Хаттама
Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі 7 «Б» сыныбында «Жол ережесін білу – бәріне міндет» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
Қатысқаны – 23
Күн тәртібінде:
«Жол ережесін білу – бәріне міндет» тақырыбында тәрбие сағатының өтілу барысы туралы
Тыңдалды:
«Жол ережесін білу – бәріне міндет» тақырыбында тәрбие сағатының мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Алдымен сынып жетекшісі Ақшора Пернекүл жол ережесі туралы түсіндіріп өтті: «Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сынып жетекшісі ары қарай тәрбие сағатында орындалатын сабақ кезеңдерімен таныстырды.
Өз орныңды тап
Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы
Қала әліппесі
МАЙ емтиханы
Сен білесің бе?
Шығармашылық жұмыс.
Тәрбие сағаты өз деңгейінде өткізілді. Оқушылар жол ережесі туралы көптеген тың деректермен танысты. Тәрбие сағатының соңында оқушылар өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, Шерубай Диас бұдан былай үнемі жол ережесін сақтап, көшеде жүргенде тәртіпті болу керек екенін айтса, Балихан Еркелді қалаға қыдырып барғанда осы сабақта үйренген нәрселерді қолданамын деп өз ойын білдірді.
Қаулы етеді:
Жол ережесі үнемі қаперде ұсталсын;
Оқушылар үнемі жол ережесі туралы білімін толықтырып отырсын;
Сынып жетекші: Ақшора П.
Хатшы: Арабдин І.
Хаттама
Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі 7 «Б» сыныбында «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
Қатысқаны – 23
Күн тәртібінде:
«Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының өтілу барысы туралы
Тыңдалды:
Тәрбие сағатының мақсаты: