Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет44/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Әңгімелерді талқылау.
Жүргізілетін жұмыстар адамгершілік 
тақырыптарды талқылауда, əңгімелесуде, пікірлесуде, көңілді ойнауға 
қолайлы болғаны дұрыс. Бала бойында өмірлік құндылықтар мен 


76
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, дамыту бағытына қарай 
топтастырып, жүйелі қолданудың нəтижесінде рухани дамуы үшін жас 
балаға ертегі тым қымбат нəрсе екеніне, сондықтан да баланың ертегіні жан-
дүниесімен тыңдайтынына, баланың өзінің рухани дамуына қажетті нəрсенің 
бəрін де ертегіден алатынына көз жеткіздік. Мысалы, қайырымдылыққа 
баулып, жанашырлық, аяушылық сезімін туғызатын тақырыптағы ертегілер 
мыналар: «Ат пен есек», «Қасқыр мен кірпі», «Үй мен жер», «Мақтаншақ 
қоян», «Мейірімді қыз», «Шымшық пен көгершін» жəне т.б. Ал ізеттілікке, 
кішіпейілділікке, имандылыққа баулып, сүйіспеншілік сезімін туғызатын 
тақырыптағы ертегілер: «Ең қасиетті жеміс», «Үш ұл», «Екі жолаушының 
олжасы», «Құмырсқа мен бидай дəні» жəне т.б. Әңгімелесу барысында 
жандану, рөлдік үлгілер, пайымдауға, ойындар түріне үйрене отыра, 
адамгершілік жолымен жүру тəрбиесіне ие болады. Ертегілер адамның 
бойындағы адамгершілік құндылықтарды анықтау үшін маңызы зор. «Өзін-
өзі тану» пəні бойынша мазмұнды əңгімелер мен аңыздар берілсе де, 
мұғалімде рухани-адамгершілік тақырыбында əдебиеттер қоры болғаны 
дұрыс. 
Осы орайда, кешегі Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының: 
«Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі – осы заманғы бесік жырын айта 
алмайтын келіндердің көбейіп бара жатқандығынан қорқамын. Екіншісі –
балалары мен немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын əжелердің көбейіп 
бара жатқандығы. Үшіншісі – дəстүрін сыйламайтын ұрпақтардың өсіп келе 
жатқандығынан қорқамын», – деген жанды сөзі ойға түседі [26]. Ертегінің 
рухани тəрбиелік маңызы зор. Алайда, қоғамда ертегі айту қолданыстан 
шығып, оның орнын адам санасына кері əсерін тигізетін технологиялар 
басуда. Иə, ертегінің бүлдіршіндерімізге берері мол екендігін ескеретін ата-
аналарымыз саусақпен санарлық. Әңгімелерді талқылау, іріктеу Ақиқат, 
Сүйіспеншілік, Дұрыс əрекет, Тыныштық, Қиянат жасамаудың мəнін ашу 
мақсатында меңгеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет