Барлық оқушылар : тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Сөз/сөйлем сызбасын оқи алады. Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Көптеген оқушылар: тыңдау барысында тілдік бірліктерді қолданады, сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. Жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады
Кейбір оқушылар : Сызба бойынша мәтін құрай алады. Әріптерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Бағалау критерийлері
-Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
- сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады
-Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады
-сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.
-Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады.
Құндылықтарды дарыту
Шығармашылыққа, сыни тұрғысынан ойлауға,жауапкершілікке, талғампаздыққа ,
бір –біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
жаратылыстану , көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары
Үнтаспа,сызба
Бастапқы білім
Мектеп жайында көргенін әңгімелеу
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарлаған іс – әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
Ширату.
МТ. Менің қойған сұрақтарыма берген жауаптарыңыз сөйлемнен тұрады. Олар сөйлеуді құрайды. Сондықтан дұрыс байланыстырып сөйлей білуіміз керек.