Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет35/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
БІЛУ
ЖАСАЙ АЛУ
СҮЮ
ДОСТАСУ
КҮРЕСУ
ҚОРҒАУ
ЕҢБЕКТЕНУ


62
есінде қалады. Өз «менін» бекітуге, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға, 
көшбасшылық іскерліктерін шыңдауға т.б. мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс іс-шаралар – жас ұрпақтың бойында рухани-
адамгершілік қайнарын сіңіріп, жалпыадамзаттық құндылықтарды негізін 
қалауға бағытталған. Олар жан-жақты дамытуға, бос уақытты тиімді 
ұйымдастыруға септігін тигізеді. Сыныптан тыс оқу-тəрбие жұмыстары 
қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тəжірибесін жинақтайтын, жаңа 
жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды 
іске асыратын əлеуметтік ортаның бір бөлігі. Қазіргі қоғамдық өзгерістерге 
орай адамдарды еркін тəрбиелеу, əр жеке тұлғаның өзіндік қасиетімен 
икемділігін ашуға мүмкіндік беру, адамдардың өзін-өзі тəрбиелеуге ерекше 
көңіл бөлу қажет. Ізгілік ұстазы В.А.Сухомлинскийдің пікірінше, 
оқушыларды еліктетіп, жігерлендірмейінше, тəрбиенің нағыз өз мəнінде 
болуы мүмкін емес. 
Іс-шаралар – бұл оқушыларға тікелей тəрбиелік ықпал ету мақсатында 
педагогтің ұйымдастыруымен болатын оқиға, оқу, ұжымдағы жағдаят. 
Қосымша сыныптан тыс іс-шараларды, үйірмелерді, секциялар мен 
факультативтерді ұйымдастырудың мəні – баланың дарындылығын ерте 
анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның қызығушылықтарының 
жан-жақтылығын ашу, кəсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу. Сыныптан тыс 
жұмыстар төменде берілген іс-шаралар арқылы жүзеге асады (3.3 - сурет):
3.3 - cурет. Сыныптан тыс жұмыстар бойынша іс-шаралар
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыруды, 
жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде мектеп оқушыларын рухани-
адамгершілікке тəрбиелеуді, оның дамуын жəне əлеуметтенуін біріктіреді. 
Сабақтан тыс уақытта, сенбі күні балалардың бос уақытын толық қамту 
мақсатында пəн мұғалімдерінің əлеуеттерін дұрыс пайдаланған жөн. Пəн 
мұғалімдері қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды
клубтарды, сондай-ақ өз бейіндері бойынша сабақтан тыс уақытта танымдық, 
байқау, ойын-сауық бағдарламаларын, экскурсияларды жəне т.б. 
ұйымдастырады. Мұғалімнің сыныптан тыс жүргізілетін тəрбие жұмысын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет