Б. А. Нурмагамбетова а 94 Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата31.03.2017
өлшемі0,52 Mb.
#10654
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Ж.К.Ахметова, Н.А.Бисембаева 
ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТ СҰРАҚТАР 
ЖИНАҒЫ 
Павлодар 2009
1

УДК 159,9
ББК 88. 4 я73
А 94
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 
Ғылыми кеңесінде басып шығаруға ұсынылды
Пікір жазғандар: 
педагогика ғылымының кандидаты, профессор А.К.Сатынская педагогика 
ғылымының кандидаты, доцент Б.А. Нурмагамбетова 
А 94  Ж.К. Ахметова, Н.А.Бисембаева 
Психология пәні бойынша тест сұрақтар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы /
Ж.К.Ахметова, Н.А.Бисембаева - Павлодар: ПМПИ, 2008 жыл 1560 бет. 
ISBN 9965—802—83-1
Тесттер жинағы студенттердің «Психология» пәні бойынша оқу процесінде 
өтілген   материалдарды   пысықтауға   және   Мемлекеттік   аралық   бақылау 
бағдарламасы   бойынша   гуманитарлық,   жаратылыстану,   педагогикалық 
бағыттарындағы  топ  студенттерінің  пайдалануларына  арналған.  Тесттер  курс 
бағдарламасы   негізінде   тақырыптық   жүйелікпен   берілген.   Тестілер   жинағы 
оқытушылар мен студенттерге арналған.
ББК 88. 4 я73
А 0303010000
     00(05)-09
ISBN 9965—802—83-1
©Ж.К. Ахметова, Н.А.Бисембаева, 2009
©Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2009
2

3

АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан   Республикасының   "Бiлiм   туралы"   заңына   сәйкес,   2005-2010 
жылдарына,   президенттiң   бекiтiлген   жарлығымен   ҚР-да   бiлiмді   дамытудағы 
Мемлекеттiк бағдарламаның iске асыруы мақсатында Қазақстан Республиканың 
бiлiм берудегі Жоғары оқу орындарында мемлекеттiк аралық бақылау ережесi 
жасалған. 
Осы   ережеге   сүйене   отырып,   Жоғары   оқу   орындарында   бiлiм   беруді 
ұйымдастыруда   әлеуметтiк-гуманитарлық,   жаратылыстану-ғылымдары   мен 
жоғарғы кәсiби бiлiм берудiң циклына енетін пәндер бойынша екінші курсты 
тамамдайтын   студенттердің   білімдерді   меңгеруін   тексеруде   Мемлекеттік 
аралық бақылау жүргізіледі (МАБ).
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың негізгі мақсаты - сырттай 
және   күндізгі   бөлімдерде   оқитын   2   курс   студенттеріне   «Психология»   курсы 
бойынша   материалдарды   пысықтауға   және   Мемлекеттік   аралық   бақылауға 
дайындалуда тест тапсырмалармен жұмыс істеу іскерліктерін дамытуға көмек 
беру.
Оқу-әдістемелік құрал типтік бағдарламаға және білім беру мемлекеттік 
стандартқа сәйкес құрастырылып, соңғы 3-4 жыл мерзімінде беріліп отырған 
Мемлекеттік   аралық   бақылауға   берілген   және   оқытушылардың   құрастырған 
тестік тапсырмалары ұсынылған. 
Оқу-әдістемелік   құралда   «Психология»   бөлімдерінің   негізгі   түсініктері 
енетін:  психология   пәнінің   міндеттері   мен   әдістері,   іс-әрекет   пен   сана 
психологиясы,   жеке  адам  психологиясы,  қарым-қатынас   және   іс-әрекет 
психологиясы,  топ   психологиясы,   жеке   адамның   танымдық   психикалық 
процестері, эмоционалдық еріктік сфера мен тұлғаның жеке дара психологиялық 
ерекшеліктерін білдіретін тақырыптар қамтылған.
Оқу-әдістемелік құралда тестік тапсырмаларға дайындалуда студеттерге 
психология ғылымының негізгі түсініктерін бейнелейтін шағын психологиялық 
сөздік енгізілген.
Студенттерге   осы   оқу   құралы   психологиялық   ғылымның   мазмұнын 
меңгеруге, сынақ алуды ойдағыдай жүргізуге мүмкiндiк бередi. Оқу құралына 
студенттерге iс жүзiндеге материал мәлiметтердi қолдануға көмектесетiн 800-ге 
жуық тапсырмалар енгізілді. 
Оқу-әдістемелік   құрал   болашақ   педагогтрдң   кәсіби   дайындығына 
психологиялық негіздер беретін категориялық аппаратты қалыптастыруға және 
бекітуге мүмкіндік береді.
3

«Психология» пәні бойынша Мемлекеттік аралық бақылау бағдарламасы 
бойынша гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық бағыттарындағы топ 
студенттеріне

Тақырыптар
Тақырыптар мазмұны
Тақырып
тар 
көлемінің 
саны
1
Психология   пәні, 
әдістері
 
мен 
тарихы 
1. Психология пәні, мақсаттары мен міндеттері. 
2. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы.
3. Психология ғылымының зерттеу әдістері.
4. Психология ғылымының салалары. 
5. Психология ғылымының дамуы. 
3
2
Ми және психика.
1. Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым..
2. Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты және 
оның негізгі қағидалары.
3. Жануарлар психикасының түрлері.
4. Сана туралы түсінік.
2
3
Жеке
 адам 
психологиясы
1. Жеке адам құрылымы мен жалпы түсінік. 
2. Жеке адамның түрткілері мен қасиеттері.
3. Жеке адамның бағыттылық компоненттері. 
2
4
Қарым-қатынас 
психологиясы
1. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
2. Қарым-қатынас түрлері. 
3. Қарым-қатынас құрылымы, тәсілдері және 
функциялары.
2
5
Іс-әрекет 
психологиясы
1. Іс-әрекет туралы жалпы ұғым.. 
2. Іс-әрекет құрылымы. 
3. Іс-әрекет түрлері және оларға жалпы сипаттама.
2
6
Ұжым   және   топ 
психологиясы
1. Топ туралы жалпы ұғым және оның түрлері.
2. Топ құрылымы.
3. Топ ішіндегі өзара қатынас динамикасы.
2
7
Зейін
1. Зейін туралы жалпы түсінік. Зейін процесіне 
жалпы сипаттама.
2. Зейіннің түрлері.
3. Зейінің физиологиялық негізі.
4. Зейіннің қасиеттері.
5. Зейін функциялар.
4
8
Түйсік
1. Түйсік және қабылдау туралы жалпы түсінік.
2. Түйсіктің түрлері.
3. Түйсіктің жалпы қасиеттері.
4
9
Қабылдау
1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.
2. Қабылдау түрлері.
3. Қапбылдаудың негізгі қасиеттері. 
2
10
Ес
1. Ес туралы жалпы ұғым.
2. Естің түрлері мен функциялары.
3. Естің негізгі процестері.
4. Ес теориясы.
5. Естің жеке дара психологиялық ерекшеліктері.
4
11
Ойлау және сөйлеу
1. Ойлау туралы жалпы түсінік.
4
4

2. Ойлаудың түрлері.
3. Ойлау формалары.
4. Ойлау операциялары. 
5. Ойлау және сөйлеу.
6. Сөйлеудің түрлері.
12
Қиял
1. Қиял туралы жалпы түсінік.
2. Қиялдың түрлері.
3. Қиялдың жасалу тәсілдері
4. Қиял мен ойлаудың өзіндік байланысы.
2
13
Эмоционалдық 
еріктік сфера
1. Сезім және эмоция.
2. Эмоциялық күйдің түрлері.
3. Жеке адамның жоғары сезімі.
4. Сезім мен эмоция функциясы.
2
14
Ерік.
1. Ерік. Ерік туралы жалпы түсінік.
2. Ерік құрылымы.
3. Жеке адамның еріктік сапасы.
2
15
Темперамент
1. Темпераментке жалпы сипаттама.
2. Темперамент типтері.
3. Темперамент теориясы.
4. Темперамент және іс-әрекет.
3
16
Мінез
1. Мінез туралы жалпы түсінік және оның 
психофизиологиялық негізі.
2. Мінез құрылымы мен типі.
3. Мінез қасиеттерінің классификациясы.
4. Мінез және темперамент.
3
17
Қабілет
1. Қабілет туралы жалпы түсінік.
2. Қабілет түрлері.
3. Қабілет және нышан.
4. Қабілеттің дамуы.
5. Қабілеттіліктің даму деңгейі.
2
ҚЫСҚАША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
5

Абулия  -   ми   патологиясында   пайда   болатын   iс-әрекетке   итермелегiш 
күштiң болмауы, шешiмдi қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн 
түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.
Агглютинация   -  алғашқы   ойдың   сақталуында,   әртүрлі   сөздердің 
мифологиялық құрылымдары мен түрлі механизмдердің құрастырылуы.
Агрессия - адамның басқа адамдарға қатынасындағы, оларға зиян немесе 
нұсқан келтіруге бағытталған мінез-құлық, әрекет. 
Агрессивтік   мінез-құлық  -   адам   әрекетінің   ерекше   формасы,   мұндай 
мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе 
адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға 
тырысуымен сипатталады. 
Аккомодация - көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі.
Антропогенез - адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық 
типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.
Антропология - адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы 
туралы   ғылым.   Антропологияның   негізгі   бөлімдері:   адам   морфологиясы, 
антропогенез, нәсілтану туралы ілім. 
Апатия  - сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. 
Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады. 
Апатияға   салынған   адам   туған-туысқандарына,   жақын   дос-жаранына   селқос 
қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық 
сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.
Апперцепция  - адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы 
дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, 
әдет-ғұрпына   байланысты   болатын   адам   психикасындағы   маңызды 
қасиеттерінің бірі. 
Аралық ми - барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. 
Ол   алдыңғы   ми   көпіршіктерінің   артқы   бөлігінен   дамиды.   Аралық   ми   орта 
мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, тері, ет және сіңір 
рецепторларынан импульстер келіп, одан әрі мидың басқа бөліктеріне тарайды. 
Арман  -  психологияда:  адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем 
деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Іс-әрекетпен 
тікелей байланысып жатпағандықтан, оны шығармашылық қиялдың дайындық 
сатысы деуге болады. 
Арнаулы   психология  -  адам   дамуының   бір   қалыпты   даму   жолынан 
ауытқуын,   ми   зақымы   ауруына   ұшырағандардың   психикалық   күйзелістерін 
және   осы   саладағы   әртүрлі   аурулардың   себептерін   қарастырады.  Оның 
тармақтары:   олигофренопсихология,   сурдопсихология,   тифлопсихология, 
патопсихология
Ар-ұят  -   ізгілік   пен   мейірімділікті,   имандылық   пен   инабаттылықты 
6

білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-
әрекет пен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет.
Ассоциация  -   психикалық   құбылыстар   арасындағы   байланыстар.   Бұл 
байланыста   психикалық   құбылыстардың   бірінің  (қабылдау,   елестету) 
басымдылығы   екіншісінің   пайда   болуын   ілестіре   жүреді.   Ассоциацияның 
психофизиологиялық негізі - шарты рефлекс.
Астения  -   өте   қатты   шаршап-шалдығу,   жүдеу,   көңіл-күйдің 
тұрақсыздығының   ақырғы   шегі,   ұйқының   бұзылуы   кезінде   байқалатын 
жүйкелік-психологиялық әлсіздік. 
Аутизм – ойлау логикасының дұрыс дамымауынан немесе психотроптық 
құралдар   әсерінен   адамның   ойлауының   қалыпты   жағдайының   бұзылуы, 
адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға 
салынған кездегі көңіл-күйі. 
Аутогендік жаттығу  -  емделушіні бұлшық еттік релаксацияға, өзін-өзі 
иландыруға, адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір 
көріністерді көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды 
іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой 
белсенділігін   бақылай   білуді   оқытып-үйрететін   психотерапевтік   әсер   ету 
әдістемесі. 
Ауызша   сөйлеу  -   естіп   қабылданатын   тілдік   құралдар   арқылы 
вербальдық   (сөздік)   тілдесу.   Ауызша   сөйлеуге   тән   сипат   -   сөйленген 
хабарламалардың   жекелеген   құрамдастары   бірінен   соң   бірі   туындайды   және 
қабылданады. 
Ауытқыған   мінез-құлық  -   әлеуметтік   нормалар   мен   ережелерді 
қайталап   бұзудағы,   тұрақты   сипаттағы   мінез-құлық;   белгілі   бір   қоғамда 
қалыптасқан   дерек,   балалар   мен   жасөспірімдердің   әкімшілік   жазалау 
шараларын   қолдануға   апарып   соғатын   құқық   бұзушылықтарды   үнемі   жасау, 
қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттердің орындалуы.
Афазия  (сөйлеудің   бұзылуы)   -   жүйке   жүйесінің   кейбір   бөліктерінің 
зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы. 
Аффект  -   адамның   көңіл-күйінің   кенеттен   өзгеріп,   зор   қарқынмен 
бұрқан-тарқан болып сыртқа тебуі (долдану, ызалану, торығу, т.б.). 
Афференттеу 
-   сыртқы   (экстерорецепция),   сондай-ақ   ішкі 
(интерорецепция)   тітіркендіргіштерден   қабылданған   ақпараттың   сезім 
органдарынан   орталық   жүйкеге   келіп   түсетін   жүйкелік   импульстарының 
тұрақты тасқыны. 
Афференттік синтез  - функциялық жүйе теориясында шешім қабылдау 
мақсатымен   қоршаған   орта   және   іске   қосылатын   стимул   жөніндегі   есте 
сақталған материалды, мотивацияны, ақпараттарды жинақтау. 
Әдептілік - белгілі бір моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. 
Әдептілік өте қажет қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі.
Әдет -  жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып 
7

үйреншікті   болып   кеткен   қылық,   адамның   санасына   тәуелсіз   түрде 
қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды. 
Әділдік  -   моральдық   сана   ұғымы.   Әділет   қоғам   өміріндегі   жекелеген 
адамдардың атқаратын ролі мен олардың әлеуметтік орны арасындағы, қылмыс 
пен жаза, адамдардың абыройы мен оның сыйақысы, құқықтар мен міндеттер 
арасындағы арақатынасты бағалайды. 
Әлеуметтік психология  - адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан 
туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың 
өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы. 
Әлеуметтік стереотип  - әлеуметтік объектің (топ, адам, оқиға, құбылыс 
және т.б.) қоғамда қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі. Әлеуметтік 
стереотип индивидтің жеке тәжірибесін талдап қорытудың нәтижесі және күні 
бұрын кесіп-пішілген түсінік, пікір ретінде ақпараттың тапшылығы жағдайында 
қалыптасады. 
Әңгімелесу,   әңгіме  -   мақсатты   бағытталған   сұрақтар   нәтижесінде, 
адамдармен қарым-қатынас негізінде ақпарат алудағы эмпирикалық әдіс. 
Әрекет  -   іс-қимыл   бірлігі   (единица);   саналы   түрдегі   мақсатқа   жетуге 
бағытталған тікелей жасалатын еркін, ниеттік белсенділік. 
Әрекет,   амал  -   адамның   белгілі   бір   істі   меңгеруге   бейімделе   кірісуі. 
Әрекет   қажеттіліктен,   мақсатқа   ұмтылудан   туындайды.   Адамның   әрекетке 
ұмтылуына негізгі түрткі болатын ниет. Ниетті мақсаттан бөліп алып қарауға 
болмайды.   Ойға   алған   ниетті   іске   асыру   үшін   адам   алға   мақсат   кояды   да, 
мақсатты іске асыру үшін іс-әрекетке кіріседі. Іс-әрекет арқылы мақсат, ниет 
орындалада. 
Әрекеттену  -   іске   адамның   өздігінен   кірісуі.   Ол   өзіндік   ниеттен 
туындайды және адамның өзіндік белсенділігін қалыптастыруда үлкен қызмет 
атқарады.
Әсемдік  -   зат   пен   табиғат   құбылысында,   қоғамдық   өмірде,   адамның 
моральдық   және   сымбаттық   көркінде,   көркемөнер   шығармаларында   көрініп, 
көркемдік ләззат беретін эстетиканың негізгі категорияларының бірі.
Әсемпаздық  -   адамның   өзінің   жеке   басына   қатысты   түрде   алғандағы 
әсемдікке   көзқарасы   мен   талғамындағы   қиғашық;   ол   оның   киінуі,   сыланып-
сипанып, күтіну машығынан көрінеді. 
Әуесқойлық  -   психологиялық   күй,   ол   субъектінің   сараланбаған, 
аңғарылмаған   немесе   жеткілікті   түрде   аңғарылмаған   қажеттілігін   білдіреді. 
Әуесқойлық өтпелі құбылыс болып табылады. Өйткенді онда көрініс
тапқан қажеттілік не бәсеңсіп өшеді немесе аңғарылып, нақты тілекке, ниетке, 
арманға т.б. айналады. 
Әуестену - адамның еркімен, жан қалауымен бір затқа қызығып, онымен 
айналысуы, содан қанағат сезіміне бөленуі.
Бағдар  - субъектінің дайын, пейілді болуы; белігі бір объектінің пайда 
8

болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектіге қатысты 
іс-әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді. 
Бағдарлау - алдағы әрекеттің бағытын, мөлшерін сезім және ой жүгірту 
арқылы анықтау.
Бағдарлау рефлексі - ми жұмыс мүшелеріне хабар жіберіп қана қоймай, 
ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Осындай екі жақтан 
хабарлаудың   арқасында   ғана   ми   айналасындағы   құбылыстар   туралы   дұрыс 
мәлімет  алып, нақтылы  мұқтажын өтеуге  өз  әрекетін  бағыттай  алады.  И.  П. 
Павлов бұл рефлексті: "Бұл не?" деп атады.
Бағыттылық  - қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғаның 
қызметін   бағыттайтын   ұғым.   Ол   адамның   дүниетанымын   білдіретін 
мүдделерінен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысандарымен сипатгалады.
Байқағыштық  -   заттың,   құбылыстың   егжей-тегжейін   аңғаратын   адам 
қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, 
кәсібіне де байланысты. 
Байсалдылық  -  адамға тән жағымды қасиет; синонимдері - төзімділік, 
шыдамдылық, табандылық.
Бақылау   әдісі  -   белгілі   бір   педагогикалық   құбылыстардың   өту 
ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, 
алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп 
отыру. 
Бала  психологиясы  - баланың  психикалық  дамуының  заңдылықтарын 
зерттейтін психологияның саласы. 
Басқару психологиясы - басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды 
зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару психологиясының негізгі міндеті 
- басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 
басқару   қызметінің   психологиялық   жағдайлары   мен   ерекшеліктеріне   талдау 
жасайды. 
Бейне  - танымды объективтік болмыстың туындысы деп материалистік 
тұрғыдан   түсінуге   негіз   болатын   ұғым.   Психологияда   дүниедегі   заттардың, 
соның   ішінде   жануарлар   мен   адамның   түрлі   тітіркендіргіштерге   жауап 
қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі).
Бейнелі   ес  -  заттар   мен   құбылыстардың   қасиеттерінің   нақты   бейнесін 
ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы. 
Бейресми   топ   -  заңдық   тұрғыдан   статусы   жоқ,   мүдделер,   достық   пен 
симпатиялар   негізінде   не   прагматикалық   пайдалылығы   негізінде   ықтиярлы 
түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық. 
Бейімделу (адаптация) - организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына 
бейімделу қабілеттілігі.
Бейімділік - адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік 
нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай 
дами түседі. 
Белсенділік   -  адамның   әсер   еткен   заттарға   белсенді   қатынасының 
9

нәтижесі.   Белсенділік   адамның   күнделікті   іс-әрекетте   (ойын,   оқу,   еңбек) 
кездесетін   міндеттерді   шығармашылдықпен   орындай   алу   қабілеті. 
Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. 
Бинокулярлық   көру   -  қашықтықтағы   объектілерді  бақылау   арқылы 
көрудегі, кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру. 
Биографиялық   әдіс  -   адамның   хаттары,   күнделіктері,   өмірбаяны, 
шығармалық туындылары және қолтаңбалары арқылы зерттеу әдісі
Бихевиоризм  -  XX  ғасырдағы америкалық психологияның басты бағыты. 
Бихевиоризм   психологиясының   мақсаты   -   мінез-құлықты   зерттеу   болды. 
Бихевиоризмнің негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның 
әсер   етуіне   организмінің   беретін   жауабының   жиынтығы   деп   түсіну   жатыр. 
Бихевиоризмнің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады. Ол 
бихевиоризм термині мен бағдарламасын ұсынды (1913). Бихевиоризмнің ғылыми 
қалыптасуына В. М. Бехтерев пен И. П. Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 1920 
жылдары бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жеті.
Білуге   құмарлық   -  адамның   санасы   мен   іс-әрекетіне,   көңіл-күйіне   із 
қалдыратын тұрақты,  әсерлі сезім. Оған адамның өмір сүрген  қоғамы, оның 
қоғамдағы   орны,   нақтылы   іс-әрекеті   зор   әсерін   тигізеді.   Білуге   құмарлық   - 
ұнамды қасиет.
Біліктілік   -  қызметкердің   іс-әрекеттің   нақты   бір   түрінде   күрделілігі 
белгілі   бір   дережедегі   еңбек   функцияларын   орындауға   мүмкіндік   беретіндей 
қабілеттерінің даму деңгейі. 
Біріккен   топ   -  бірлік   нышаны,   мүдделер   кірігуі   мен   қоғамдық   пікір 
бірлестігінің нышандарын білдіретін топ. Біріккен топтың жоғары дамыған түрі - 
қарым-қатынас,   құрылымы,   тұлғаның   ондағы   нақты   орны   айқындалса 
кооперацияға айналады. Оған сынып, түрлі үйірмелер және тағы басқалар жатады.
Бірінші   сигнал   жүйесі   -  сыртқы   және   ішкі   ортадан   келетін   белгілі 
тітіркеніс рецепторларға әсер ету нәтижесінде адамның және жануарлардың ми 
қыртысында   қалыптасатын   шартты   рефлекстік   байланыс   жүйесі.   Сыртқы 
ортадағы заттар, құбылыстар, өзгерістер организмге түрлі сезім мүшелері (есту, 
дәм   сезу,   иіс   сезу   және   т.б.)   арқылы   тікелей   әсер   етіп,   түрліше   түйсіктер 
тудырады. Мұны академик П. Павловтың ұсынысы бойынша, сыртқы және ішкі 
өзгерістерді хабарлаудың бірінші жүйесі деп атайды. 
Вебер-Фехнер заңы  - түйсіну күшінің  (Е)  тітіркендіргіштің физикалық 
қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі: Е = k 1оgP + с, мұндағы k мен с 
осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті 
Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының 
субьективтік  теңдігі  туралы   қосымша  ұйғарымның  негізінде   неміс   психологі 
және физиологі Г.Т. Фехнер тұжырымдады. 
Галлюцинация - перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген 
сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдауға саяды.
Генетикалық   психология  -   әдетте,   даму   психологиясы   деп   аталатын 
10

терминнің   жақын   синонимі   ретінде   қолданылады.  Генетикалық   психология 
көбінесе   ересек   организм   мысалында   қарастырылатын   құбылыстарға   негіз 
болатын даму процестерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет