Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет202/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   386
Болжамы.
Кортикостероидтарды 
қолдану 
мұндай 
науқастардың өмірін ұзартуға көмек береді. Бірақ перманентті ем 
кейбір асқынуларға (стероидты диабет, гипертония, остеопороз 
және т.б) әкелуі мүмкін.
Алдын алу. 
Көпіршікпен ауыратын науқастарда рецедивтің 
алдын алу амбулаторлы жағдайда жүргізіледі. 

2.6.5.
 
Д
ЮРИНГ АУРУЫ 
(
ГЕРПЕТИФОРМДЫ ДЕРМАТИТ

 
Герпетиформды бөртпе мен қатты қышу немесе күю 
сезімімен білінетін созылмалы аутоиммунды ауру. 
Этиологиясы мен патогенезі толық анықталмаған.
Глютенге (дәнді дақылдар ақуызына) жоғары сезімталдық пен 
целиакия маңызды. Бұл ауру эндокринді өзгерістер (жүктілік, 
менопауза), лимфогранулёматоз, токсемия, вакцинация, жүйкелік 
және физикалық шаршау фонында пайда болуы ықтимал. Дюринг 
дерматитімен 
ауыратын 
науқастардың 
йодқа 
жоғары 
сезімталдығын ескере отырып, бұл аурудың көптеген эндогенді 
тітіркендіргіштерге аллергиялық жауап екені жайлы болжам 
айтылады. Бұл аурудың онкологиялық аурулармен қосарласып 
келуі, оны параонкологиялық дерматоздарға (паранеоплазиялар) 
жатқызуға себепші болды.
Клиникалық көрінісі.
Дерматоз жиі 25-55 жас аралығында 
дамиды. Өте сирек науқастың өмірінің алғашқы айларында 
немесе егде тартқан шағында дамиды. Әйел адамдар ер 
адамдардан сирек ауырады. 


Тері элементтері полиморфты. 
Бір 
уақытта 
не 
аздаған 
интервалмен көпіршіктер, сулы 
бөртпелер, папулалар, пустулалар, 
күлдіреуіктер 
шектелген 
эритематозды 
аймақта 
пайда 
болады 
(106-сурет).
Содан соң 
екіншілік элементтер: эрозиялар, 
қабыршақтар, қабықтар пайда 
болады. 
Бөртпелер 
топтасқан 
(герпетиформды), 
симметриялы 
орналасады. Ауру кейде субъективті симптомдармен (қышыну, 
күйдіру мен ауырсыну) басталады. Науқастардың жалпы 
жағдайы, кезекті түрде қызуының көтерілуіне қарамастан, 
қанағаттанарлық болып қала береді. 
Дене мен аяқ-қолдың жазғыш бетінде және бөкседе, везикула 
мен пустулаға айналуға бейім, эритематозды дақты-папулезді 
және уртикарлы элементтер пайда болады. Ірі пемфигус тәрізді 
көпіршіктер пайда болуы да мүмкін. Диаметрі 5-10 мм бозғылт-
сары түсті саңалау көрініп тұратын везикулалар тән. Олар одан да 
ірі жарылып, кеуіп қабыршақ түзейтін көпіршіктерге айналуы 
мүмкін. Везикула, пустула немесе көпіршіктің ішіндегі сұйқытық 
кейде геморрагиялық болады. Бөртпелер қатты қышыну немесе 
күйдіру мен ауырсынумен жүреді. Қатты қышыну салдарынан 
пайда болған экскориация, терең қасыған жерлердегі қабыршақ, 
эрозия, мүйізгек, тілінулер, пигментация полиморфизмді 
күшейтеді. Вульгарлы көпіршікпен салыстырғанда мұнда ауыз 
кілегейі анағұрлым сирек зақымдалады (10% жағдайда) және 
ешуақытта терідегі көріністерден бұрын пайда болмайды. 
Дегенмен, балаларда ауыз кілегейі жиі зақымдалады, көпіршікті 
элементтер басым келеді, олардың топтасу мен полиморфизмге 
бейімділігі төмен болып келеді. Бұрын бөртпелер болған 
жерлерде пигментация байқалады, бұл ересектерде де байқалады. 
Никольский белгісі Дюринг дерматитінде теріс. Қанда 
эозинофилия болады. Көпіршік құрамында да әдәуір көлемде 
эозинофильдер анықталады. Базальді мембрана аймағындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет