алатын, қоғамнан, мемлекеттен тәуелсіз, тіпті мәдениет пен отбасы.
Эпикуреизм – кӛне антикалық кезең ілімінің бір түрі. Эпикур (б.д.д.
341-270 жж.) кӛне грек философиясының эллинистік кезеңінде Демокриттің
атомистік кӛзқарастарын бӛлісетін, философ-материалист. Біздің дәуірімізге
дейінгі 306 жылы «Эпикур бағы» деген атаумен Афинада жеке мектебін
ашады. Оның атымен Грецияда «эпикуреизм» философиялық ілімі кең
таралады. Ол және оның бағытын ұстанушылары адам ӛмірінің мәні ләззат
алу мен рахат ӛмір кешуде деп есептеді. Эпикур «Нағыз ләззат пен рахатты
адамзат тәні мен жаны қиналмаса ғана алады», – деп есептеді.
Эпикуршілдік бағыттың ӛкілі Эпикурдің есімімен аталатын
философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта
отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы кӛптеген мәселелер кӛтерді.
Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика
мәселелерін кӛтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі
бір ерекшелігі ұсақ бӛлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы
адамдардың қоғамдық ӛміріне талдау жасайды. Кӛне Грек және Рим
мемлекеттері аумағында христиандық пайда болған уақытта эпикуреизмнің
бір түрі ӛмірді босқа ӛткізу, ашқарақтық, тойымсыздық, мастық кеңінен
таралды. Эпикуреизмнің бұл түрі христиандық арқылы таралды: эгоизм,
жеке тұлғаның қажеттілігін даттады. Эллинизм кезеңі тұрғындарының ӛмір
сүру мәнісі жеке сфераға кӛшірілді. Әйтседе мұндай ӛмір сүру салты оларды
қиыншылықтардан құтқармады, сондықтан олар құтылу жолдарын бір
таңғажайып тылсым күштерден іздеді.
Эпикур ілімін үш түрге бӛлуге болады: табиғат ілімі туралы (физика),
әдептілік ілімі (этика), сана ілімі жайында (каноника). Бұл сұрақтарды
қарастырғанда ол Гераклиттің диалектісіне, Демокриттің атомизміне,
Аристотелдің
сесуализміне,