бүгінде рухтың дамуы ӛте маңызды болғандықтан да, «Құдайға лайықты
болу үшін біз ӛзіміз оған бет бұруымыз керек» дейді. Адами кӛзқарастарды
ауыстыру идеясы «сенімсіздікке сенуді» уағыздайды. Сенімсіздік, яғни ӛлім
мен іштей ойран болу сырттан мәжбүрлеумен келген, қоғамдық сананың
әсерінен қорытылмаған кӛзқарастардан бас тартып, құндылықтарды қайта
бағалауға әкеледі.
Осы мәселелер
«Заратустра депті» деген кітабында жан-жақты
қарастырылады. Бұл кітап Ницшенің философиялық ғұмырындағы үлкен
бетбұрыс әкелген туынды болып есептеледі. Ол бұл кітабын «адамзат қол
жеткізген барлық кітаптардың ішіндегі ең мазмұндысы» деп бағалайды.
Заратустраның образы – адамның санасынан жоғары қалыптасушы адамның
бейнесі болып табылады.
Ницше рухтың адамға айналуының үш сатысын Заратустраның сӛзімен
жеткізеді: «рух – нарға, нар – арыстанға айналған соң, арыстан сәбиге
айналады». Рух еркіндігіне жету жолында, ең алдымен, әлсіздігіңді жеңу
үшін қиындықты кӛру керек. Ендеше «менменділігіңді басу үшін қорлық
кӛру керек дегенді білдірмей ме бұл? Тӛзімі мықты рух қандай қиындыққа
болсын тӛтеп бере алады, ол жүк артылған нар сияқты ӛте тӛзімді... ол ӛзінің
шӛл даласына асығады», сӛйтіп ӛзін жалғыздыққа душар етеді.
Дәл осы сияқты адам да «қиындықтың бәрін кӛтерем деп», ӛзімен-ӛзі
күреседі. Бұл күресте ең соңғы қарсыласы – адамгершілік заңдарды,
«міндеттісің» деген моральдық императивті жеңуі керек. Ол адамның ең
соңғы қарсыласы – соңғы «аждаһа» да, «тӛре» де, «Құдай» да. Бұл майданда
адам арыстанға айналады: «арыстанның рухы: мен осыны қалаймын» дейді».
Осылайша, ол ӛмірдегі құндылықтарын қайта бағалап, жаңасын
қалыптастыру құқығын жеңіп алады. Бала болу деген сӛз – бұрынғы
қалыптасқан кӛзқарастарды қабылдамай, «жасампаздық ойынына» деген
ықылас-талғамға қайта ие болу дегенді білдіреді. Әлемді және ӛзіңді ойын
деп қабылдап, онымен бала сияқты ойнау дегеніміз – ӛзіңдегі дионистік
бастауларды ояту деген сӛз. «Иә, бауырларым, жасампаздық ойыны үшін,
наныммен айтылатын қасиетті сӛзіңізді табуыңыз керек: енді рух ерікті
болғысы келеді, адасқан рух ӛзінің орнын тапқысы келеді». Жоғары Адам
болудың жолы осы.
«Билеу еркі» кітабында Ницше ӛмірде ӛз орнын табуға ұмтылдыратын
ең басты жасампаз күш ерік дегенді айтады. Билеу еркі – кӛптеген еріктердің
мәңгілік шайқасы, ӛзін-ӛзі жетілдіруге деген ұмтылысы. Ӛзінің іліміндегі
негізгі ұғымдарды ескі философияның тыйымдарынан тазалайды. Сӛйтіп, ол
еркіндік ұғымына ерекше мән береді. Жоғары Адам ерікті жүзеге асырушы
ең жоғары орталыққа айналған кезде еркіндік ӛмірдің жалғыз ғана мақсатына
айналады.
Ӛзіңе деген еркіндік пен ӛзіңді-ӛзі жек кӛру – ӛмірде ӛз орнын тапқысы
келетін жоғары Адамға тән басты ерекшелік. Жоғары Адам туралы
түсініктерді ақиқатты мойындау еркі деп те қарастыруға болады. Ол
Достарыңызбен бөлісу: