Алдын-алу.
Түрлі-түсті теміреткімен ауыратын науқастың
отбасын
люменисцентті
лампаны
қолданып
қараймыз.
Синтетикалық тіндерден іш киім киюге болмайды және аптасына
1 рет теріге 1-3% салицил спиртін жағамыз. Шамадан тыс
тершеңдікке ем жүргіземіз.
Емдегенде аурудың киімдерін, төсек-жабдықтарын 2%
сабынды сода ерітіндісімен, үтіктің буы арқылы дезинфекция
жасалуы қажет. Бас киімдердің ішкі бетін үтіктің буы арқылы
үтіктеу қажет. Жазғы рецидивтің алдын алу үшін наурыз айынан
бастап мамыр айына дейін айына 1 рет 3 күн кетоконазол су
сабынымен теріні өңдеу қажет.
Оны ылғалды теріге 5 мин жағады да, сосын душтың астына
тұрып жуып тастайды.
Кеңес беру.
Науқасқа емдеу кезінде іш киімді және төсек-
орнын әдеттегідей әдіспен жуатынын түсіндіреді. Жайылған
процессте емі аяқталғаннан кейін 1-2 айдан соң 1-2 апта бойына
алдын алу емін жүргізуге болады.
Дерматофитиялар
Бұл саңырауқұлақты ауруларының үлкен тобы, олар теріні
ғана емес, оның қосалқыларын да (шаш және тырнақтар)
зақымдайды.
Дерматофитиялар
синонимы – дерматомикоздар.
Дерматофитиялар топтарындағы барлық саңырауқұлақтар үлкен
немесе кіші контагиоздылықпен табиғатта кең таралады. Олардың
кейбір түрлеріне (зоофильді трихофитиялар және мамық
микроспорум) топырақ резервуары (сұйыққойма) болып
табылады. Дерматомикоздарды зерттеудің эпидемиологиялық
мағынасы өте зор, ал олармен күрес әлеуметтік мәселеге жатады.
Эпидермофития
Эпидермофития
– эпидермофитоидтардың тұқымдастығының
саңырауқұлақтарымен
терінің
тегіс
және
тырнақ
пластинкаларының
беткей
қабаттарындағы
контагиозды
саңырауқұлақты ауру. Шашты зақымдамайды. Эпидермофитияны
үлкен қыртыстық немесе шаптық, және аяқ басылық деп
ажыратамыз.
Үлкен
қыртысты
эпидермофитиясы
,
немесе
шап
эпидермофитиясы
. Қоздырғышы –
Epidermpyton inguinale
Saboraud (E. bloccosum)
саңырауқұлақ. Жұқтыру моншаларда,
ортақ бір ваннамен, жөкемен (мочалкамен) қолданғанда
байқалады. Қоздырғыш адамға ортақ іш киімнен, клёенкадан,
дәретсауыттан, термометрлерден, сүлгіден, губкадан жұғады.
Спорт залдарында матрац пен спорттық құрал-жабдықтардан
жұғады.
Шап-бөксе және қолтық асты қыртыстарының шамадан тыс
тершеңділігі, әсіресе қант диабетімен ауыратын және семіз
адамдарда ауруға алып келеді. Жиі ересек адамдар, балалар мен
жасөспірімдер сирек ауырады.
Достарыңызбен бөлісу: |