Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет39/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

ӘОЖ 504.4(571.16)  
 
ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ - ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ  
БАСТЫ ҚҰРАЛ 
 
Аманбекова Г.М. 
М.П. Русаков атындағы №2 санаторлы мектеп-интернаты, Балқаш қаласы  
gulmira._74@mail.ru
 
 
Қазіргі  кезеңде  қоғамның  даму  бағыты  бүкіл  оқу-тәрбие  жұмысының  алдына  жас 
жеткіншектердің  тілін,  ақыл-ойын,  жалпы  білім  деңгейін,  дүниетанымын  дамыту  мәселесін  қойып 
отыр.  
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны 
жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы 
жас  республиканың  ертеңгі  қажетін  өтерлік,  елін,  туған  жерінің  табиғатын  сүйетін,  оны  қадірлеп, 
қорғайтын  білімді,  саналы  азамат  өсіру  бала  дүниеге  келген  шақтан,  мектепке  дейінгі  кезеңнен 
басталады.  Себебі,  егеменді  еліміздің  ертеңі  жас  жеткіншектердің  білім  дәрежесінің  тереңдігімен 
өлшенеді.  Ал,  бастауыш  сынып  кезеңіндегі  білім  қоршаған  орта,  табиғат  жайында  қарапайым  ұғым 
беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады. 
Мектеп  жасындағы  балаларға  қоршаған  ортаның  заттары  мен  құбылыстарын  таныстыру 
арқылы  олардың  бір-бірімен  байланысын  ғылыми  түрде  түсіндіру  барысында  балаларда  алғашқы 
табиғат  туралы  ұғым  негіздері  қаланады.  Балалардың  мұндай  табиғат  жайында  алған  қарапайым 
дүниетанымдық  ұғымдары,  олардың  бастауыш  сыныпта  дүниетанымды  оқыту  барысында  және 
жоғарғы  сыныптарда  биологиялық  пәндер  бойынша  берілетін  білім  жүйесінің  алғашқы  баспалдағы 
болмақ.  Сондай-ақ  табиғат  заңдылығын  жеңіл  түрде  ұғындыра  отырып,  берілетін  білімнің  өзара 
байланысы  мен  сабақтастығын  қамтамасыз  етуде  баланың  дүниетанымы  кеңейіп,  тереңделіп, 
толықтырылады. 
«Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің, 
Өзің  өлмей  сүйегіңнен  қала  алмас»,  –  деп  классик  жазушы  Илияс  Жансүгіров  айтқандай 
балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері баланың 
болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтуге жол ашады. 
Баланы  туған  елге,  жерге,  халқына  деген  сүйіспеншілік,  патриоттық  сезімге  баулып,  жан-
жақты  жетілген  азамат  етіп  тәрбиелеп  өсіру  –  бүгінгі  таңдағы  аса  жауапты  міндеттің  бірі.  «Жұмыла 
көтерген жүк жеңіл», - демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке 
дейінгі  мекемелер  мен  отбасы.  Осы  екі  арнада  жүргізілетін  тәлім-тәрбие  сабақтаса,  ұштаса 
өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. 
Қоғамның  дамуының  қай  кезеңінде  болмасын  табиғат  –  баланың  дүниетанымын  дамыту 
құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген. 
XXI ғасырда қоғамымыз нарықтық кезеңнен тұрақты даму парадигмасына ойысып барады. Осы 
жаңа  бағыттағы  тенденциялар,  жаңа  концепциялардың  мәні  де,  мақсаты  да  адамның  экологиялық 
санасын,  мінез-құлқын,  табиғатпен  қарым-қатынасын  жақсарту,  яғни  жалпы  адамзат  ізгілігінің 
құндылығын биік деңгейге жеткізу. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып 
табылады.  Соңғы  жылдары  көптеген  зерттеушілер,  Қазақстанның  эколог-педагог  ғалымдары 
экологиялық  білім,  экологиялық  тәрбие  мәселелерімен  шұғылданып,  бұл  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  алдында  тұрған  күрделі  міндеттерді  шешуге  атсалысуда.  Солардың  бірі  оқушылардың 
экологиялық ұғым-түсініктерін қалыптастыру қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас 
ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер.  
Әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты бөліктерінің бірі – қарым-қатынас 
деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін 
көрсете  отырып,  өзі  өмір  сүріп  отырған  өлкесінің  ерекшеліктерін  тану,  түсіну,  бақылау, 
жауапкершілікпен қарау деген сөз.  
Осы  жерде  туындайтын  мәселе  бүгінгі  күнге  дейін  бастауыш  сыныптарда  оқушылардың 
экологиялық  дүниетанымын  қалыптастырудың  жүйелі  ұғымы  жете  зерттелмеген,  тың  мәселе.  Бұған 
байланысты төмендегідей қарама –қайшылықтарды атап айтсақ: 
- оқушылардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы; 
- табиғат тазалығын сақтау дағдылары қалыптаспағандығы; 
- табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі; 
-  табиғатты  қорғау,  дүниетанымдық  көзқарасты  қалыптастыруға  арналған  және  өлкетануға 
қатысты әдістемелік құралдардың аздығы. 

227 
 
Осы  қарама-қайшылықтарды  ескере  отырып,  Қазақстанның  жергілікті  табиғатына  сай,  өлке 
тану  принципіне  негізделген,  нақтылы  қай  көлемде,  қандай  мазмұнда  табиғат  жайында 
материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым 
бере  отырып,  оның  экологиялық  дүниетанымын  қалыптастырудың  жолдары  мен  әдістерін  анықтап, 
саралайтын  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының теориялық-әдістемелік  базасы  жеткіліксіз  даму  деңгейде 
келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді.  
Экологиялық  тәрбиедегі  негізгі  объект  табиғат  болғандықтан,  оқушылардың  дүниетанымын 
қалыптастырудың  негізі  өлкетану  материалдарын  талдау,  оларға  ғылыми  әдістемелік  педагогикалық 
тұрғыдағы  сипаттама  дайындаған  дұрыс.  Осы  мақсатта  мектеп  оқушыларын  табиғат  аясында 
серуендету,  көл  жағасына  апару,  өзі  тұратын  ауыл,  қала  туралы  фотосуреттер  жинату, 
шығармашылық портфолиолар жасату, ғылыми жобалар дайындау қолға алынуда. 
 Экологиялық  тәрбиенің  көкейтестілігі  Қазақстандағы  экологиялық  апат  аймақтарының 
болуымен  тығыз  байланысты.  Айталық,  мен  сабақ  беретін  мектеп  Балқаш  көлінің  жағасында 
орналасқандықтан,  оқушыларыма  алдымен  көл  туралы  қызықты  мәліметтер  беру  арқылы, 
фотосуреттер мен видео-көріністер көрсетіп көлге деген таным қызығушылығын оятамын. Одан кейін, 
серуенге  шыққанда  көл  жағасына  барып  бақылаулар  жүргіземіз:  судың  түрін  анықтау,  толқындарды 
бақылау,  құстарды  есепке  алу,  тіпті  көл  жағасының  тазалығына  да  сипаттама  жүргізуге  тырысамыз. 
Бұдан  кейін  жинаған  ақпараттарымызды  жүйелей  отырып  мәселелерге  назар  аудартуға  тырысамын, 
оқушылар  осы  кезде  өздігінен  материалдар  жинауға  аса  ынталы  болып  келеді.  Осындай  жұмыстар 
арқылы  оқушылардың  бойында  өз  өлкесіне  деген  патриоттық  сезіммен  қатар,  экологиялық  тәрбие 
жауапкершілік сезім арқылы қалыптаса берері сөзсіз. 
Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беруді  өлкетану  материалдарын  қолдану  арқылы  дамытудағы  
мақсат: 
 
 қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; 
 
жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; 
 
қоғамдық  пайдалы  еңбек  және  еңбек  тәрбиесі  арқылы  табиғатты  қорғау,  күту  және 
жақсарту; 
 
экологиялық білімді насихаттау. 
Экологиялық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  -  балалардың  экологиялық  көзқарасын,  санасын, 
табиғатқа  үлкен  парасаттылық,  жауапкершілік  қарым-қатынасын  қалыптастыру.  Осы  тәрбие  арқылы 
адамның 
мәдениеттілік 
сезімі, 
экологиялық 
санасы 
қалыптасады. 
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері: 
 
өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу; 
 
табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы 
еңбекке қосу; 
 
мектепте экологиялық білім және тәрбие орталықтарын ұйымдастыру; 
Ең  басты  міндеттердің  бірі  -  оқушыларды  табиғатты  қорғау  мәселелері  туралы  ғылыми 
теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

228 
 
МАЗМҰНЫ 
 
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ, ПРОФЕССОР Б.МАМРАЕВТЫҢ «ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ 
ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ  ӨЛКЕТАНУ  РӨЛІ»  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ҒЫЛЫМИ  –  ТӘЖІРИБЕЛІК 
КОНФЕРЕНЦИЯҒА АРНАЛҒАН АЛҒЫ СӨЗІ ............................................................................. 
МӘЖИТОВ С.Ф. Өлке тарихы теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері.............................. 
 
1-СЕКЦИЯ 
ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ: ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ, 
ТУРИЗМ 
ИСТОРИКО-ГЕОГРАФИЧЕСКОЕ КРАЕВЕДЕНИЕ: ИСТОРИЯ, АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ, 
ГЕОГРАФИЯ, ТУРИЗМ 
МАМРАЕВ Б.Б. Өлке тарихындағы өзекті мәселелер.................................................................... 
ТАБЫЛДИЕВ Х.Б.  Атырау өңірінде құрылған қорғаныс күштерінің жұмысы................................. 
САРСЕНОВ А.С., БОЗАХАЕВА Г.К. «Гурьев (Атырау) облысы халқының майдан мен тылға 
көрсеткен сан – алуан көмегі»...................................................................................................... 
ЖАУТИКОВ Б.А., АЙКЕЕВА А.А., ЖАУТИКОВ Ф.Б., МУХТАРОВА П.А. Инновационная 
технология хранения нефтепродуктов.......................................................................................... 
ЖҰМАБАЕВА Ж.К. Тас кешу керуен сарайы – көшпелі өркениет ескерткіші............................... 
НАҒЫМОВ Ш.Н., ЖҰМАБАЕВ А.Ж. Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы қазақ тарихының 
деректері...................................................................................................................................... 
МҰСТАФИН Ж.Ж. Махамбет шығармаларындағы өлке тарихы................................................... 
МҰСТАФИН Ж.Ж. Кіші жүз тарихының жаңа беттері .................................................................. 
ТУРДАЛИЕВ.Ә.О., ТУРДАЛИЕВ Қ.О., ЖАУЫМБАЕВ А.А. Өлкемізде мұнай химиясының даму 
тарихынан.................................................................................................................................... 
ДЖАМБАУЛОВА Г.А. Оралмандардың тарихи ортаға бейімделуі................................................ 
САРМУРЗИНА Н. Ресейдегі ұлттық мектептердің ашылу тарихынан............................................ 
ШАМҒОНОВ А. Исатай  мен Махамбет батырлар бастаған көтерілістің бірінші кезеңі.................. 
ЖАНДАРБЕКҚЫЗЫ Г. Мәдени мұра – рухани қазына................................................................. 
НАСТИНОВА Г.Э. Самобытная культура калмыцкого народа как ресурс этнического туризма..... 
НАСТИНОВА Г.Э., БЕКСАУТОВА А.Ш., АЛЬЖАНОВА Р.Ж. Природное и историко-культурное 
наследие прикаспийского региона как ресурс международного туризма....................................... 
АЛЬДИБАЕВА А.Б.,ОРЫНБАЕВА Л.Т.,СЕНТАЕВА Р.Т. Ұлы жібек жолы және туризм................ 
БЕСЕКЕЙ Е. Қонақ үй бизнесі кәсіпорындарының маркетингтік қызметін басқару жүйесінде 
сапаны басқарудың жалпы стратегияларын әзірлеу..................................................................... 
АБЫЗБАЕВА А.Т. Экологиялық туризмның дамуы....................................................................... 
ТАЖИЕВА З. Д. Развитие туристического потенциала приаральского края.................................. 
ТОҚСАБАЕВА М.Е., КАРИБЖАН М.Ә. Алматы қаласы - туризм орталығы ................................. 
ТОҚСАБАЕВА М.Е.,КАИРОВА А.Қ. Туристік-рекреациялық аудандардың  туризмді дамытудағы 
орны (алматы облысы, панфилов ауданы мысалында).................................................................. 
ТОҚСАБАЕВА М.Е.,СҮГІР Н.М. Көлдердің  туризмді дамытудағы маңызы мен рөлі (алматы 
облысы мысалында)..................................................................................................................... 
GILAZHEVA S.M.,RYSMAGAMBETOVA S.B. The problems of the caspian sea at the present level.. 
GILAZHEVA S.M.,RYSMAGAMBETOVA S.B. EnvirҢonmental security of the caspian sea.............. 
КАСЕНОВ М.С., ҚУАНЫШ С.О., ЗАЙНОВ А.М. Ақтөбе-лаэти қаласындағы археологиялық 
қазба жұмысы.............................................................................................................................. 
КАСЕНОВ М.С., ТҰРАРҰЛЫ А. Қылыш ІІ обасындағы қазба...................................................... 
КАСЕНОВ М.С. Теңізшевройл кеніші жеріндегі археологиялық ескерткіштер............................... 
АЛИПОВА Д.Ж. Қазақтың баспанасы мен тұрғын үй-жайы хақында ........................................... 
ҚЫДЫРАЛИН Ү.С. Қазақ этнографиясының зерттелуі, қалыптасуы........................................... 
ҚАЙЫРҒАЛИЕВА Г., АЙБАРОВ Д. Атырау аймағындағы көне қалалар (Ақтөбе-Лаэти 
қаласының мысалында) ............................................................................................................... 
 
 
 


 
 
 
 
 
    8 
 9 
 
 13 
 
 15 
   16 
 
21 
24 
26 
 
28 
31 
34 
36 
38 
40 
 
43 
46 
 
49 
55 
58 
61 
 
63 
 
67 
  71 
 72 
 
74 
  77 
83 
88 
91 
 
94 

229 
 
КУАНЫШ С.О. Вопросы организации областной летней археологической полевой школы ........ 
БИМАНОВА О.М. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының ішінде күмістен 
жасалған бұйымдардың алатын орны........................................................................................... 
НУРМАНОВА А.К. Батыс қазақстан өлкетануының даму тарихынан ........................................... 
 
 
2-СЕКЦИЯ 
 
ӨЛКЕЛІК ӘДЕБИ МҰРА ЖӘНЕ ТІЛДІК ДҮНИЕТАНЫМ 
ЛИТЕРАТУРНОЕ НАСЛЕДИЕ КРАЯ И ЭТНОЛИНГВИСТИКА 
САЛИХОВА А.З. Қазақ тіліндегі топонимдердің танымдық ерекшелігі......................................... 
АТАШЕВ С.М. Қыпшақ даласындағы (Х-ХІІ ғ.) ру-тайпа атаулары............................................... 
САДЫҚОВА  А.Т.,ЕСЕТОВА  А.Х.Ерғалиев  шығармаларындағы  тарихи  тұлғалар  бейнесінің 
сомдалуы…………………………………………………………………………………………………………………………..……… 
АЯПОВА  Г.Б.  Ұлттық    драматургиядағы    Махамбет    бейнесін    сомдаудағы  көркемдік 
сабақтастық (Берік Қорқытовтың «Махамбет» драмасы негізінде).............................................. 
КЕНЖЕГАЛИЕВА С.К. Об учете социокультурного контекста изучения неродного языка........... 
ТУЛЕПБЕРГЕНОВА Р.Р. Етістікті фразеологизмдердің ұлттық, этномәдени негізі (А.Иүгінекидің 
«Ақиқат сыйы» дастаны бойынша)................................................................................................ 
САЛИМОВА Н.С. Қазақ әйел бас киім атауларының этнолингвистикалық сипаты........................ 
СҮНДЕТҰЛЫ Қ. Өлке баспасөзінің тарланы................................................................................ 
ЖОЛДЫГУЛОВА А. Фразеологизмдер жүйесіндегі антонимдік оралымдар................................. 
ҚҰЛШАРОВА  А.
  Табиғат  пен  кейіпкер  жанының  үндестігі  (Жазушы  Н.  Әбуталиевтің 
«Наркескен» романы бойынша)................................................................................................... 
ИСМУРЗИНА Г.Б. Халқының мәдени-рухани қызметшісі............................................................. 
БОТАГАРИЕВА Г. Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиевтің жемісті еңбектері.................................. 
КАМИШЕВА Г.А. Сопылық әдебиеттегі Қожанасыр бейнесі........................................................ 
КАРТАШЁВА А.Н. Этнокультуроведческая компетенция студентов казахских отделений............ 
АМАНҒАЛИЕВА М.Ж. Сембай Бердімұратов поэзиясындағы туған жер тақырыбы .................... 
ТӘЖІҒАЛИЕВА А.С. Туған тіл.................................................................................................... 
ҚАРАЖІГІТОВА Н.Қ. Халық мұрасы –тәрбие көзі....................................................................... 
 
3-СЕКЦИЯ 
ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
КРАЕВЕДЕНИЕ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБУЧЕНИЯ 
 
ТАНАТАРОВА Ж.Т. Өлке тарихының тарланы............................................................................ 
МЕҢДІГЕРЕЕВ К.Б., БЕРДІҒОЖИН Л.Б. Балық кәсіпшілігінің ұйымдастырылуы........................ 
НҰРҒАЛИЕВА Г.Ж. Атырау облысының ауылдық аймақтарына экологиялық- демографиялық  
тұрғыдан баға беру....................................................................................................................... 
ЕСЕТОВА А. Тарих қойнауынан сыр шерткен.............................................................................. 
ТОҚСАБАЕВА М.Е., ШЫНТЕМИРОВА А.О. Каспий теңізінің экологиялық мәселелері және 
оларды шешу жолдары ............................................................................................................... 
САБЫРОВ А.Р. Теңізшевройл – каспий өңіріндегі жетекші инвестор........................................... 
НАЖМЕДЕНОВ О.М. 1990-2000 жылдардағы Атырау спортының даму тарихы........................... 
ИМАНГУЛОВА Т.В., САВАНЧИЕВА А.С. История географо-краеведческих исследований 
территории  прикаспийской низменности ..................................................................................... 
САВАНЧИЕВА А.С.Современные исследования и освоение территории прикаспийского 
региона......................................................................................................................................... 
ТУРГУМБЕКОВА Н.М. Өлкетану сабақтарында жергілікті жер географиясын оқытудың тиімді 
әдістемесі..................................................................................................................................... 
98 
 
101 
103 
 
 
 
 
 
 
108 
110 
 
114 
 
116 
119 
 
120 
122 
125 
133 
 
135 
136 
139 
142 
145 
147 
150 
152 
 
 
 
 
 
155 
157 
 
163 
167 
 
168 
172 
174 
 
177 
 
181 
 
185 
 

230 
 
БАЗАРҒАЛИЕВ Ғ.Б. Түркі халықтарының тәлімдік тәжірибесі мен педагогикалық     мұралары 
негізінде жеке тұлғаны отансүйгіштікке тәрбиелеу жолдары ........................................................ 
ҚАРЖАУБАЕВ А.Б.Мектеп оқушыларына өлкетану жұмысын жетілдірудің проблемалары.......... 
КОЙШИГУЛОВА Л.Е. Из истории образования казахов россии.......................................................... 
ТУЛЕНОВА Ұ.Т.  Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану пәнін оқыту арқылы өлкетану 
жұмыстарын ұйымдастыру………………………………………………………………………………………………………… 
ҚОЖРАҚОВА А.С. Мүмкіндігі шектеулі бала және әлеуметтік орта............................................ 
СҮЙЕУОВА А.С. Бастауыш мектепте  қазақ тілін оқытуда с.қазыбаевтың  ғылыми - әдістемелік 
еңбектерін пайдаланудың маңызы ............................................................................................. 
УСЕНОВА Л.А. Ағылшын тілін оқытуда оқушыны субъект ретінде дамытудағы биоинформатика 
және синергетика технологиясының тиімділігі ............................................................................. 
КЕРЕШОВ С.К. Өлкетану арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу....... 
СУЛТАШЕВА Г.К.,САБИРОВА Ж.Н. Төтенше жағдай кезіндегі халықтың мінез-құлқының 
психологиялық ерекшеліктері...................................................................................................... 
НАЖИКЕНОВА Г. Тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтарын қалыптастыру.......................... 
БАЙДАЛИЕВ Д.Д., АЛПЫСБАЕВА Ғ.Б. Жоғары оқу орындарындағы өлкетану жұмыстарының 
жағдайы......................................................................................................................................
 
ТАҢАТАРОВА Ж.Ә., КЕНЖИЕВА Г.Р. Өлкетану негізінде бастауыш сынып оқушыларының 
тұлғалық бағдарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жүзеге асыру 
бағдарламасы............................................................................................................................... 
ӘМІРГАЛИ Е.Т., ТӨЛЕМІСОВА Г.Б. Кең жылой батырлары мен ақындары.............................. 
АЛМАУЫТОВА  Ә.Б.,  ҚОҚЫБАСОВА  Г.Б  Қазақ  мәдениетіне  татарлардың  әсері  және  қазақ 
жәдитшілігінің дамуы………………………………………………………………………………………………………………… 
АМАНБЕКОВА Г.М. Өлкетану материалдары - экологиялық тәрбие берудегі  басты құрал……….. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
188 
192 
193 
 
196 
200 
 
202 
 
203 
207 
 
210 
212 
 
215 
 
 
218 
221 
 
222 
226 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

231 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
              Подписано в печать 2013 г. 
     Формат А4. Усл.печ.л. 27,75 
Тираж 100 экз. 
                  
 
                Отпечатано в типографии Атырауского государственного университета 
     имени Х.Досмухамедова 
           060011, г.Атырау, пр.Студенческий, 212 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет