Б. Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі



бет2/3
Дата18.05.2023
өлшемі56 Kb.
#94170
1   2   3
Байланысты:
Блум-13

Орта



Қ
О
Л
Д
А
Н
У

Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру. Шәкірт ұстаздың көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек.
Педагог тек шешiмге емес, шешу процесiнiң барысына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.



- Қалай қолдануға болады?
- Жасап көрсе қалай болады?
- Не бiлгiңіз келедi?
- Егер былай/ олай жасаса (былай/ олай болса), нәтижесі қандай болар еді?
- Мына мәселені қалай шешуге болады, егер анауды қолдансақ?



Интерпретациялау, қолдану, бір нәрсеге тіркеу, пайдалану, көрсетіп беру (жұмыс ретін, қағидасын), ережесін сақтап орындау, рөлді орындау, рөлдерге бөліп ойнау, практикада қолдану, сахналау, иллюстрацииялау, идеяларға жүгіну, жазып көрсету, реттеу, нобайын салу



Орта

Т
А
Л
Д
А
У


н


а
л
и
з)

Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Үйренуші әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.
Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, жан-жақты игерумен ерекшеленедi.
Талдаудың түрлерi:
1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
2. Астарлы мағынаны ажырату /Подтекст/ - екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).
3. Мотивация - себептердi айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.

1. Негiзiн тану
- Бөлімдердің өзара айырмашылықтарын келтiрiңiз/ салыстырыңыз.
- Қалайша жіктеуге (классификация-лауға) болады?
2. Астарлы мағына
- Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) мәнi қандай?
- Мынаны қалай түсiнесiз?
- Егер мынандай болса, онда қалай болады?
3. Мотивация
- Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) себебi мен салдары қандай?
- Мынау нелiктен дәл осындай, басқаша емес?

Бөліп шығару, талдау, бөлу, ретін дәлелдеу, санап шығару, тәжірибе жасау, тестілеу, салыстыру, қарама-қарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету, тексеру, талқылау, анықтап сұрау, салыстыру, мәселені шешу, жіктеу, сұрыптау, категорияларға бөлу, себеп-салдарын айқындау







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет