де адамды табиғаттағы жалпы жүйелердің бірі 
ретінде  анықтап,  оны  табиғи  тіршілік  иесі  деп  атайды.  Адам  туралы 
негізделген  тұжырымдары  үшін  Париж  парламенті  Гельвецийдің  «Адам 
туралы» деп аталатын басты еңбегін отқа жағуға үкім шығарды. 
Еркін  ойлауға  қарсы  ушыққан  репрессия  Гельвецийдің  зерттеулеріне 
тосқауыл  бола  алмады.  Адамның  миында  пайда  болатын  елестер  мен 
ұғымдарды ол материалдық шындыққа қатысына қарай екінші орынға қояды. 
Гельвеций нағыз атеист болды, ол Құдайға сену бір адамдардың мәдениетсіз, 
кӛргенсіз әрекеттерінің нәтижесі және олардың екінші бір адамдарды саналы 
түрде алдауға баруы деп түсіндірді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет