Х Бӛлім Болмыс, адам, дін және махаббат философиясы 10.1. Онтология болмыс және оның түрлері туралы ғылым ретінде Философияның алғашқы тарихи формасы, білімі онтология – болмыс
туралы ғылым, объекті мен субъектінің шын ӛмірдегі жиынтығы. Бұл термин
грек тілінен аударғанда «ӛмір сүрушілер » дегенді білдіреді. Онтология деп
«Бірінші философ» Аристотель айтқан, сондай-ақ, оның формалары
мен құралдарын зерттеген. Алғаш бұл ойдың анықтамасына әр түрлі сӛздерді
қолданған. Мысалы. «біртұтас», «барша», т.б. Тұрмыстық болмыстың
қалыптасуының шынайы философиясымен Парменид және Платон
айналысқан. Олар шынайылықта идеалды ӛмірдегі болмыстың концепциясын
алға тартқан. Осыған байланысты «досократтар» табиғат және алғашқы
тіршілік онтологиясы туралы трактаттар жазған, яғни натурфилософияны
жазғандай болған. Классикалық философияда онтология ӛзінің мазмұны
жағынан метафизикамен қатысты болады. Онтология терминіне деген
қажеттілік метафизикада оның натурфилософияға қарағанда алға
жылжығандығы туралы түсіндіруге байланысты пайда болды. Осыдан келіп,
философия басталады. Тіпті, барша философия, бұл – болмыс пен ойлау
туралы арақатынас. Онтология терминін ғылымға Р. Гоклениус 1613 жылы
енгізген. Ол барша тіршілікті түсіндірумен байланыстырады.
«Болмыс» категориясы философияның міндетті мәселесі саналады.
Ауқымды мағынада болмыс шындық, яғни, барлық тірі нәрсенің болуы.
Болмыстың әр түрлі формалары: жұлдыздар, ӛсімдіктер, жануарлар, адам
кӛзқарасымен жоқтан барға айналу, т.б. Ал тірінің бар болуы ерте ме кеш
пе бәрібір жоққа кетеді. Сол себепті философия тарихында тіршілік
характерін болмыс шындық және мәңгі, оның формалары жалған және мәңгі
емес.
Болмыс категориясы – объект пен субъектінің шындық жиынтығы.