Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Балаларға арналған ереже үлгілері



Pdf көрінісі
бет40/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
Балаларға арналған ереже үлгілері.
Топта жұмыс істеу ережелері:
1. Әр қатысушы өз пікірін айта алады;
2. Бір-бірінің құндылықтары мен көзқарастарын онымен келіспесе де
құрметтейді;
3. Адамдар емес, олар тұжырымдаған идеялар мен ұсыныстар
талқыланады;
4. Барлық қатысушылар ескертпелерді қысқа əрі нақты түрде айтады;
5. Барлық қатысушылар ашық, іскер жəне достық жағдайды құруға
ұмтылады.
Достық ережелері:
1. Жолдасыңа көмектес: бір нəрсені істей алсаң, оны жолдасыңа да
үйрет; жолдасың қиыншылыққа тап болса, оған қолыңнан келгенше 
көмектес.
2. Жолдастарыңмен ортақтас: егер қызықты ойыншықтарың, кітаптарың
болса, мұндай ойыншықтары мен кітаптары жоқ балалармен бөліс. 
Жолдастарыңмен ойнағанда жəне бірге жұмыс істегенде ең жақсының бəрін 
өзіңе алушы болма. 
3. Егер жолдастарың бір жаманшылық істеп бара жатса, онысын тоқтат.
Жақсы дос болу дегеннің мəні – бір-біріне тек шындықты ғана айту деген 
сөз, егер досың кейбір кезде теріс кетсе, оған мұнысы жайлы айт.
4. Басқа балалардың көмегін, ескертуін қабылдай біл.
5. Жолдастарыңның жетістігіне қуан.
Ұйымдасқан жұмыс ережелері:
1. Жұмыстың жоспары мен оны орындаудың мерзімі туралы
жолдастарыңмен анықтап келісіп ал;
2. Жұмысты кімнің не істейтінін дəл білетіндей етіп бөлісіңдер. Кімнің
нені істегісі келетінін жəне нені істей білетінін ескеріңдер;
3. Әркім өз жұмысын мерзімінде жəне мүмкіндігінше жақсы етіп
орындайды. Жұмыстың тек өзің атқаратын бөлігін ғана емес, сонымен қатар 
бүкіл жұмысты да ұмытпауың керек;
4. Әркім ар-ұятымен жұмыс істеуге тиіс;
5. Жұмысы ілгері баспағандарға көмектес, кеңес бер, үйрет, өзің де
басқалардың көмегін пайдалана білуге үйрен;


69
Әдептілік ережелері:
1. Әдепті бол. Әдептілік – бұл өзіңді басқалар сүйсінетіндей етіп ұстай
білу;
2. Әрқашан əдепті бол: кездескенде амандас, көмек көрсетіп, қамқорлық
жасағандарға алғысыңды айт, кетіп бара жатсаң қоштасуды ұмытпа;
3. Трамвай, троллейбус, автобус ішінде, поезд вагонында, көшедегі
орындықта жасы үлкендерге, науқас жəне шаршаған адамдарға орын бер, 
мұны адамдардың көзіне түсетіндей етіп жасама, сенен орын беруді 
өтінулерін күтпе.
4. Еш жерге ешқашан да кешікпе. Әрқашан да белгіленген уақытта, сол
минутында кел – өзге адамдардың уақытын сақта;
5. Қыңыр мінез көрсетпе. Сенің қыңыр мінезің басқалардың көңіл-күйін
бұзып, мазасын кетіруі мүмкін.
Біздің қоғамымыз дұрыс болу қажеттілігін ескере келе, Ақиқат, Дұрыс 
əрекет, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау, Тыныштық құндылықтарын білу 
тұлғаның рухын, сезімін ояту, адамгершілікке үнемі бағыттауымыз қажет.
Ендеше, рухани-адамгершілік білімді тек «Өзін-өзі тану» сабағымен 
шектеп қоймай, сыныптан тыс шаралармен де интеграциялау қажеттілігі 
туындайды. Адамгершілік тəрбие мектеп оқушыларының қоршаған ортамен 
үйлесімді өмір сүруіне, өз денсаулығын сақтауына ықпалын тигізеді.
Қазіргі таңда заманның талабына сай, материалдық қажеттіліктерді 
өтеудің бірден-бір жолы ретінде білім басты орынға қойылады. Алайда, ол 
білімді игерген адамның адами қасиеттері өзгелерге адамшылық танытуға 
жетпейтін болса, таудай алып білімнің өзге түгіл өзіне де сыйлар жылуы 
болмай қалатындығы сөзсіз ғой!
«Өзін-өзі тану» – қазіргі заман талабы бойынша құрылған білім беру 
бағдарламасы, баланың ішкі жан дүниесін жəне ойын байытатын, тұлғаның 
жалпы дамуына мүмкіндік жасайтын, адамгершілікке бағытталған 
бағдарлама. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, білім 
ордаларында жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік 
тəрбие берудің ошағы – «Өзін-өзі тану» пəні. 
Рухани-адамгершілік білім беру – еліміздің ертеңгі болашағы, яғни 
қазіргі жас ұрпаққа жол сілтеуші міндетін атқаруы тиіс. Берілген жауапты 
міндет жүктелген ұстаздар мен баланың қарым-қатынасында ешқандай 
кедергі болмауы керек. Олардың өзара түсіністігі, сыйластығы, алға қойған 
мақсатқа жетудің бірі болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет