Б. Е. Абдрахманов Асқапов С. Н., Құсмиденов М. Е., Жангазин А. Ш


 Орында және қозғалыстағы бұрылуды орындау



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата24.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#10275
1   2   3   4   5   6   7

1.2 Орында және қозғалыстағы бұрылуды орындау 

 

Бөлімше  командирі  оқушылардың  орнында  бұрылуы  әр  сабақта 

бастыққа  келгенде  және  бастықтан  кеткенде,  сонымен  қатар,  сабақтарда 

сапқа тұру кезінде, сол сияқты сапталу және қозғалу кезінде орындалатынын 

хабарлайды.  

Орында  бұрылуды  үйрету  сапты  тік  тұрудан  кейін  жаттықтырылады, 

себебі,  осының  негізінде  ғана  бұл  жаттығуларды  игеру  мүмкін.  Ең  бірінші 

оңға және солға (шеңбердің 1/4) және кері (шеңбердің 1/12) бұрылуды, содан 

кейін оңға жарты айналым және солға жарты айналымға жаттықтыру қажет 

(шеңбердің 1/8).  

Бұрылуды үйрету үшін командир бөлімшені саптық алаңның периметрі 

бойынша  сапқа  тұрғызады  (бір  қатарда  4  қадам  интервалы  бойынша)  және 

саптың  ортасына  шығып,  бұрылуды  жарғы  ырғағында  толық  көрсетеді. 

Жаттығуды  бөліктері  бойынша  көрсеткеннен  кейін,  командир  шыр  көбелек 

айналу және солға бұрылу сол жақ қолмен сол тақамен оң аяқтың ұшымен, ал 

оңға бұрылу оңға қарай қолмен оң тақамен сол аяқтың ұшымен жасалатынын 

көрсетеді.  Барлық  бұрылыс  бөліктері  бойынша  екі  кезеңмен  орындалады: 

бірінші  есеп  бойынша  дененің  дұрыс  қалпын  сақтай  отыра  тізеде  аяқты 



11 

бүкпей  денені  ауырлығын  алдыңғы  аяққа  ауыстырып  бұру,  екінші  кезеңде 

қысқа жолмен екінші аяқты қою керек. 

Орында  тұрып  нақты  әрі  әдемі  бұрылыс  жасау  үшін  дене  ауырлығын 

бұрылыс  жасайтын  аяққа  түсіріп,  бір  мезгілде  денені  жұлқып,  аяқтың 

ұшымен  баса  келіп  айналыс  жасайды.  Жаттығу  бөліктері  бойынша 

жасалғаннан  кейін  бөлімше  командирі  келесіні  бұйырады:  «бөлік  бойынша 

оңға – БІР, ЕКІ». Бөлім командирі оқушылардың бірінші кезең бойынша, оң 

жақ қолына қарай оң тақада және сол аяқтың ұшымен сапта тұрғандай дене 

қалпын  сақтай отыра  тізеде  аяғын  бүкпей, дене  ауырлығын  алдында  тұрған 

аяққа ауыстырады. 

Оңға бұрылыс жасауды орындағаннан кейін, бөлімше командирі бірінші 

толығымен  көрсетеді,  кейін  бөлімдері  бойынша  бұрылысты  солға  жастады. 

«Бөлім бойынша солға – БІР» деген бұйрық бойынша оқушылар сол тақамен 

және  оң  жақ  аяқтың  ұшымен  дене  ауырлығын  сол  жақ  аяққа  ауыстыра 

отырып, дененің дұрыс қалпын сақтай отыра аяқтың тізесін бүкпей, бұрылыс 

кезінде  қолмен  құлаштамай  бұрылу  керек.  «Екінші»  есебі  бойынша  оң  жақ 

аяқты  тақалар  бірдей  болғандай  қысқаша  түрде  сол  аяққа  қойып,  аяқтың 

ұшын табанның еніне жайып орындау керек. Солға айналысты үйренгеннен 

кейін аталған бұрылысты толығымен орындау жаттығуы басталады. 

Бөлімшемен солға бұрылуды үйренгеннен кейін, командир шыр көбелек 

айналуды  үйретуге  кіріседі.  Ол  жаттығуды  толығымен  көрсетіп,  содан  соң 

бөлімшелермен  екі  кезеңге  бөледі.  Бұдан  әрі  бөлімше  командирі  шыр 

көбелек  айналу  бұрылысы  «Шыр  көбелек  айнал»  бұйрығы  бойынша 

орындалатынын  түсіндіреді,  сонымен  қатар,  солға  бұрылыс  сияқты  180 

градуста  жасалады.  «Шыр  көбелек  айнал»  деген  пәрмен  бойынша  сол 

тақамен  және  оң  жақ  аяқтың  ұшымен  дене  ауырлығын  сол  жақ  аяққа 

ауыстыра отырып, дененің дұрыс қалпын сақтай отыра аяқтың тізесін бүкпей 

бұрылу керек. «Екіншіні істе» деген пәрмен бойынша оң жақ аяқты тақалар 

бірдей  болғандай  қысқаша  түрде  сол  аяққа  қойып,  аяқтың  ұшын  табанның 

еніне жайып орындау керек.  

Жаттығуды  толық  орындай  алатындарына  көзі  жеткен  командир  шыр 

көбелек  айналу  жаттығуын  толығымен  орындауға  кіріседі.  Шыр  көбелек 

айналу  бұрылысына  үйрету  кезінде  бөлімше  командирі  оқушылардың 

орнына  аяқтарын  қозғамай,  қолдарымен  құлаштамай  орындауын  қадағалау 

керек.  


Солға,  оңға  шыр  көбелек  айналу  жаттығуларын  жаттықтыру  дербес 

өткізіледі,  екі-екіден  және  бөлімше  құрамында  толық  игерілгенге  дейін 

орындалады.  Егер  оқушы  бұрылысты  немесе  оның  элементтерін  дұрыс 

орындамаса,  бөлімше  командирі  «Доғар»  деген  бұйрық  беріп,  қателерін 

көрсетеді және жаттығуды қайталауды бұйырады.  

Егер оқушы қателерді қайталай берсе, онда бөлімше командирі оларды 

саптан шығарып қателерін көрсетеді, пәрмен беріп, барлық қате әрекеттерін 

жоя  отырып  жаттығуды  қайта  жасатқызады.  Қалған  оқушылар  сол  уақытта 

командирдің  пәрмені  бойынша  сапта  тұрып  жаттығуларды  орындай  береді. 


12 

Оқушылардың  оқуы  біткеннен  кейін  бөлімше  командирі  олардың  сапқа 

тұрыуын  бұйырады  және  оқыту  үшін  келесі  студенттің  саптан  шығуын 

бұйырады.  Орында  тұрып  бұрылыс  жасау  кезінде  келесі  қателер  былай 

сипатталады:  алдын  ала  пәрмен  бойынша  ерте  бұрылыс  жасау,  аяқтағы 

тізенің  бүгілуі,  бұрылыс  кезінде  қолмен  құлаштау,  бастың  төмен  иілуі, 

дененің  артқа  тартылуы,  тақасыз  бұрылыс.  Сонымен  қатар,  толық  еме 

бұрылыс, аяқты қысқа мерзімде қоймау және дененің шайқалуы. 

Үйрету  кезінде  командир  өзінің  саптық  әдетін  біліктендіру  қажет, 

себебі,  ол  жеке  құрамға  пәрмен  бере  отырып,  өзі  де  жаттығуларды  бейнелі 

түрде орындау қажет.  

Оқушылармен  дайындық  кезінде  командирлік  және  әдістемелік 

дағдыларын  дамыту  мақсатында  олардың  рөлдерін  мақсатқа  лайықты 

ауыстырып отыру керек.  

Саптық  қадам  саптық  жаттрығулардың  аса  күрделі  және  қиын 

игерілетіндерің  бірі.  Оны  орындау  оқушылардың  ерекше  жинақылығын, 

нақтылығын,  аяқ  пен  қолдың  келісілген  қозғалысын  талап  етеді.  Саптық 

қадам  бөлімшемен  мерекелік  маршпен  жүруде,  қозғалыста  сәлем  бергенде, 

студенттің  бастыққа  келгенде  және  бастықтан  кеткенде,  саптан  шыққанда 

және  сапқа  оралғанда,  сонымен  қатар,  саптық  сабақтарда  қолданылады. 

Саптық қадамға үйретудің қозғалысы келесі нұсқауда: 

– жаттығуда қолмен қозғалу; 

– орында қадаммен жаттығу; 

– саптық қадаммен төрт санға қозғалып жаттығу; 

– саптық қадаммен екі санға қозғалып жаттығу; 

– саптық  қадаммен  баяу  ырғақта  қозғалу  жаттығуы  (минутына  50–60 

қадам);  саптық  қадаммен  жарғылық  ырғақта  қозғалу  жаттығуы  (минутына 

110–120 қадам) саптық алаң белгісі бойынша; 

– саптық қадаммен қозғалыстың алаң бойынша белгісіз жалпы жаттығу; 

– сынақ қабылдау.  

Саптық қадамды түсіндіріп болған соң бөлімше командирі бөлімшемен 

үйренуге  кіріседі.  Саптық  қадаммен  қозғалу  жаттығуы  басқа  да  жаңа 

жаттығулар  сияқты  бейнелі  көрсету  мен  түсіндіруден  басталады.  Саптық 

қадамды үйрену элементтер бойынша қолдануды ұсынады, себебі дайындық 

жаттығулары осыған арналған.  

Саптық  қадаммен  бойынша  қозғалыс  көрсетіледі,  бөлімше  командирі 

бірінші  дайындық  жаттығуын  қолмен  қозғалудан  бастап  көрсетеді,  содан 

кейін,  «Қозғалысты  қолмен  істе,  БІР»  деген  бұйрық  береді.  «Бір»  дегеннен 

кейін оқушылар оң қолдарын білекте бүгіп, дененің жанында қозғалтады; бір 

уақытта  сол  қолдарын  артқы  иық  буынына  апарып,  бармақтар  жартылай 

бүгіліп,  ал  сол  жақ  қолдың  білегі  кішкене  көтеріңкі  болуы  керек.  «Екі» 

дегеннен  кейін  оқушылар  сол  қолдарын  алға  қозғалтып,  ал  оң  қолдарын 

иықтан артқа қарай қозғалтады.  

Әрбір  есептен  кейін  бөлімше  командирі  оқушылардың  қолдарының 

қалпын  ұстап,  олардың  жіберген  қателерін  жөндей  отыра,  қайта 


13 

жаттықтырады. Оқушылар қателерді қайталаған кезде «Доғар» деген пәрмен 

береді,  егер  бір  ғана  оқушы  қате  жіберсе  онда  ол  «қатардағы  Қайырбаев  – 

ДОҒАР»  деп  бұйырады.  Дайындық  жаттығуларын  меңгергеннен  кейін 

бөлімше  командирінің  пәрмені  бойынша  және  дабыл  бойынша  аталған 

жаттығу қайта жаттықтырылады (қосымша Г).  

Қолдың  дұрыс  қалпын  қабылдауды  игерген  соң  бөлімше  командирі 

келесі  дайындық  жаттығуына  екіден  төртке  дейін  санақ  бойынша  саптық 

қадам  бойынша  кіріседі.  Төрт  санағына  дейін  бөліктері  бойынша  саптық 

жаттығу  көрсетіледі,  бөлімше  командирі  бөлімшені  төрт  қадамға 

жылжытады да оларды оңға бұрып, келесі бұйрықты береді: «Саптық қадам 

бойынша  төртке  дейін  қадам  бас!».  «Бас»  деген  бұйрықтан  кейін  «Бір,  екі, 

үш,  төрт»  және  т.с.с.  есептеледі.  «бір»  есебі  қатты  айтылады.  «Қадаммен» 

деген  пәрменнен  кейін  бөлімше  оқушыларының  денесі  бірсыпыра  алдына 

шығып, дене ауырлығын сол жақ  аяққа ауыстырады және тұрақты қалыпты 

сақтайды (қосымша Д). «Бас» деген орындаушы бұйрықтан кейін және «бір» 

есебінен  кейін  олар  сол  аяқтан  бастап  толық  қыдыммен  қозғалысты 

бастайды, аяқтың ұшын жерден 15–20 см-ге алдына тартып (осы кезде табан 

жерде  тұру  керек)  жерге  барлық  тұрақтылықпен  табанды  қояды.  Қадаммен 

бір  уаққыта  оқушылар  оң  қолмен  алға  қозғалыс  жасайды,  ал  сол  қолмен 

бірінші  дайындық  жаттығуында  көрсетлігенде  артқы  апарады  және  сол 

аяғында  қолын  түсіреді,  оң  жақ  аяқ  жерге  тиіп  тік  тұрады.  «Екі,  үш,  төрт» 

санағанша  дейін  шыдайды.  Келесі  «бір»  есебі  бойынша  қозғалыс 

қайталанады, бірақ оң аяқтан «Екі, үш, төрт» санағанша дейін шыдайды және 

т.б.  Дайындық  жатртығуын  жаттықтырғаннан  кейін  бөлімше  командирі  бұл 

қозғалысты  екі  рет  қайталайды,  содан  кейін»саптық  қадаммен  бөлімше 

бойынша екі рет қадам бас» деген пәрмен береді және «бір, екі; бір, екі» деп 

санайды  және  т.б.  «Бір»  дегенде  қадам  алға  қарай  жасалады,  «екі»  дегенде 

шыдамдылық.  Егер  оқушылар  қате  жіберсе,  аталған  жаттығуды  тағы  да 

төртке дейін орындау қажет. Содан кейін бөлімше командирі минутына 50–

60  қадаммен  саптық  қадам  жасатуға  кіріседі,  кейін  қозғалысы  ырғағы 

минутына 110–120 қадам жасауға дейін өсіреді. Қателерді жою үшін осындай 

әдістеме  ұсынылады.  Жаттығу  барысында  бөлімше  жаттығуды  толық 

орындау кезінде бір минутына 110–120 қадам жасау ырғағына шыдау керек. 

Бөлімше командирі саптық алаңның ортасында тұрып бұйрық береді. Егер ол 

жалпы  қатені  байқаса,  бөлімшені  тоқтатып,  оларды  бетімен  өзіне  қаратып, 

жаттығудың  қалай дұрыс орындалатынын көрсетіп, жаттықтыруды  одан  әрі 

жалғастырады.  Егер  бір  ғана  өзрескел  қателерді  байқаған  болса,  бөлімше 

командирі  бір  қадам  артқа  жылжытып,  олармен  қатар  тұрып,  бірден 

қателерін түзетеді. Саптық қадаммен қозғалуға үйрету барысында командир 

оқушылардың  жан-жаққа  шайқалуына  жол  бермеу  керек.  Шайқалудың 

себебі – қозғалыс кезіндегі аяқтың дұрыс қойылмауы: сонымен қатар, аяқты 

ішке  дұрыс  қоюдың  орнына  оларды  сыртқа  қояды,  сондықтан  да  дене 

ауырлығы  бірде  оңға  бірде  солға  жылжи  береді.  Егер  оқушылар  саптық 

қадаммен  қозғалу  кезінде  дененің  ауырлығы  аяқтан  аяққа  ауысып  отыру 


14 

керектігін  түсіндіріп,  жаттығудың  солай  орындалуын  талап  ету  қажет. 

Қозғалыс  кезінде  аяқтың  бір-бірімен  үйкелісуін  жібермеу  керек.  Барлық 

қателерді  жойған  соң,  бөлімше  командирі  бөлімшенің  (взводтың)  сапта 

саптық  қадамды  орындауына  көшеді.  Саптық  қадаммен  қозғалуға  үйретуді 

аяқтағаннан  кейін  бөлімше  командирі  әрбір  оқушыдан  сынақ  алады. 

Студенттерге жаттығу өз есебінен болу мүмкіндігі ұсынылады. Студенттерді 

тағайындау  бөлімше  командирінің  нұсқауымен  кезекті  түрде  пәрмендік 

дауыс  және  әдістемелік  дағдыларды  жетілдіру  жұмыстары  жүргізіледі. 

Қозғалыстағы  бұрылыстарды  үйрету  кезінде  қадаммен  және  жүгіріспен 

қозғалу, 

қозғалыс 

жылдамдығының 

өзгерісі, 

қозғалысты 

тоқтату 


жаттығуларын  әбден  жаттықтыру  абзал.  Қадаммен  қозғалысының  орташа 

жылдамдығы  минутына  110–120  қадам,  қадам  өлшемі  70–80  сантиметр. 

Жүгіріспен қозғалудың орташа жылдамдығы минутына 165–180 қадам, қадам 

өлшемі  70–80  сантиметр.  Жүгіріспен  қозғалыстан  бұрын  «Жүгіріп  –  бас» 

деген бұйрық беріледі.  

Жүгіруге  үйрету  баяу  ырғақпен  оның  техникаларын  меңгерту  мен 

көрсетуден  басталады.  Жүгірудің  техникасын  көрсете  отырып,  бөлімше 

коандирі дене жағдайына және қолдың қозғалысына, аяқпен итеру, оны алға 

шығару  және  жерге  қою  қимылодарына  назар  аударады.  Көрсетуден  кейін 

оқушылар бөлімше командирінің пәрмені бойынша бағанада саптық алаңның 

жанында  бір-бірден  жүгіреді.  Командир  ортада  тұрып  олардың  жүгірудегі 

жеке  элементтердің  орындалуын  бақылайды,  қателерін  нұсқап,  олардың 

жойылуына қол жеткізеді. Қозғалыста алдын ала пәрмен бойынша қадамнан 

жүгіріске ауысу кезінде білекті кішкене бүге отырып, қолды жартылай жұму 

керек. Орындау пәрмені оқушылардың сол аяқпен жерге қоюда бір мезгілде 

беріледі.  Сол  бұйрық  бойынша  жүгіруді  орташа  жылдамдықтан  бастайды. 

Жүгіруден  қадамдау  қимылына  ауысу  «Қадамда»  бұрығы  бойынша 

жасалады.  Орындау  пәрмені  оқушылардың  оң  аяқпен  жерге  қоюда  бір 

мезгілде беріледі. Осы бұйрық бойынша екі жүгіріс қадамын жасап, оң және 

сол  аяқты  жерге  қойып,  қимылды  қадамдап  бастайды.Қажетті  жағдайда 

қадамдау  қимылынан  (жүгіріс)  орында  тұрып  қадамдау  қимылына  көшу 

«Орында»  деген  бұйрық  бойынша  әдемі  әрі  нақты  ауысы  керек.  Бөлімше 

командирі  орындағы  қадамды  толық  әрі  бөлшектері  бойынша  көрсетіп, 

түсіндіреді:  орында  қадам  дегеніміз  аяқты  көтеріп,  қою,  аяқты  жерден  15–

20 сантиметрге  жоғары  көтерукерек  және  оны  жерге  барлық  ізге  бар 

табанмен  қояды.  Қолмен  қадамның  тактісіне  қозғалтады.  Осыдан  кейін  ол 

оқытуға  кіріседі.  Орында  тұрып  қадамдау  «Орында  тұрып  қадамдаудың 

мағынасы.  Бөлшектер  бойынша  «Бір»,  «Екі»  деген  бұйрық  бойынша 

орындалады.  «Бір»  дегеннен  кейін  сол  аяқты  көтеріп,  оң  қолмен  қимылдау 

керек.  «Екі»  дегеннен  кейін  сол  аяқты  жерге  қояды.  Қолды  түсіріп,  білек 

жжанынан мықын ортасында тұрады.  

Пәрменді  қайталай  отырып,  оң  және  сол  аяқты  (қолды)  дұрыс 

қимылдатуды  жаттықтырады.  Осылайша  қолдың  қалпына  және  сапта  тік 

тұруға  ерекше  назар  аударылады.  Егер  оқушы  жаттығуларды  орындау 



15 

барысында  қателер  жіберсе,  онда  жаттықтыру  аталған  қателер  жойылғанға 

дейін  жалғасады.  Жаттықтыру  «Орында  қадамда»  деген  бұйрық  бойынша 

жүзеге  асырылады.  Орында  тұрып  қадамдаудан  қадаммен  қимылдауға  бір 

уақытта  көшу  жерге  сол  аяқты  қюдан  бастап  «Тік»  деген  бұйрық  бойынша 

орындалады.  Осы  бұйрық  бойынша  оқушы  орында  тұрып  тағы  бір  қадам 

жасап, сол аяғымен толық қимылды орындай бастайды.  

«Орында тұрып қадамда» деген бұйрық бойынша оқушы орында тұрып 

жүгіреді,  қол  қимылы  да  жалғасады.  «Тік»  деген  бұйрық  бойынша  оқушы 

орында  тағы  бір  қадам  жасайды.  Қимылды  тоқтату  үшін  «Бөлімше  ТҰР», 

«Студен Қайырбаев – ТҰР» деген бұйрықтар беріледі. Орындау бұйрықтары 

бойынша жерге оң немесе сол аяқты қою үшін тағы бір қадам жасап, аяқты 

жерге қояды және «тік тұрады». 

Әскери  училищенің,  академияның  курсанттары,  сонымен  қатар  әскери 

бөлімшелер  мен  бөлімдердің  командирлері  мен  тікелей  бастықтары  келесі 

Қазақстан  Республикасы  Қарулы  күштерінің  өздеріне  қатысты  міндеттерді 

білу тиіс: 

– Қазақстан  Республикасының Конституциясын,  заңдарын  және  жалпы 

әскери жарғыларының талаптарын қатаң сақтауға; 

– әскери  антқа  адал  болуға,  өз  халқына  шексіз  беріліп  қызмет  етуге, 

Қазақстан  Республикасын  батыл,  шебер  қорғауға,  әскери  борышын 

орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге; 

– өз  Отанының  патриоты  болуға,  өзінің  іс-қимылымен  мемлекеттік 

биліктің  беделін  нығайтуға,  мемлекеттің  мүдделерін  қорғауға,  әскери 

қызметшілер арасындағы достықты нығайтуға; 

– адал,  тәртіпті,  ержүрек  болуға,  әскери  борышын  орындау  кезінде 

дұрыс бастама танытуға; 

– командирлерге  (бастықтарға)  мүлтіксіз  бағынуға  және оларды ұрыста 

қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға; 

– әскери  кәсіби  білімді  ұдайы  меңгеруге,  өз  машығы  мен  әскери 

шеберлігін жетілдіруге; 

– оған сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және 

қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық 

құралдарды сақтауға; 

– жауынгерлік  жолдастықты  бағалауға,  әскери  қызметшілерді  қауіптен 

құтқаруға, оларға сөзбен және іспен көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы 

мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен 

қорлауға  жол  бермеуге,  олардың  лайықсыз  қылықтар  жасауына  жол 

бермеуге; 

– әскери әдептілік, мінез-құлық, әскери сәлемдесу, әскери киім нысанын 

киіп  жүру  ережелерін  сақтауға,  әрдайым  және  барлық  жерде  өзін  қадір-

қасиетпен және абыроймен ұстауға; 

– қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға міндетті. 


16 

Әскери  қызметші  Қазақстан  Республикасының  қорғаушысы  деген 

жоғары  атақты  лайықты  ұстауға,  Қарулы  Күштердің,  өз  әскери  бөлімінің 

абыройы мен жауынгерлік даңқын және өзінің әскери атағын құрметтеуі тиіс. 

Әскери  қызметші  мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  халықтар 

достығын қастерлеуге міндетті. 

Әскери  қызметшілердің  өзара  қарым-қатынасында  олардың  ұлттық 

сезімдеріне,  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлеріне  деген  құрметі  көрінуі 

тиіс. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  қазақ  тілі  болып 



табылады. Қарулы Күштерде қазақ тілімен тең түрде орыс тілі қолданылады. 

Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса  маңызды  факторы  болып 

табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір әскери қызметшінің борышы. 

Командирлер (бастықтар) мемлекеттік тілді барынша дамытуға, барлық 

әскери  қызметшілердің  мемлекеттік  тілді  еркін  және  тегін  меңгеруі  үшін 

барлық  қажетті  ұйымдастыру,  материалдық-техникалық  жағдайларды 

жасауға міндетті. 

Әскери  қызметшілер  бір-бірінің  құқықтарын,  бостандықтарын,  ар-

намысы  мен  қадір-қасиетін  құрметтеуге,  командирлер  (бастықтар)  мен 

үлкендерге тәртіпті ұстауда жәрдемдесуге міндетті. 

Қызметтестері  арасындағы  жалпы  әскери  жарғылармен  айқындалған 

өзара  қарым-қатынас  ережелері  бұзылған  жағдайда  әскери  қызметші  дереу 

оған берілген құқықтар мен міндеттер көлемінде жарғылық тәртіпті орнатуға 

шаралар қолдануға және сонымен бірге өзінің тікелей бастығына, ал ерекше 

қажет болған жағдайда үлкен бастыққа баяндауы тиіс. 

Әскери қызметшімен болған, оның міндеттерін орындауына әсер ететін 

барлық  жағдайлар  мен  оған  жасалған  ескертулер  туралы  ол  өзінің  тікелей 

бастығына баяндауға міндетті. 

Әскери  қызметші  салауатты  өмір  салтын  жүргізуі,  өз  денсаулығын 

сақтауы  және  нығайтуы,  әскери  қызмет  қауіпсіздігінің  талаптарын,  сырқат- 

танудың,  улану  мен  жарақат  алудың  алдын  алу  шараларын  сақтауы,  дене 

дайындығы  мен  жаттығуды  күнделікті  арттыруы,  ағзасын  шынықтыруды 

жүзеге асыруы тиіс. Әскери қызметшіге қызметтік міндеттерін атқару кезінде 

ішімдік  ішуге  тыйым  салынады.  Шылым  шегуге  тек  осы  мақсат  үшін 

бөлінген орындарда рұқсат етіледі. 

Әскери қызметші қызмет және жеке мәселелері бойынша өзінің тікелей 

бастығына және оның рұқсатымен команда бойынша келесі бастыққа өтініш 

жасауы тиіс, ал ерекше жағдайларда ол үлкен бастыққа өтініш жасай алады. 

Ұсыныс,  арыз  немесе  шағым  түрінде  тікелей  өтініш  жасаған  кезде 

әскери  қызметші  Қарулы  Күштердің  тәртіптік  жарғысының  (бұдан  әрі  – 

Тәртіптік жарғы) ережелерін басшылыққа алады. 

Әскери  қызметшілер  әскери  мүліктің  ұрланғанын  немесе  бүлінгенін, 

ақшалай  қаражатты  заңсыз  жұмсауды,  әскерлерді  жабдықтауда  асыра 

пайдалануды,  қару-жарақ  пен  әскери  техниканы  ұстаудағы  кемшіліктерді 

немесе  мемлекетке  зиян  келтіретін  басқа  да  фактілерді  байқаған  кезде  бұл 


17 

туралы  тікелей  немесе  үлкен  бастыққа  баяндауға,  сондай-ақ  құқық  қорғау 

орындарына хабарлауға міндетті. 

Әскери  қызметші  мемлекеттік  басқару  органдарына,  құқық  қорғау 

органдары  мен  соттарға  лауазымды  адамдардың  мемлекеттік  органдар  мен 

қоғамдық бірлестіктердің заңсыз әрекетіне өтініш жасай алады. 

Әскери қызметші халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, соның 

ішінде  әскери  іс-қимылдар  жүргізудің,  жауынгерлік  іс-қимылдар 

ауданындағы  жаралылармен,  сырқаттармен,  қарсыластың  қарулы  күштері 

құрамынан  кеме  апатына  ұшыраған  адамдармен  және  азаматтық 

тұрғындармен,  сондай-ақ  әскери  тұтқындармен  қарым-қатынас  жасаудың 

халықаралық ережелерін білуге және мүлтіксіз сақтауға міндетті. 

Әскери  қызметші  жауынгерлік  іс-қимылдар  барысында,  тіпті  өзінің 

әскери  бөлімінен  (бөлімшесінен)  қол  үзіп,  толық  қоршауда  қалғанда  да 

тұтқынға  түсуден  қаша  отырып,  қарсыласқа  батыл  қарсылық  көрсетуге 

міндетті.  Ол  ұрыста  өзінің  жауынгерлік  борышын  аяғына  дейін  орындауға 

міндетті. 

Егер  әскери  қызметші  өз  әскерлерінен  қол  үзіп  қалып  және  қарсылық 

көрсетудің  барлық  құралдары  мен  тәсілдерін  тауысып  немесе  жарақаттану 

немесе  контузия  алу  салдарынан  дәрменсіз  жағдайда  қала  отырып, 

қарсыластың  тұтқынына  түсетін  болса,  ол  өзін  және  басқаларды  тұтқыннан 

босату  және  өз  әскерлеріне  қайтып  оралу  үшін  кез  келген  мүмкіндікті 

қарастыруы  және  пайдалануы  тиіс.  Қарсылас  тұтқынға  алған  әскери 

қызметшінің  жауап  алу  кезінде  тек  өз  тегін,  атын,  әкесінің  атын,  әскери 

атағын,  туған  күнін  және  жеке  нөмірін  айтуға  құқығы  бар.  Ол  жауынгер 

абыройын ұстауға, мемлекеттік құпияларды қастерлеп сақтауға, табандылық 

пен  батылдық  танытуға,  тұтқындағы  басқа  да  әскери  қызметшілерге  көмек 

көрсетуге,  оларды  жауға  жәрдемдесуден  тоқтатуға,  қарсыластың  әскери 

қызметшіні  Қазақстан  Республикасына  зиян  келтіру  үшін  пайдалану 

әрекеттерін тойтаруға міндетті. 

Тұтқынға  алынған,  бейтарап  елдерде  еркінен  айырылған  әскери 

қызметшілердің әскери қызметші мәртебесі сақталады. Әскери қолбасшылық 

және оған уәкілетті басқа да мемлекеттік басқару органдары аталған әскери 

қызметшілердің  құқықтарын  қорғау  және  олардың  Отанына  қайтып  оралуы 

жөнінде  халықаралық  құқық  нормаларына  сәйкес  шаралар  қабылдауға 

міндетті. 

Әрбір  әскери  қызметшінің  лауазымдық  міндеттері  бар,  ол  атқаратын 

лауазымына сәйкес оған тапсырылған қызметтер мен міндеттердің іс жүзінде 

орындалу  көлемі  мен  шектерін  айқындайды.  Лауазымдық  міндеттер  тек 

қызмет мүддесінде қолданылады. 

Осы  міндеттер  жалпыәскери  жарғылармен,  тиісті  басшылықтармен, 

ережелермен,  нұсқаулықтармен  немесе  тура  бастықтардың  жазбаша 

бұйрықтарымен айқындалады. 

Жауынгерлік  кезекшілікте,  жауынгерлік  қызметте,  тәуліктік  және 

гарнизондық  нарядтарда  болған  кезде  табиғи  және  техногендік  сипаттағы 


18 

төтенше  жағдайлардың  салдарларын  жою  үшін  тартылатын  әскери 

қызметшілер  арнайы  міндеттерді  орындайды.  Бұл  міндеттер  және  оларды 

орындау тәртібі заңнамамен, жалпыәскери жарғыларымен белгіленеді. 

Арнайы  міндеттерді  орындау  үшін  әскери  қызметшілерге  заңнамалық 

актілермен  және  жалпы  әскери  жарғыларымен  айқындалатын  қосымша 

құқықтар берілуі мүмкін. 

Бұйрық – бұл командирдің (бастықтың) қызмет бойынша қандай да бір 

іс-қимылды орындау немесе тоқтату туралы талабы. 

Бұйрық  әскери  қызметшілердің  біреуіне  немесе  тобына  жазбаша, 

ауызша немесе байланыстың техникалық құралдары арқылы берілуі мүмкін. 

Жазбаша  бұйрық  әскери  бөлімдер  командирлерінің  дара  басшылық 

құқықтарында  шығарылатын  әскери  басқарудың  негізгі  қызметтік  басқару 

құжаты  (құқықтық  актісі)  болып  табылады.  Жазбаша  бұйрықтар  беру 

құқығын әскери бөлім командирі және одан жоғары командирлер (бастықтар) 

пайдаланады. 

Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер (бастықтар) береді. 

Өкім – бағыныстыларға міндеттерді жеткізу нысаны. 

Бұйырым  –  жеке  мәселелер  бойынша  бағыныстыларға  міндеттерді 

жеткізу нысаны. 

Өкім  мен  бұйырымды  әскери  бөлім  командирі  атынан  бөлімнің  штаб 

бастығы  немесе  гарнизон  бастығы  атынан  гарнизонның  штаб  бастығы 

ауызша жеткізеді, сондай-ақ жазбаша құжаттарда болуы мүмкін. 

Командир  (бастық)  бұйрық  берер  алдында  жағдайды  жан-жақты 

бағалауға және оны орындауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға 

міндетті. Кейіннен командир (бастық) оның орындалуына бақылауды жүзеге 

асыруға  міндетті.  Командир  берілген  бұйрыққа  және  оның  салдарларына, 

бұйрықтың заңнамаға сәйкес келуіне, сондай-ақ билікті асыра пайдаланғаны 

және  берілген  бұйрықтағы  билікті  немесе  қызметтік  өкілеттіліктерін  асыра 

пайдаланғаны  үшін  және  оны  орындау  жөнінде  шаралар  қабылдамағаны 

үшін жауаптылықта болады. Бұйрық қысқа және түсінікті жазылуы, екіұдай 

түсінуге жол бермеуі және бағыныстының күдігін тудырмауы тиіс. 

Бұйрықтар  бағыныстылық  тәртібімен  беріледі.  Ерекше  қажет  болғанда 

үлкен  бастық  оның  тікелей  бастығын  жанай,  бағыныстыға  бұйрық  бере 

алады.  Бұндай  жағдайда  ол  бағыныстының  тікелей  бастығына  бұл  туралы 

хабарлайды, ал бағынысты өзінің тікелей бастығына баяндайды. 

Командирдің  (бастықтың)  бұйрығы  мүлтіксіз,  тура  және  мерзімінде 

орындалуы тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алып «Құп болады» деп жауап 

береді, одан кейін оны орындайды. 

Қажет  кезде  командир  (бастық)  өзінің  берген  бұйрығын  дұрыс 

түсінгеніне  көз  жеткізу  үшін  оны  қысқаша  қайталауды  талап  ете,  ал 

бұйрықты  алған  әскери  қызметші  командирге  (бастыққа)  оны  қайталауды 

сұрап өтініш жасай алады. 

Алынған бұйрықтың орындалуы туралы әскери қызметші бұйрық берген 

бастыққа және өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті. 


19 

Егер бұйрықты орындаушы әскери қызметші қызмет жағдайы бойынша 

басқа  үлкен  бастықтан  жаңа  бұйрық  алып,  оны  орындауға  бірінші  бұйрық 

кедергі  жасаса,  ол  бұл  туралы  екінші  бұйрық  берген  бастыққа  баяндайды 

және  ол  қолдаған  жағдайда  соңғысын  орындайды.Жаңа  бұйрық  беруші 

бірінші бұйрықты берген бастыққа бұл туралы хабарлауға міндетті. 

Командирлердің  (бастықтардың)  бұйрықтарына  шағымдану  оларды 

орындауды  тоқтатпайды.  Бағынысты  алынған  бұйрыққа  оны  орындағаннан 

және  бұйрық  берген  адамға  баяндағаннан  кейін  шағымдануға  құқылы. 

Бағынысты  командирдің  (бастықтың)  көрінеу  заңсыз  берілген  бұйрығын, 

егер ол заңнамаға анық қайшы келсе, орындамауы тиіс. Алынған бұйрықты 

орындау  мүмкін  болмаған  жағдайда  бағынысты  бұл  туралы  себептерін 

көрсете отырып, командирге (бастыққа) баяндауға міндетті. 

Әскери  қызметші  оған  қойылған  міндеттерді  табысты  орындау 

мақсатында  дұрыс  бастама  танытуға  міндетті.  Ол,  әсіресе  жағдай  әскери 

қызметшінің  алынған  міндетті  орындау  мүддесінде  тез  іс-қимыл  жасауын 

талап еткенде қажет. 

 

Қозғалыста орындалатын бұрылыстар 

Қозғалыста  бөлімшемен  бірге  бұрылуды  үйрету  көрсетуден  басталады. 

Бөлімше  командирінің  оңға  бұрылуды  толық  көрсеткеннен  кейін  бұрылыс 

бөлшек  бойынша  үш  санға  орындалады.  Командир  былай  бұйырады: 

«Қозғалыста оңға бұрылу, бөлшек бойынша оңға бас – БІР, ЕКІ, ҮШ» «Бір» 

дегеннен кейін саптық қадамды оң жақ аяқпен алға қою қажет, қолдық тактке 

құлаштай  отырып,  бір  мезгілде  қолды  түсіріп,  оң  аяқтың  ұшын  сол  аяқтың 

табанына әкеліп, қолды түсіріп тоқтап, дене ауырлығы сол аяққа түсіп, ал оң 

аяқ жерге тиіп тұру керек. «Екі» деген бұйрықтан кейін сол аяқтың ұшымен 

оқыс  оңға  бұрылып,  бұрылыспен  бір  уақытта  оң  аяқты  алға  қойып,қолды 

төмен  түсіріп,  аяқты  жерге  тигізеді,  ал  «үш»  деген  бұйрықтан  кейін  сол 

аяқты  қояды.  Келесі  «Бір,  екі,  үш»  деген  сандардан  кейін  жаттығу  басынан 

басталып әрі қарай жаттықтырылады.  

Жаттықтыру үшін бөлімше командирі бөлімшені бірінші екіншіге санап, 

оқушыларды  сегіз  қадамға  бірі-біріне  қарсы  қойып,  олардың  әр  қайсысы 

саптық алаңның ішінде болуы үшін араларында төрт қадам интервал болады. 

Жаттытықтыру  төрт  санға  жасалады.  «Қозғалыста  оңға  бұрыл»  деген 

бұйрықтан кейін «бір, екі, үшке» саналады. «Бір, екі» деген саннан кейін төрт 

бұрыштың сызығы бойынша екі қадам алға жасалады, ал  «үш» деген қатты 

айтылған  саннан  кейін  сол  аяқпен  қадам  және  сол  аяқтың  табанымен  оңға 

бұрылады,  бір  мезгілде  оң  аяқты  алға  шығарып,  «төрт»  деген  саннан  кейін 

аяқты  жерге  қояды.  Келесі  «бір,екі,  үш,  төрт»  деген  саннан  кейін  жаттығу 

«Тоқта» деген бұйрыққа дейін орындалады. Оқушылар қозғалысты 4×4 төрт 

бұрышы  бойыншга  орындайды.  Басында  қозғалыс  ырғағы  минутына  60 

қадам  жасайды,  содан  кейін  минутына  дабыл  бойынша  110–120  қадам 

жасайды.  


20 

Солға  бұрылуды  жаттықтырудан  бұрын  бөлімше  командирі  қозғалыста 

оңға  қалай  бұрылады  дәл  солай  солға  бұрылатынын  түсіндіреді.  Бір  ғана 

айырмашылығы  солға  бұрылыс  төрт  қадамнан  кейін  орындалады.  Орындау 

пәрмені сол аяқты жерге қою кезінде бір уақытта беріледі. Жаттықтыру үшін 

бөлімше  командирі  бөлімшені  бір  қадамға  артқа  жылжытады  және  саптық 

алаңның  сыртқы  сызығы  бойынша  оларды  орналастырады.  Бұрылысты 

орындау  «Қозғалыста  төрт  санға  солға  бұрылуды  – баста»  деген бұйрықтан 

кейін орындалады. «Бр, екі, үш» деген сандардан кейін төрт бұрыштың ішкі 

сызығының бойында үш қадам алға жасап, ал «ТӨРТ» деген саннан кейін оң 

аяқпен  қадам  және  сол  аяқпен  қадам  және  сол  аяқтың  табанымен  оңға 

бұрылады,  бір  мезгілде  сол  аяқты  алға  шығарып,  аяқты  жерге 

қояды.Жаттықтыру  оқушылардың  өздерінің  есебі  бойынша  немесе  дабыл 

бойынша  тоқтатылуы  мүмкін.  Жаттығуды  жақсы  меңгеріп  алу  үшін  саптық 

алаңның сыртық сызығының бойымен және төрт бұрыш бойынша қозғалыста 

оңға  және  солға  бұрылу  жаттығуларын  орындату  ұсынылады.  Сол  кезде 

оқушылар бір-бірінен төрт қадамға интервалда болады (қосымша Е).  

Қозғалыста  үйіріліп  айналуды  үйрету  алдында  бөлімше  командирі 

Саптық  жарғының  сәйкес  баптарының  талаптарын  жеке  құраммен  оқиды. 

Қозғалыста үйіріліп айналу аса мұқият мңгеруді және аса ұзақ дайындалуды 

талап  етеді.  Бөлімше  командирі  оқушылардың  назарын  қозғалыста  үйіріліп 

айналу қозғалыста оңға және солға бұрылудан қарағанда екі аяқтың ұшымен 

жасалатынын  және  қозғалыстан  кейін  сол  аяқтан  бастап  аяқ  жерге  тиетінін 

ерекше  аудартады.  Бұрылыстан  кейін  табанға  түсу  ұсынылмайды.  Бөлімше 

командирі қозғалыста үйіріліп айналу «Баста» деген бұйрық аяқты жерге қою 

кезінде  бір  мезгілде  беріліп,  кейін  үш  санға  бұрылыс  орындалады. 

Қозғалыста  үйіріліп  айналуды  үйрету  «Қозғалыста  үйіріліп  айналуды 

бөлшектеп баста – БІР, ЕКІ, ҮШ» деген бұйрық бойынша бөлшек бойынша 

төрт  санмен  орындалатынын  түсіндіреді.  Үйіріліп  айналу  үшін  «бір»  деген 

саннан кейін оқушылар сол аяқпен бір қадам алға басып, сол қалыпта қалады. 

«Екі»  деген  саннан  кейін  дене  ауырлығын  сол  аяққа  ауыстыра  отырып,  оң 

аяқты  жарты  қадамға  алғы  басады  және  бірне  солға  (қосымша  Ж),  сол  қол 

жаққа  оқыс  бұрылып,  екі  аяқтың  табанында  тұрады.  «Үш»  деген  саннан 

кейін  сол  жақ  аяқтан  бастап  алға  қадам  басады  және  «төрт»  деген  саннан 

кейін  оң  аяғын  қояды.  Жаттығу  осылай  жалғасып,  кері  бағытта  бөлімше 

командирінің  санауы  бойынша,  содан кейін оқушылардың  санауы  бойынша 

немесе дабыл бойынша жалғасады.  

Үіріліп  айналуды  орындау  кезінде  бұрылыстың  оқыстығына  және, 

сонымен  қатар,  қолдың  қимылына  ерекше  назар  аударылады.  «Екі»  деген 

санаудан кейін, бірінші оң аяқ жарты қадамға алға шығады (аяқпен бірге сол 

қолды  да  шығару  керек),  ал  оң  жақты  артта  қалдырады.  Оң  жақ  аяқты 

табанға қою кезінде қолдары төмен түсу қажет. Бұрылыс басында екі аяқтың 

да табанына қоюда қол төмен түседі. «Үш» деген санаудан кейін оң жақ қол 

қозғалысты алға бастайды, ал сол қол артта қалады.  



21 

Аталған  жаттығуды  жаттықтыруда  «үш  қадам  алға  бас,  қозғалыста 

үйіріліп  айналуды  баста»  деген  бұйрықтан  кейін  үш  қадам  алға  басып, 

кешенді түрде өткізілуі мүмкі. «Бір, екі, үш» деген санаудан кейін үш қадам 

алға  жасалады  және  «төрт»  дегеннен  кейін  үйіріліп  айналу  жаттығуы 

орындалады.  

Сабақты  аяқтағаннан  кейін  бөлімше  командирі  қозғалыста  саптық 

қадаммен  жаттықтырып,  барлық  оқушылардың  бір  мезгілде  бұрылысты 

орындалуына  қол  жеткізеді.  Ол  үшін  оларды  саптық  алаңда  төрт  қадам 

алшақтықта  тұрғызады  және  30  секунд  ішінде  саптық  алаңның  сыртық 

сызығы  бойынша  жүріп  өту  үшін  көрсетеді.  «Саптық  қадаммен  алға  бас» 

деген  бұйрық  бойынша  оқушылар  қозғалысты  бастайды,  ал  бөлімше 

командирі  оларды  бақылайды  және  отыз  секундтан  кейін  «Тоқта»  деп 

бұйырады.  Осы  бұйрық  бойынша  оқушылар  тоқтайды,  «Еркін»,  «Жөндел» 

деген бұйрық бойынша қозғалысты қай жерден бастады смол жерге келді ме 

жоқ  па  екенін  қарайды.  Содан  кейін  аталған  жаттығу  дабыл  бойынша 

орындалады.  

Жүгіріп  қозғалу  кезінде  оңға  және  солға  бұрылыс  және  жартылай 

айналым  сол  бұйрықтар  бойынша  орындалады,  бір  орянда  тұрып  айналу 

және екі санға жіктеледі. Жүгіруде үйіріліп айналу сол қол жаққа бір орында 

төрт  санға  жүгіріс  тактісінде  іске  асады.  Қозғалыстағы  бұрылыстардың 

дағдыларын  бекіту  үшін  оларды  таңғы  дене  шынықтыру  жаттығуларын 

оркестр бойынша өткізу кезінде, сонымен қатар, саптық жаттығулар және ең 

үздік бөлімшеге жарыстырған кезде жүйелі түрде қосу қажет.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет