Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет254/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   386
Клиникалық көрінісі.
Басында бір, екі немесе оданда көп 
жерде шектелген гиперемия фонында тары дәніндей немесе ұсақ 
бұршақтай көпіршіктер пайда болады. Олардың саны әр ошақта 
3-тен 10-ға дейін болады. Көпіршіктер топ болып орналасады, 
ішінде серозды, кейін лайланатын экссудат болады. Көпіршіктер 
қосылғанда көпкамералы, диаметрі 1-1,5 см күлдіреуіктер пайда 
болады. Күлдіреуіктер жарылып айқын қызыл түсті, шектері 
полициклдік, айқын ісік байқалатын эрозиялар құрайды. Егер 
көпіршіктер ұсақ және көп болмаса, құрғап, сары-сұр қабыққа 
айналады 
(130-сурет)
. Науқастың жалпы жағдайы зорланбайды, 
бірақ кейде дімкәстік, қалтырау байқалып, 38
о
С дене қызуы 


көтеріледі. Көпіршіктердің пайда болу алдында пайда болатын 
жерлерінде күю, шаншу сезімдері байқалады.
Герпестік стоматит
, бұл қарапайым стоматиттің бір түрі. Бұл 
көпіршіктер еріннің, ұрттың, таңдайдың шырышты қабатында 
пайда болады. Ісінген және гиперемияланған кілегей қабатта аз 
көлемдегі көпіршіктер пайда болады, олар шыққаннан кейін 
алғашқы сағаттарда жарылады 
(131-сурет)
. Бұлардың соңында 
ұсақ оюлап салынған әшекей пішінді (фестон тәріздес) эрозия 
пайда болады. 2-4 күннен кейін эрозиялар фиброзды қабықпен 
қапталады, 6-14 күннен немесе оданда көп уақыттан кейін эрозия 
эпителизациясы 
пайда 
болады. 
Науқастар 
ауырсынуға, 
гиперсаливацияға шағымданады. 
Жедел герпестік стоматит 6 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. 
Ауру жедел басталады. Көбіне продромальды көріністер, яғни 
делсалдық, әлсіздік, дене температурасы жоғарлауы байқалады. 
Ісінген және гиперемияланған ауыз қуысының кілегеі 
қабаттарында афтозды бөрітпелер болады, олардың диаметрі 0,5-
1 см. Қарапайым герпестік бөрітпелерге қарағанда олардың 
шеттерінде шеңбер түрінде қабыну, ал ортасында өліеттенген 
афта тәрізді некроз болады. Бөрітпелер басында оқшауланған 
болады, афтаға ұқсас келеді, алайда көп мөлшерде бір-біріне 
қосылып эрозиялық жаралар түзеді. Бұл процессте көп мөлшерде 
сілекей ағуы байқалады және қатты ауырсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет