ауыстыруға шақырады. Махаббат адамның әрі жеке, әрі қоғамдық ӛмірінің
мәні мен мақсатын құрайды дейді.
«Христиандықтың мәні» атты еңбегінде
ол Жаңа дін Құдайға деген махаббатты емес, адамның «адамға» деген
махаббатын уағыздауы керек деп жазды. Оның ойынша, махаббат ақыл мен
табиғатқа тән әмбебап заң болуы тиіс. Ол: «адамға махаббат тән, себебі ол
сүюге жаратылған ақылды тіршілік иесі, махаббат – адам ӛмірінің мақсаты.
Ұрпақ жалғастығы мен ақылдың заңын да осы құрайды. Махаббат еркін,
шынайы болуы тиіс, тек еркін, шынайы махаббат қана нағыз махаббат бола
алады» дейді. Фейербах үшін адам «Құдайдың құлақ кесті құлы» емес,
ұрпақты жалғастырушы тіршілік иесі, оның табиғатына «биологиялық» тән.
Адамға тән ерекше қасиеттерге мыналар жатады – ішкі еркіндік, ойдың
қуаттылығы, сезім қабілеті, әмбебаптық. Осы қасиеттер оны рухтандырады,
моральды тіршілік иесіне айналдырады, адами болмысын философиялық
мәнмен, сүйіспеншілікпен даралайды. Құдайды адам келбетінде тану оның
ақылды, ӛнегелі екендігін ғана кӛрсетпейді, оған тән сезім мен тәннің де
болатынын кӛрсетеді. Бұдан шығатын түйін – адамның Құдайды нақты
кейіпте кӛруі оның ӛзі туралы ойларының, аяушылық сезімдерінің
жиынтығын кӛрсетеді. Фейербахша айтсақ, Құдай – бұл «адамның»
жалпыланған жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: