Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет38/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Оқудан тыс сабақтар: 

Оқу-тəрбие жұмысы өмірімен байланысты арттырады;

Оқушылардың сыныпта алған білімін одан əрі тереңдетуге, ең 
маңыздысы, олардың сегіз қырлы, бір сырлы, білімді де, парасатты, 
адамгершілігі жоғары азаматтар болып өсуіне жағдай жасайды оқудан тыс 
осындай сан-саналы жұмыстарды тартымды да, қызықты, əсерлі етіп 
ұйымдастырған мұғалім, тек жақсы оқитын оқушыларды ғана емес, үлгерімі 
төмен, тəртібі нашар оқушылардың да талабын оятпақ. Өйткені онда ұстаз 
бен оқушы арасында көзге көрінерлік шекара болмайды. Мұғалім шəкіртімен 
бірге тыныстайды, бірге ойлайды, істі бірге істеп, бірге шешеді.
Оқудан тыс шара міндеттері:

Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамыту;

Балалардың қоғамдағы əлеуметтік-мəдени ортамен үйлесімді
байланысын қалыптастыру;

Балаларды мəдениетті адамдарға тəн адамгершілік нормалармен
таныстыру;

Жеке тұлға ретінде əр оқушының жеке ой-пікірімен санасып,
шығармашылық іс-əрекеттер арқылы өзін-өзі айқындауға басышылық жасау;

Табиғат, қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын тұлға
қалыптастыру;

Оқушылардың патриоттық қасиеттерін арттырып, Отанын, отбасын,
достарын, мектебін сүюге тəрбиелеу [9].
Оқудан тыс іс-шаралардың маңызы:
1. Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамытады;
2. Балалардың қоғамдағы əлеуметтік-мəдени ортамен үйлесімді
байланысын қалыптастырады;
3. Балаларды мəдениетті адамдарға тəн адамгершілік нормалармен
таныстырады;
4. Жеке тұлға ретінде əр оқушының жеке ой пікірімен санасып,
шығармашылық іс-əрекеттер арқылы өзін-өзі айқындауға басшылық 
жасайды;
5. Табиғат 
байлықтарына 
жауапкершілікпен 
қарайтын 
тұлға
қалыптастырады;
6. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, отбасын,
достарын, мектебін сүюге тəрбиелейді;
7. Оқудан тыс шаралар арқылы құндылықтарды енгізеді;
8. Спорт арқылы ұжымға, бірлікке, қамқорлыққа үйренеді;
9. Дискуссия – дұрыс шешім қабылдау, татулыққа, сыйлауға, тыңдай
білуге баулиды;


67
10. Кез келген құндылықты ала отырып, драмалық үйірмелерде
оқушыларға жазуға, рөлдерге бөлуде ішкі сұлулығын көрсетуге ықпал етеді;
11. Мейірімділік акциясы;
12. Клубтар (сурет, қолөнер) ұйымдастыру. Жасалған бұйымдарды
сыйлық ретінде сүйіспеншілікпен сыйлауға үйретеді.
Сабақтан тыс қызмет оқушылар үшін өз шығармашылығын, танымын, 
дене белсенділігін дамыта алатын, өзінің ең жақсы тұлғалық қасиеттерін 
жүзеге асыратын кеңістікті кеңейтеді (3.1 - кесте). 
3.1 - кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет