Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет60/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   313
Байланысты:
treatise20490

танып  білу.  Ал  тәрбиешінің,  философтың  мақсаты  –адам  «жандүниесін 
байытуға»  үйрету.  Ӛзін-ӛзі  тану  кезеңіндегі  ар-ұяттың  (ішкі  дауыстың) 
рӛлін атап кӛрсетеді. Олардың есептеуі бойынша ар-ұят құдіретті жаратылыс 
– шынайы ақиқатқа жетудің кепілі. Құдайлар адамды ар-ұяттандыра отырып 
оған  ерекше  орын  береді  және  бүкіл  әлемге  мағына  береді.  Адам 
болмысының  мақсаттылық  концепциясын  негіздей  келе  Сократ  бұрынғы 
ұсынылған  натурфилософияға  қарағанда  жаңа,  тамаша  құндылық  шкаласын 
енгізеді.  Оның  басты  түсінігі  «рақымшылық»  болады.  Гректер  үшін  бұл 
түсінік  жан-жақты  мағына  береді.  Ол  қолданғанда  нәрсені  пайдалы  және 
шүбәсіз  қылатын  сапаның  жинақтылығын  кӛрсетеді.  Ал  бұл  ӛз  кезегінде 
барлық  тіршілікті  және  барлық  құбылысты  әбден  жетілдіруге  әкелетін 
белсенді  мақсаттылықты  жобалайды.  Сократ  бойынша  адам  ізгілігі  оның 
жанын толық әрі адамгершілікті қылатындықта: «адамгершілік білім болып 
саналады». Білімді құбылыстың мәнін түсіну арқылы алуға болады. Басқаша 
айтқанда  білім  Сократ  бойынша  заттар  мен  белгілердің  толық  қатары  үшін 
жалпы  бірыңғайды  табу.  Надандыққа  білімсіздік  пен  адамгершіліксіздік 
сәйкес келеді. 
Сократ  тақуа  (аскет)  емес.  Ол  ақырғылықты  қабылдамайды  және 
қандай  да  бір  ӛмірдің  қуанышы  мен  қызығынан  бас  тартуға  шақырмайды. 
Сократ рақымшылдармен келісе отырып қана бәрін ретке келтіреді. Байлық, 
билік,  атақ,  денсаулық,  сұлулық  сияқты  кӛне  дәстүрлер  құндылықтары 


«надандықпен  бірге  болса  онда  зұлымдыққа  себепші  болады...  ӛз 
табиғатынан  қайырымды  бола  алмайды».  Керісінше,  ізгі  мақсатпен 
қолданылса, олар екі есе құнды бола түседі. 
Сократтың  рационалды  этикасы  екі  парадоксальды  мағынада 
берілген:  қайырымдылық  ол  білім  (яғни  даналық,  бірқалыптылық,  әділдік), 
ал жамандық – білімсіздіктің белгісі («ешкім біліп тұрып күнә жасамайды»). 
Адам табиғатынан ӛзіне пайда іздейді, яғни ол ӛз қателігінің құрбаны болып 
жатады,  бұл  сананың  қателігі.  Тығырықтан  шығар  жол  қайда?  Ӛзіндік 
танымда.  Адам  тек  қана  ӛзінің  рухани  сезімін  ретке  келтіру  арқылы  ішкі 
дүниесінің үйлесімділігін тапқанда ғана бақытқа жетеді. Бұл жерде де Сократ 
бақыт  туралы  түсінікті  жалғыз  айтпайды.  Мысалы  Гераклит,  Демокрит, 
Пифагор айта кеткендей, бақыт – моральдық категория болғандықтан  
сыртқы  ортадан  іздеудің  қажеті  жоқ.  Сократ  қайырымдылық  мұратқа  жету 
әдісін  жетілдірді,  жүйеге  келтіріп  тереңдетті.  Сократ  этикасының  басты 
айырымдық  белгісі  –  қайырымдылықты  біліммен  байланыстыруы.  Адам, 
таным,  ӛзін-ӛзі  танумен  айналыса  отырып,  қайырымдылық  негізін 
(ұстамдылық,  ерлік,  әділдік)  үйренуге  болатындығын  айтты.  Ол  тек  солай 
ғана адамға айналады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет