Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Құқық  ғылымының  метафизикалық  негіздері»



Pdf көрінісі
бет167/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   313
Байланысты:
treatise20490

«Құқық  ғылымының  метафизикалық  негіздері»  атты  еңбегінде  ол 
сезімдік  стимулдар  мен  мінез-құлықтың  арасында  тікелей  байланыс  жоқ 
болғанымен, адамның еркіндігімен шартты деп кӛрсетті. Дербес тіршілік иесі 


ретінде адамның ең «басты мақсаты – оның ӛзі», ал басқа жануарлар ол 
үшін құрал болып саналады.  
 
И.Фихте 
(1762-1814 
жж.) 
Канттың 
трансценденталды 
философиясының  негіздерін  әрі  қарай  жалғастырды  және  оған  тән 
қайшылықтардан  арылтуға  тырысты.  Ӛзінің  философиялық  жүйесін  құрып, 
оны  Жаңа  дәуірдегі  механистік  детерменизммен  салыстырды.  Механистік 
детерменизм  болмыстың  табиғи  және  қоғамдық  салаларын  ажыратпады, 
«Мен»-нің «дербестігін» ескермеді.  
 Фихте  идеалдық  бастаудың  болмысын  анықтауға  тырысты,  ол  үшін 
«Менді» «үздіксіз рухани әрекет» ретінде cипаттай келіп, «Мен» және «Мен-
еместі»  (сыртқы  ӛмір,  табиғат)  салыстырады.  «Меннің»  қызметінің  мәні, 
оның  ойынша,  ӛзін-ӛзі  санамен  түсінуге  тырысуында  және  сол  себепті  ол 
сырттай  ықпал  ететін  «Мен-еместен»  «қашықтайды».  «Мен»  және  «Мен-
емес»,  бұлардың  бірі  –  субъекті  болса,  екіншісі  –  объекті.  Олар  бірін-бірі 
толықтырып, анықтайды, сондай-ақ біріне бірі қарама-қайшы болады.  
Фихте  үшін  «объектінің  субъектіге  қалай  айналатынын,  болмысты 
қалайша  анықтауға  болатынын»  білу  маңызды»,  оны  білу  кез  келген 
философияның  басты  мәселесі  деп  біледі.  Субъективтік  идеализм 
тұрғысынан  ол  мынадай  тұжырымдар  жасайды:  «затты  тану,  білу  туралы 
айтқанда да біз ӛзімізді-ӛзіміз танып, біліп жатқанымыз; біз санамызбен тек 
ӛзімізді және ӛзіміздің берген анықтамаларымызды ғана ұға аламыз». Оның 
философиялық жүйесінде «Мен» «Мен-емес» арқылы, ал «Мен-емес» «Мен» 
арқылы  түсіндіріледі.  Түптеп  келгенде,  Фихте  бұл  жерде  «Мен»-сіз  «Мен-
емес»  те  болмайды  деген  ой  айтады.  Басқалай  айтқанда,  «мен  жоқ  жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет