Б. Е. Абдрахманов Асқапов С. Н., Құсмиденов М. Е., Жангазин А. Ш



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата24.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#10275
1   2   3   4   5   6   7

1.3 Әскери сәлемдесуді орындау  

 

Қазақстан  Республикасы  Қарулы  күштерінің  ішкі  қызметінің  жарлығы 

барлық әскери қызметшілерді қарсы алғанда және жанынан өткенде Саптық 

жарғымен белгіленген барлық ережелерді сақтай отырып, әскери сәлемдесуге 

міндеттейді.  Әскери  қызметшілердің  әскери  сәлемдесуді  орындауы  Қазақ- 

стан  Әскерінің  және  флоттың  бір  дәстүрі  болып  саналады.  Бұл  әскери 

қызметшілердің бір-біріне деген құрметін, олардың тәртібін анықтайды және 

күнделікті  өмірдегі  мінез-құлықтың  дұрыс  дағдысын  қалыптастырады. 

Әскери  сәлемдесу  әскери  қызметшілердің  ұйымшылдығының  үлгісі,  өзара 

сыйластығының куәсі және жалпы мәдениетінің көрінісі болып табылады. 

Барлық  әскери  қызметшілер  кездескен  (озып  өткен)  кезде  Қарулы 

Күштердің  саптық  жарғысымен  (бұдан  әрі  –  Саптық  жарғы)  белгіленген 

ережелерді қатаң сақтай отырып, бір-бірімен сәлемдесуге міндетті. 

Бағыныстылар  мен  әскери  атағы  бойынша  кішілер  бірінші  болып,  ал 

олардың  жағдайлары  тең  болған  кезде  бірінші  көрген  сәлем  береді  Әскери 

сәлемдесу  кезінде  қолғап  шешілмейді.  Әскери  сәлемдесуді  қарусыз  орында 

тұрып үйрету алдында бөлімше командирі жеке құраммен дербес дайындық 

кезінде  Саптық  жарғының  талаптарын  меңгеру  қажет.  Әскери  сәлемдесуді 



22 

орындау  ережелерін  үйретуде  бірінші бас  киімсіз өткізу  керек,  ал кейін бас 

киіммен өткізу тиіс. Бөлімше командирі алдымен оқушылардың «бас киімді – 

шешу», «бас киімді – кию» амалдарын орындауын тексереді. Бас киімді киіп 

шешу  сапта  бұйрық  бойынша  орындалады.  Сапта  саптық  жаттығуларды 

орындау кезінде бас киімді сол қолда бүгілген білекпен ұстап тұру керек.  

Саптан  тыс  тұрған  оқушылар  бас  киімді  бұйрықсыз  киіп  шешеді,  сол 

жағдайда бас киім сол қолда ұстап, қолды еркін төмен түсіреді  

Орында  тұрып  бас  киімсіз  әскери  сәлемдесуді  орындаудың  ережелерін 

айтып көрсетіп болған соң, бөлімше командирі оларды бөлшек бойынша екі 

санға  «фронт  бастығы  (оң  жақта,  сол  жақта,  артқы  жақта)  орында  тұрып 

бөлшек бойынша әскери сәлем бер – БІР, ЕКІ».  

Бастық  жақындауға  бес-алты  қадам  қалғанда  «Бір»  деген  команда 

бойынша оқушылар сапта тік тұрып, егер оған қарай айналу керек болса бір 

мезгілде аяқпен басты бұрады. Қажетті жағдайда бөлімше командирі бастық 

оң  жақта  (немес  сол  жақта)  өтіп  бара  жатқанын,  көрсетіп,  бөлімше 

студенттері  оң  жақтан  сол  жаққа  (сол  жақтан  оң  жаққа)  бастарын  бұрады. 

«Екі» дегеннен кейін басты тік қойып, «Еркін» қалпында тұрады. Жаттығуды 

бөлшектері  бойынша  орында  болған  соң,  бөлімше  командирі  оқушыларды 

екі-екіден шығарып, бір оқушыны бастық ретінде оң жақтан не сол жақтан, 

әйтпесе  артқы  жақтын  келтіріп,  әскери  сәлемдесуді  жаттықтыруды 

ұйымдастырады. Жаттығуларды үйрету (әскери сәлемдесу амалдары) орында 

бас  киіммен  тұрып  бөлшектер  бойынша  бас  киімсіз  сияқты  сол  тәртіпте 

орындалады.  Осыдан  бұрын  оқушыларға  қолды  бас  киімге  қалай  қою 

дұрыстығын  түсіндіру  керек.  Ол  үшін  бөлімше  командирі  «тік  тұру» 

қалпынан  кейін  оң  қол  қысқа  жолмен  бас  киімге  қойылады,  ал  бастыққа 

бұрылу  кезінде  артында  тұрған  аяққа  бір  мезгілде  тұрған  аяғын  қояды. 

Бөлімше  командирі  оқушылардың  оң  қолдың  алақаны  тік  болуына  назар 

аударады,  бармақтары  бәрі  бірге,  ортаңғы  бармақ  бастың  самайына  тиіп 

тұрады, ал бас киімнің төменгі жақтары (күнқағардың) білек иықтың биіктігі 

бойынша  көтеріңкі  тұрады  (қосымша  З).  Қолды  бас  киімге  қоюды  үйрету 

бөлімше командирінің «қолды бас киімге қою және оны бөлшектері бойынша 

түсіру:  «БІР»  деген  командасы  бойынша  орындалады,  «Бір»  дегеннен  кейін 

оқушылар  алшақ  сапта  тұрып  жігерлене  оң  қолдарын  бас  киімге  қояды,  ал 

«Екі» деген командадан кейін оны тез төмен түсіреді.  

Бұл  жаттығу  екі-екіден  айнаға  қарап  дербес  санау  немесе  дабыл 

бойынша  орындалуы  мүмкін.  Бұл  жаттығудың  меңгерілгенінне  көзі  жеткен 

бөлімше командирі басты бастық жаққа бұрғызып күрделендіре орындатады. 

Әскери сәлемдесуді орындау толығымен бөлшексіз аяқталады.  

Қозғалыста  бас  киімсіз  әскери  сәлемдесуді  орындауды  үйрету  үшін 

бөлімше  төрт  қадамға  алшақтайды.  Бас  киімдер  алдын-ала  шешіледі  және 

ұқыпты сабақ орнынан тыс жаққа жиналады.  

Бөлімше  командирі  бастықты  кездестіріп  қалу  кезіндегі  және  бастыққа 

қарсы келе жатқан оқушылардың әскери сәлемдесу амалдарын көрсетеді. Бұл 

жаттығудың  игерілуін  бөлімше  командирі  төрт  санға  бөлшек  бойынша 


23 

көрсетеді.  Егер  бастық  қарсы  келе  жатса  онда  жаттығу  төрт  есепке 

орындалады.; егер орында тұрса алты есепке орындалажы. Жаттығу «Бастық 

оң  жақта  (сол  жақта),  қозғалыста  әскери  сәлемдесуді  бөлшек  бойынша 

орындаңдар  «бір»,  «екі»  деген  команда  бойынша  орындалады  және  т.б. 

«бірдеген  командадан  кейін  оқушылар  қадамды  сол  аяқпен  жасайды,  оны 

жерге  қою  кезінде  бір  уақытта  қолмен  қимылды  тоқтатады  және  басты 

бастық жаққа қарай бұрады. «екі, үш, төрт, бес, алты» деген сандардан кейін 

қозғалысты  қысылған  қолмен  және  бұрылған  баспен  жалғастырады.  «Бір» 

дегеннен кейін сол аяқты жерге қойып басты тік ұстап қолмен қимылдауды 

жалғастырады.  Содан  кейін  үш  еркін  қадам  жасап,  жаттығуды  сол  тәртіпте 

минутына 60–70 қадам ырғақпен қозғалысты қайталайды.  

Жаттығуды  бөлшектері  бойынша  меңгеріп  болған  соң,  бөлімше 

командирі  жаттықтыруға  кірісіп,  «Бастық  оң  жақта  (сол  жақта),  қозғалыста 

әскери сәлемдесуді бөлшек бойынша орындаңдар «бір», «екі» деген команда 

береді. Қозғалысы жылдамдығы минутына 110–120 қадам болу керек.  

Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштерінің  жарғысына  сүйенетін 

болсақ, онда келесі қағидаларды мысалға келтіруге болады.  

Әскери  сәлемдесу  әскери  қызметшілердің  ұйымшылдығының  үлгісі, 

өзара  сыйластығының  куәсі  және  жалпы  мәдениетінің  көрінісі  болып 

табылады. 

Барлық  әскери  қызметшілер  кездескен  (озып  өткен)  кезде  Қарулы 

Күштердің  саптық  жарғысымен  (бұдан  әрі  –  Саптық  жарғы)  белгіленген 

ережелерді қатаң сақтай отырып, бір-бірімен сәлемдесуге міндетті. 

Бағыныстылар  мен  әскери  атағы  бойынша  кішілер  бірінші  болып,  ал 

олардың жағдайлары тең болған кезде бірінші көрген сәлем береді. 

Әскери қызметшілер одан басқа: 

– Отанның бостандығы  мен  тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда,  әскери 

борышын  орындау  кезінде  қаза  тапқан  жауынгерлердің  ескерткіштері  мен 

қабірлеріне; 

– әскери  бөлімнің  Жауынгерлік  Туына,  сондай-ақ  әскери  кемеге 

келгенде және одан кеткен кезде Әскери-теңіз жалауына; 

– әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа тағзым етуге міндетті. 

Әскери бөлімдер мен бөлімшелер сапта тұрған кезде команда бойынша: 

– Қазақстан Республикасының Президентіне; 

– барлық  тікелей  бастықтарға,  армия  генералдарына,  генерал-

полковниктерге,  адмиралдар,  сондай-ақ  әскери  бөлімде  (бөлімшеде) 

инспекциялау  (тексеру)  жүргізуге  басшылық  жасау  үшін  тағайындалған 

адамдарға; 

– Отанның бостандығы  мен  тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда,  әскери 

борышын  орындау  кезінде  қаза  тапқан  жауынгерлердің  ескерткіштері  мен 

қабірлеріне; 

– әскери  бөлімнің  Жауынгерлік  Туына,  ал  әскери  кемеде  Әскери-теңіз 

жалауына, ол көтерілген және түсірілген кезде; 

– әскери бөлімшелер ілескен қарулы топқа; 


24 

– кездескен кезде бір-біріне сәлемдеседі. 

Саптан  тыс  болған  кезде  сабақтар  уақытында  және  сабақтан  бос 

уақытында  әскери  бөлімдердің  (бөлімшелердің)  әскери  қызметшілері 

Бастықтарға  «Тік  тұр»  немесе  «Тұр.  Тік  тұр»  командалары  бойынша 

сәлемдеседі. 

Саптан тыс сабақтарда, сондай-ақ тек офицерлер ғана қатысып отырған 

кеңес  уақытында  командирлерге  (бастықтарға)  әскери  сәлемдесу  үшін 

«Офицер мырзалар» деген команда беріледі. 

«Тік  тұр»,  «Тұр.  Тік  тұр»  немесе  «Офицер  мырзалар»  командасын 

қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені немесе келген командирді 

(бастықты) бірінші көрген әскери қызметші береді. 

Осы  команда  бойынша  барлық  қатысушылар  орындарынан  тұрады, 

келген  командир  (бастық)  жаққа  бұрылады  және  саптық  қалыпты 

қабылдайды. 

Қатысушы  командирлердің  (бастықтардың)  үлкені  келушіге  жақындап, 

оған  баяндайды.  Мысалы:  «Полковник  мырза.  Бөлімнің  офицерлер  құрамы 

кеңеске жиналды. Бөлім штабының бастығы майор Артықов». 

Келген  командир  (бастық)  баянатты  қабылдап,  «Еркін  тұр»  немесе 

«Офицер  мырзалар»  командасын  береді,  ал  баяндаушы  осы  команданы 

қайталайды, бұдан соң барлық қатысушылар «еркін тұр» күйін қабылдайды. 

«Тік  тұр»  немесе  «Тұр.  Тік  тұр»  командасын  беру  және  командирге 

(бастыққа)  баяндау  ол  әскери  бөлімге  немесе  бөлімшеге  осы  күні  алғаш 

келгенде  жүзеге  асырылады.  Кеме  командиріне  «Тік  тұр»  командасы  оның 

кемеге әрбір келуі (кемеден түсуі) кезінде беріледі. 

Аға  командир  (бастық)  болған  кезде  кішіге  әскери  сәлемдесу  үшін 

команда берілмейді және баяндау жүзеге асырылмайды. 

Сыныптық  сабақтар  өткізу  кезінде  «Тік  тұр»,  «Тұр.  Тік  тұр»  немесе 

«Офицер мырзалар» командасы әрбір сабақ алдында және ол аяқталған кезде 

беріледі. 

«Тік  тұр»,  «Тұр.  Тік  тұр»  немесе  «Офицер  мырзалар»  командасы 

командирге  (бастыққа)  баяндау  алдында,  егер  бұл  ретте  басқа  да  әскери 

қызметшілер  қатысып  отырған  жағдайда  беріледі,  ал  олар  болмаған  кезде 

командирге (бастыққа) тек баяндалады. 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Әнұраны  (бұдан  әрі  – 

Мемлекеттік  Әнұран)  орындалған  кезде  сапта  тұрған  әскери  қызметшілер 

командасыз  саптық  қалыпты  қабылдайды,  ал  взвод  және  одан  жоғары 

бөлімшелердің командирлері қолдарын бас киіміне апарады. 

Саптан тыс тұрған әскери қызметшілер Мемлекеттік Әнұран орындалған 

кезде  саптық  қалыпты  қабылдайды,  оң  қолының  алақанын  кеудесінің  сол 

жағына  (осы  рәсімді  орындауға  қарумен  және  жабдықпен  тұрған 

жағдайларда кедергі келтіруі мүмкін) қояды. 

Әскери бөлімдер мен бөлімшелерге әскери сәлемдесуді орындау үшін: 


25 

– әскери  бөлімді  немесе  бөлімшені  жауынгерлік  әзірліктің  жоғары 

дәрежесіне келтіру кезінде, маршта, сондай-ақ тактикалық сабақтар мен оқу-

жаттығуларда; 

– басқару  пункттерінде,  байланыс  тораптарында  және  жауынгерлік 

кезекшілік пен жауынгерлік қызмет атқару орындарында; 

– оқ ату (жіберу) уақытында атыс шебі мен атыс (бастапқы) бекінісінде; 

– ұшуларды жүргізу уақытында әуеайлақтарда; 

– құрылыс, 

шаруашылық 

жұмыстарын 

немесе 


оқу-жаттығу 

мақсатындағы жұмыстарды орындау уақытында, сондай-ақ шеберханаларда, 

парктерде, ангарларда, зертханаларда; 

– спорттық жарыстар мен ойындар барысында; 

– тамақ  ішу  кезінде,  «Ұйқыға»  белгісінен  кейін  және  «Тұрыңдар» 

белгісіне дейін; 

– моншаларда  және  сырқаттарға  арналған  үй-жайларда  команда 

берілмейді. 

Санамаланған  жағдайларда  бастық  немесе  үлкен  келген  бастыққа  тек 

баяндайды. 

Мысалы:  «Майор  мырза,  төртінші  танк  ротасы  оқу-жаттығу  оқ 

атуларының  екінші  жаттығуын  орындауда.  Рота  командирі  капитан 

Жотабаев». 

Қаралы топқа қатысушы бөлімшелер әскери сәлемдесуді орындамайды. 

Әскери  бөлімде  өткізілетін  салтанатты  жиналыстарда,  конференция- 

ларда,  сондай-ақ  спектакльдерде,  концерттер  мен  кинода  әскери  сәлемдесу 

үшін команда берілмейді және командирге (бастыққа) баяндалмайды. 

Жеке  құрамның  жалпы  жиналыстарында  әскери  сәлемдесу  үшін  «Тік 

тұр» немесе «Тұр. Тік тұр» командасы беріледі және командирге (бастыққа) 

баяндалады. 

Мысалы:  «Подполковник  мырза.  Батальонның  жеке  құрамы  жалпы 

жиналысқа келді. Батальон штабының бастығы майор Манабаев». 

Бастықтың  немесе  үлкеннің  «Сәлеметсіздер  ме,  жауынгерлер  (офицер 

мырзалар)»  деген  сәлемдесуіне  сапта  немесе  саптан  тыс  тұрған  барлық 

әскери  қызметшілер  «Сәлеметсіз  бе»  деп  жауап  береді;  егер  бастық  немесе 

үлкен «Сау болыңдар, жауынгерлер (офицер мырзалар)» деп қоштасса, онда 

әскери  қызметшілер:  «Сау  болыңыз»  деп  жауап  береді.  Жауаптың  соңына 

«мырза  (ханым)»  сөзі  және  әскер  тегі  немесе  қызметі  көрсетілмей,  әскери 

атағы қосылады. 

Мысалы:  «Сәлеметсіз  бе,  кіші  сержант  мырза»,  «Сау  болыңыз,  бас 

старшина мырза», «Сау болыңыз, лейтенант мырза». 

Егер  командир  (бастық)  қызмет  тәртібімен  әскери  қызметшіні 

құттықтаса  немесе  оған  алғыс  айтса,  онда  әскери  қызметші  командирге 

(бастыққа): «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деп жауап береді. 

Егер  командир  (бастық)  әскери  бөлімді  (бөлімшені)  құттықтаса,  ол 

созылыңқы  түрде  үш  дүркін  «Урамен»  жауап  береді,  ал  егер  командир 



26 

(бастық)  алғыс  айтса,  әскери  бөлім  (бөлімше)  «Қазақстан  Республикасына 

қызмет етеміз» деп жауап береді. 

 

 



1.4 Бөлімшенің жаяу тәртіпте саптық қалыптасуы 

 

Бөлімшенің,  зводтың  және  ротаның  саптық  қалыптасуы  деп,  жайылған 



және жаяу саптарда, сонымен қатар, қарумен және қарусыз әр түрлі саптық 

жаттығуларды нақты, әдемі, біркелкі және клісілген әрекеттерін айтады. Бұл 

негізінен  жоспарлы  саптық  және  басқа  да  сабақтарда,  сонымен  қатар, 

күнделікті  өмірдегі  барлық  сапталу  мен  қозғалыстарда  жүзеге  асырылады. 

Саптық  қалыптасудың  элементтері  тактикалық  дайындық  бағдарламасы 

бойынша өткізілетін тактикалық саптық сабақтарда тәжірибелі қолданылады. 

Бұл сабақтар, яғни саптық және тактикалық дайындықтардың жаттығуларын 

қосқанда  оқушыларды  тактикалық  сабақтарда  қалыптасқан  әрекеттерге 

үйретіп, майданда епті әрекеттенуді үйретуге мүмкіндік туғызады.  

Бөлімшенің  қалыптасуы  тактикалық  саптық  сабақтарда  жүзеге 

асырылады және тактикалық сабақтар мен оқуларда жетілдіріледі. Бөлімшені 

саптық қалыптасыру бойынша сабқтар жеке құрамды сапталу алдында жеке 

құрам  сабаққа  қару-жарақтармен  және  оқ-дәрілермен  шығу  керектігін 

түсіндіру  қажет.  Бөлімше  командирі  алдымен  оқушылардың  жасайтын 

әрекеттерін  көрсетеді.  Сапталу  дайындық  барысында:  өзінің  қаруын 

түзелгенін  тексеру  әдісі,  бекініс  құралдарының  жеке  қорғанысын,  киінуін 

және  жабдықталуын,  содан  кейін  оқушылардың  дұрыс  киінуін  және  қару-

жарақтардың  дұрыс  тағылуын  тексереді.  Содан  кейін  командир  аталған 

шаралар аяқталған соң ұқыпты киінуді және қару-жарақтарды дұрыс қоюды 

тексеру үшін бір студенткен тапсырады. Саптыға оқушылардың міндеттерін 

оқыту саптау кезінде және жайылған саптағы әрекетте көрсетеді.  

Сержанттар  (старшиналар)  құрамының  келісімшарт  бойынша  әскери 

қызметшілері  үшін  рота  (бөлімше)  командирі  бекіткен  кестеге  сәйкес 

ұйқыдан  тұрғызғанға  дейін  он  бес  минут  бұрын  рота  (бөлімше)  сержанты 

немесе  взводтар  сержанттарының  (взводтар  командирлерінің  орынбасар- 

ларының)  біреуі  рота  (бөлімше)  орналасқан  жерге  келеді  және  казармада 

орналасқан  жеке  құрамның  таңертеңгі  ұйқыдан  тұруын  бақылайды. 

Взводтарда  бақылауды  бөлімшелер  командирлері  кезекпен  жүзеге  асыра 

алады. 

Бөлімшелерді  мерзімді  әскери  қызметтің  сержанттарымен  (старшина- 



ларымен)  жасақтау,  сондай-ақ  бөлімшелерді  оқу  орталықтарында,  полигон- 

дарда және лагерьлерде орналастырған кезде «Ұйқыдан тұр» белгісіне дейін 

он минут бұрын рота (бөлімшелер) бойынша кезекші взводтар сержанттары 

(взводтар  командирлерінің  орынбасарлары)  мен  рота,  батальон  сержантын 

(рота старшинасын) ұйқыдан тұрғызуды жүргізеді. 

Белгіленген  уақытта  «Ұйқыдан  тұр»  белгісі  бойынша  ротаны 

(бөлімшені) жалпы ұйқыдан тұрғызу жүргізіледі. 


27 

Ұйқыдан  тұрғаннан  кейін  жеке  құрамға  дәретханаға  баруға  уақыт 

беріледі,  таңертеңгі  дене  жаттығуы,  үй-жайлар  мен  аумақты  жинау,  төсек-

орындарын  реттеу  жүргізіледі,  әскери  қызметшілердің  жеке  гигиенаны 

орындауы және таңертеңгі тексеру ұйымдастырылады. 

Таңертеңгі тексеру үшін рота (бөлімшелер) бойынша кезекшінің: «Рота 

(батальон), таңертеңгі тексеру үшін – сапқа тұр» командасы бойынша әскери 

қызметшілер  көрсетілген  орынға  сапқа  тұрады,  іссапарға  келгендер  сол 

қапталға  тұрады.  Рота  (бөлімшелер)  бойынша  кезекші  ротаны  (бөлімшені) 

сапқа  тұрғызып,  рота  старшинасына  ротаның  (бөлімшенің)  қарауға  әзірлігі 

туралы  баяндайды  және  оның  нұсқауы  бойынша  таңертеңгі  тексеру 

жүргізіледі. 

Келісімшарт 

бойынша 


әскери 

қызметшілер 

бөлім 

(бөлімше) 



командирінің  шешімі  бойынша  таңертеңгі  тексеруге  кезең-кезеңмен 

қатысады. 

Таңертеңгі  тексерулерде  әскери  қызметшілердің  болуы  мен  сыртқы 

пішіні, олардың жеке гигиенаны сақтауы тексеріледі. 

Таңертеңгі  тексеру  барысында  анықталған  кемшіліктерді  жою  ұйым- 

дастырылады. Взводтарда таңертеңгі тексерулерді жүргізген сержанттар рота 

старшинасына тексеру нәтижелері туралы баяндайды. 

Рота  (бөлімшелер)  бойынша  кезекші  медициналық  көмекті  қажет 

ететіндерді  сырқаттарды  жазу  кітабына  жазады,  оны  рота  старшинасына 

ұсынады  және  ол  қол  қойғаннан  кейін  оны  бөлімнің  медициналық пунктіне 

(медициналық  ротаға)  жібереді.  Белгіленген  уақытта  рота  (бөлімшелер) 

бойынша  кезекші  көрсетілген  әскери  қызметшілерді  ротаның  санитарлық 

нұсқаушысының  (фельдшерінің)  командасымен  бөлімнің  медициналық 

пунктіне (медициналық ротаға) жібереді. Санитарлық нұсқаушы (фельдшер) 

ол  жерде  медициналық  қарау  аяқталғанға  (медициналық  көмек 

көрсетілгенге) және сырқаттарды емдеу туралы шешім қабылданғанға дейін 

болады. 

Мерзімді  қызмет  әскери  қызметшілерінің  аяқтарының,  ұйықтарының, 

шұлғауларының  және  іш  киімдерінің  жай-күйі  кезең-кезеңімен,  әдетте 

ұйықтар алдында тексеріледі. 

Кешке,  тексеру  алдында,  күн  тәртібімен  көзделген  уақытта  рота 

старшинасының  басшылығымен  кешкі  серуендеу  жүргізіледі.  Кешкі 

серуендеу  уақытында  жеке  құрам  бөлімшелер  құрамында  саптық  әндерді 

орындайды.  Серуендеуден  кейін  рота  (бөлімшелер)  бойынша  кезекшінің: 

«Рота  (батальон)  кешкі  тексеруге  –  сапқа  тұр»  командасы  бойынша  әскери 

қызметшілер  тексеру  үшін  сапқа  тұрады.  Рота  (бөлімшелер)  бойынша 

кезекші  ротаны  (бөлімшені)  сапқа  тұрғызып,  рота  старшинасына  ротаның 

(бөлімшенің) кешкі тексеруге сапқа тұрғызылғандығы туралы баяндайды. 

Рота  старшинасы  «Тік  тұр»  командасын  беріп,  тексеруге  кіріседі.  Ол 

тексеру  басталар  алдында  олардың  жасаған  ерліктері  үшін  немесе  құрметті 

сарбаз  ретінде  ротаның  (бөлімшенің)  тізіміне  мәңгіге  енгізілген  әскери 

қызметшілердің  әскери  атағын,  тегін  атайды.  Көрсетілген  әскери 



28 

қызметшілердің  тегін  атаған  кезде  бірінші  взводтың  оң  қапталдағысы: 

«Мынадай (әскери атағы мен тегі) әскери міндетін орындау кезінде Отанның 

бостандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  ұрыста  ерлікпен  қаза  тапты»  немесе 

«Ротаның құрметті сарбазы (әскери атағы мен тегі) запаста (отставкада)» деп 

баяндайды. 

Осыдан  кейін  рота  старшинасы  ротаның  (бөлімшенің)  жеке  құрамын 

атаулы  тізім  бойынша  тексереді.  Өз  тегін  естіген  әрбір  әскери  қызметші: 

«Мен» деп жауап береді. Жоқтар үшін бөлімше командирі жауап береді. 

Мысалы: «Қарауылда», «Демалыста». 

Тексеру  аяқталғаннан  кейін  рота  старшинасы  «Еркін  тұр»  командасын 

береді, барлық әскери қызметшілерге белгілі болуы тиіс бұйрықтарды, келесі 

күнге  наряд  құрамын  жариялайды  және  жауынгерлік  әзірлік  бойынша  және 

өрт жағдайына жауынгерлік есеп жүргізеді (нақтылайды). Взводтарда кешкі 

тексерулерді  жүргізген  сержанттар  келесі  күнге  кезекті  жинаушыларды 

тағайындайды.  Содан  соң  жеке  құрамға  жеке  гигиена  үшін  уақыт  беріледі. 

Белгіленген  уақытта  рота  (бөлімше)  бойынша  кезекші  «Ұйқыға  жат» 

командасын  береді  және  кезекші  жарық  жағылады.  Әскери  қызметшілер 

ұйықтауға жатады. 

Ұйықтау  үшін  күн  тәртібімен  белгіленген  уақытты,  әскери 

қызметшілерді  түнгі  сабақтар  мен  жаттығуларға,  оқу-жаттығуларға, 

марштарға,  кемелер  жорығымен  жауынгерлік  және  жұмылдыру  әзірлігінің 

басқа  да  іс-шараларына  тартқан  жағдайлардан  басқа,  қысқартуға  тыйым 

салынады. 

Ротада  (бөлімшеде)  таңертеңгі  тексеру  мен  кешкі  тексеру  уақытында 

рота  (бөлімше)  командирі  немесе ротаның  (бөлімшенің)  бір офицері  болған 

кезде рота старшинасы оған қарау (тексеру) нәтижелері туралы баяндайды. 

Таңертеңгі  тексеру  мен  кешкі  тексеруден  кейін  роталар  (бөлімшелер) 

бойынша кезекшілер бөлім бойынша кезекшіге баяндаумен келеді және жеке 

құрамның  болуы  туралы  және  жоқ  болғандар  туралы  мәліметтерді,  ал  өз 

еркімен кетіп қалғандар болса, олардың тегін ұсынады. 

Әскери бөлім штабының жоспары бойынша жалпы батальондық немесе 

бригадалық  (полктік)  кешкі  тексерулер  кезең-кезеңмен  жүргізіледі.  Кешкі 

тексеру  өткізу  үшін  бөлім  командирі  белгілеген  орын  жарық  болуы  және 

батальонның  (бригаданың,  полктің)  барлық  бөлімшелеріне  уақтылы 

жеткізілуі тиіс. 

Жалпы  батальондық  (бригадалық,  полктік)  тексерулерде  батальонның 

(бригаданың, полктің) барлық жеке құрамы қатысуы тиіс. 

Барлық  жеке  құрамды  атаулы  тізім  бойынша  тексеруді  роталар 

(бөлімшелер)  командирлері  жүргізеді  және  нәтижелері  туралы  батальон 

командиріне баяндайды. 

Жалпы  бригадалық  (полктік)  тексерулерде  батальондар  мен  жеке 

бөлімшелер  командирлері  тексеру  нәтижелері  туралы  бригада  (полк) 

командиріне  баяндайды.  Бригаданың  (полктің)  штаб  бастығы  немесе  оның 

нұсқауы  бойынша  штаб  бастығының  саптық  бөлім  және  кадрлар  жөніндегі 


29 

аға  көмекшісі  әскери  бөлім  басқармасының  (штабының)  жеке  құрамын 

тексереді  және  олардың  нәтижелері  туралы  бригада  (полк)  командиріне 

баяндайды. 

Жалпы  батальондық  (бригадалық,  полктік)  тексеру  аяқталғаннан  кейін 

батальон  (бригада,  полк)  командирі  «Тік  тұр»  командасын  береді  және 

оркестрге «Арайды» ойнауды бұйырады. Жалпы бригадалық (полктік) кешкі 

тексерулерді  жүргізу  кезінде  «Арайды»  ойнап  біткеннен  кейін  оркестр 

ойнайды,  ал  әскери  қызметшілер  өз  бетінше  саптық  қалыпты  қабылдайды 

және Мемлекеттік Әнұранды орындайды. Одан кейін бөлімшелер оркестрдің 

салтанатты  маршымен  әскери  бөлім  командирінің  жанынан  әскери 

сәлемдесуді  орындаумен  өтеді  және  өздерінің  орындарына  тарайды. 

Батальонда  (бригадада,  полкте)  оркестр  болмаған  кезде  техникалық  дыбыс 

жазбасын ойнату құралдары пайдаланылады. «Арайды» ойнау басталысымен 

взвод  және  одан  жоғары  бөлімшелер  командирлері  қолын  бас  киіміне 

апарады  және  оны  оркестр  ойнауды  аяқтағаннан  кейін  батальон  (бригада, 

полк) командирі беретін «Еркін тұр» командасы бойынша түсіреді. 

Жалпы батальондық, бригадалық (полктік) кешкі тексерулер нәтижелері 

туралы командир (бастық) техникалық байланыс құралдары арқылы тікелей 

командирге (бастыққа) дереу баяндайды. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет