Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет207/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   386
Терінің 
шектелген 
қышуының 
этиологиясы 
мен 
патогенезі.
 
Жиі көтеншек, ұма, вульваның аймақтарында 
байқалады. Терінің 
анальды 
қышуы спастикалық немесе жаралы 
колитке, сигмоидитке, проктитке, парапроктитке, геморройға, 
созылмалы простатитке, гельминтоздарға байланысты байқалады. 
Көрсетілген себептер ұманың қышуына да ықпалын тигізеді. 
Вульваның қышуы жиі зәр-жыныс мүшелерінің созылмалы 
қабынулы 
ауруларына, 
урогенитальды 
трихомониазға, 
кандидозға, бактериальды вагинозға байланысты болады.


Клиникалық көрінісі.
Тері өзгермеген, жиі құрғақ немесе 
экскориациялар (қасу орындары). Организмнің жағдайына 
байланысты қасылған жерлерде пиококкты инфекция дамуы 
мүмкін. Қышу айқын болса тырнақ пластинкалары жылтырап 
тұрады (тегістелген).
Таралған
 
тері қышуы басында терінің бір аймағында, пайда 
болып, кейін тез оның барлық бетіне тарап кетеді.
Науқастар тұрақты сұққылау (шаншу), «құрт-құмырсқаның 
денеде жүру», содан соң қышу пароксизмі және науқастар тағы 
қасып, оның орынын қалдырады, кейде қан шығып тұрады да, 
ауырсыну, күю сезімі байқалады, сөйтіп қышу ұстамасы 
жойылып кетеді.
Осы сияқты сезімдер жергіліктеген түрінде де, сол орналасқан 
жерінде байқалады.
Қышу ұзақ уақыт байқалса, тері сұр түс тартады, 
гиперпигментация аймақтары, сызық тәріздес жылтырақ 
тыртықтар байқалады.
Диагноз,
біріншілік морфологиялық элементтер болмаса да, 
анамнез негізінде қойылады.
Ажырату 
диагнозы
қотырмен, 
педикулезбен, 
нейродермитпен, қышымамен жүргізіледі. Науқасты себептік 
факторды анықтау бағытында жүргізу қажет.
Емі. 
Ең алдымен тері қышуының себебі болған негізгі ауруды 
емдеу 
қажет. 
Микроциркуляцияны 
жақсартатын, 
тыныштандыратын дәрілерді тағайындау көрсетілген. Тері құрғақ 
болса жұмсартатын дәрілер (дардия препараттары, топик-крем, 
фореталь және басқалар) қолданылады. Киімі мақатадан тігілген, 
кең (қыспайтын) болуы керек.
Кеңес беру. 
Науқасқа терінің қышуы уақытша болуы немесе 
ұзаққа созылуы мүмкін екенін түсіндіру қажет. Соңғы жағдайда 
оның себебі, тез емдеуді талап ететін, ауыр ішкі аурулар болады.
Тірінің қышуының себебін анықтау жағымсыз ішкі және 
сыртқы факторларды анықтап, оларды жоюға мүмкіндік беріп, 
науқастың сауығуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет