Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет37/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71
ақ
ы
т
т
ы
 қ
амт
у
зияткерлік
патриоттық
рухани-
адамгершілік 
эстетикалық
экологиялық
экономикалық 
спорттық


64
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тəрбиелеудегі сыныптан 
тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:

оқушыларды саналы тəртіпке жəне адамгершілік мəдениетке 
тəрбиелеу;

оқушылардың сөйлеу мəдениетін, логикалық ойлауын дамыту;

оқушылардың практикалық дағдалары мен білімдерін кеңейту;

оқушылардың мəдениетті болуына, əрі қарай дамуына көмектесу;

еңбексүйгіштікке жəне ұйымшылдыққа тəрбиелеу;

үлкенді жəне кішіні сыйлау, құрметтеу адамгершілік құнды 
қасиеттерін дамыту.
Өзін-өзі танудың алғашқы қадамы: өзін-өзі тану, өзінің істеген ісінің 
салдарын білу, оны саналы түсіну. Пəн ойды, істі, өзгелермен қарым-
қатынасты саналы түсінуден басталады. «Өзін-өзі тану» пəні арқылы жеке 
тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, 
адамзаттың табиғатпен үйлесімділікпен дамуын сезіндірумен айқындалады.
Сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстар тəрбие ісімен ғана 
шектелмейді. Оқушылардың бос уақыттарындағы іс-əрекеттерін ойластырып 
ұйымдастырған сыныптан тыс жұмыстар олардың ойындағы танымдық күш 
жəне қабілеттерін арттыруға, білімін кеңейтуге, білімге деген ынтасын 
арттыруға, мəдениеттілігі мен адамгершілігіне зор ықпал етеді. 
Сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстар – педагогикалық үрдістің 
маңызды бөлігі. Олар жеке тұлғаны тəрбиелеуде, оқыту барысында бірін-бірі 
толықтырады, байытады. Сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстардың 
бірінде сабақ өткізу, атап айтқандай, оқушылардың оқу-танымдық 
мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған шараларды 
жоспарлағанда, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге, өзін қоршаған 
ортаны тани алуға, сабақта алған білімдерін тəжірбие жүзінде іске асыра 
білуге үйрету қажет. 
Рухани-адамгершілік бағытта жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды 
ұйымдастыру жəне оны өткізудің əдістемелік негіздері:
1. Сыныптан тыс жұмысты оқушылардың сабақта алған білімдері мен
дағдылары негізінде ұйымдастыру қажет;
2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы бастамасынан басталып, олардың
жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі тиіс;
3. Сыныптан тыс жұмыс белгілі бір оқу-тəрбие мақсатын көздеуі тиіс.


65
3.5 - сурет. Талап түрлері
Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптарды анықтап, орындау үшін, 
жоғарыдағы талап түрлерін 3.5 - суретте ұсынамыз.
Сыныптан тыс іс-шаралардағы танымдық міндеттердің нəтижесі:
1. Әртүрлі іске қызығушылығын жəне қабілеттерін, шеберліктері мен
дағдыларын тəрбиелеу;
2. Қоғамдық істерге жауапкершілікті, мінез-құлықтарды жəне іс-
əрекеттерді дұрыс тəрбиелеу;
3. Өзіндік білім деңгейлерін көтеруге тəрбиелеу, бос уақыттарын тиімді
пайдалану жəне қызықты ұйымдастыруға əдеттендіру;
4. Оқушылардың бос уақыттарындағы іс-əрекеттері мен сабақтан тыс
жұмыстардың түрлерін біріктіріп сəйкестендіру, сабақта алған білімдерімен 
байланыста жүргізу [20].
Оқушылардың практикалық қызметін ұйымдастыру жұмыстары баланы 
қызықтыратын, мінез-құлқының əдептеріне сай келетін, өздері саналы іс-
əрекет жасайтындай жұмыс ұйымдастырылуы қажет. 
Мектеп оқушыларының мұғалімдермен бірлесе отырып экскурсиялар 
мен жорықтарды даярлауы, өздері қамқорлыққа алған балалармен жол 
қауіпсіздігі ережелері туралы автобустарда жəне басқа көліктерде мінез-
құлық мəдениеті мен саналы іс-əрекет тəртібі туралы əңгімелер өткізеді.
Мұғалім сыныптан тыс ұйымдастыратын жұмыстардағы бұл 
тақырыптар жыл мезгілі, мерекелік кештерде, айына бір рет не екі рет 
оқушылармен серуенге, бір кездесуге шыққанда ұйымдастыруға болады. Ал 
төменгі сынып оқушыларымен екі айда бір рет өткізуге болады. Мұғалім
оқушылармен адамгершілікке тəрбиелеу бағытында күнбе-күн жұмысты 
арттырып отырады. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстарда 
жалпыадамзаттық құндылықтарды (Ақиқат, Дұрыс əрекет, Тыныштық, 
Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау) басшылыққа алуға үйретуді көздейді. 
Бастауыш сынып оқушыларын сыныптан тыс ұйымдастырылған 
жұмыстарда адамгершілікке тəрбиелеу өте маңызды. Олардың назарынан 
басқалардың іс-əрекеті мен сыртқы жағдайларға, ақыл-ой əрекетінен гөрі іс-
қимыл əрекеттеріне қызығушылығы байқалады. Сол себепті балаларды 
сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру ондағы мұғалім мен отбасы оның 
Мақсаттың айқын 
болуы
Мұғалім мен 
балалардың 
қарым-қатынасы 
Алуан түрлі əдіс-
тəсілдерді 
пайдалану
Күтілетін 
нəтижені анықтау
Мұғалімнің 
шығармашылық 
ізденісі
Өмірмен тығыз 
байланыстылығы


66
өмірінде жол көрсетушісі, қоғамдық орындарда жəне қоршаған ортада 
саналы əрекет етуге, мəдениетті болуына жауапкершілік танытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет