Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет45/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
Бейнефильмдер көру. Рухани құндылықтарға негізделген кино
мультфильмдер ақиқат жəне мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға 
бағытталады. Клуб жоспарына «Сиқырлы кино əлемі» апталығын қосуға 
болады. Кинофильмдер: «Көксерек», «Алты жасар Алпамыс», «Менің атым 
Қожа», «Сүйрік» жəне «Ауылым Көктөбенің бөктерінде» т.б. көрсетуге 
болады. Кино, мульфильмдерді көргеннен кейін мұғалім: «Сендерге қай 
кейіпкерлердің іс-əрекеті естеріңде жақсы сақталып қалды?», «Оның 
орнында сен болсаң не істер едің?», «Сүйікті кейіпкеріңнің қандай қасиеті 
саған ұнайды?» деген үлгіде сұрақтар қойылады. Олар өзінің сүйікті ісі, 
қабілеті, ұнайтын киносы, сүйікті кейіпкері туралы əңгімелейді. 3.8 - суретте 
көрсетілгендей, фильм презентациясын жасау мақсатында тапсырма беруге 
болады.


77
3.8 - сурет. Кинофильмнен үзінділер
Ұжым болып көру жəне талқылау үшін бейнефильмдерді, театр 
қойылымдарын дұрыс таңдап алудың да маңызы зор. Олардың ойға қорек 
болып, балаларға адамдардың ойы мен сезімдерін түсінуге көмектескені өте 
жақсы. Ең негізгісі, тақырыпқа сай талқыланатын құндылықтар жүйесіне, 
рухани-адамгершілікке бағытталуын ескерген жөн. Тамаша адамдардың 
еңбегі туралы фильмдерді көреді жəне талдау жасайды. 
Ойындар. Клуб сабағында ойындар ұйымдастырылады. Мақсаты – ойын 
арқылы балалардың бір-бірімен жақын араласуына, байланыс орнатуына 
мүмкіндік беру. Баланың бірінші əрекеті – ойын, сондықтан да оның мəн-
мəнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. 
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абайдың: «Ойын ойнап, əн салмай, өсер бала 
бола ма?» деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын 
балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тəрбие берудің маңызды тетігі 
деуге болады. Балалардың барлығы бірдей белсенді болмайды, сондықтан 
мұны ескермеске болмайды. Енжар, тұйық, жүрексінгіш балалар бар. Мұндай 
жағдайда мұғалім тарапынан үлкен ептілік қажет. Ондай балалар ойынды 
ұйымдастырушының рөлін бірден меңгеріп əкете алмайды. Ұжымдық 
ойындар балаларды топтастырады, олардың арасында жолдастық қарым-
қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Балалардың ойындары рөлдерді 
бөлісуден басталады. Бір рөлдер қызықтырақ, ал енді біреулерінің қызығы 
аздау болады. Заттар ойнаушылардың санынан аз болатыны да кездеседі, 
сондықтан əркім өз кезегін күтуі тиіс. Балалардың адамгершілік тəрбиесі 
міне, осы арада айқындалады. Ойын барысында достардың жақсы-жаманын 
айыру туралы түсінік анықталады. Балалар арасында дұрыс өзара қатынас 
тууы үшін ойындардың мазмұнын да, дұрыс ұйымдастырылуының да мəні 
бар. Ойындардың мазмұны адамгершілікке негізделуі тиіс, яғни өмірден, 
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан мысалдар алынады. Мұғалімнің 
міндеті – ойын барысында балаларды мұқият қадағалап, олардың бір-бірімен 
қарым-қатынастары қандай жағдайда екенін білу.
Балалар ойын кезінде: 
1) еркіндікті сезінеді,
2) тапқырлық іс-əрекетті байқатады,
3) қиялдау, сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою сияқты түрлі психикалық
түйсік пен сезім əлеміне сүңгиді. Балалар ойындар мен жаттығулар 
нəтижесінде жолдастары, сыныптастарымен жағымды қарым-қатынас жасау 
дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді. 


78
Клуб сабағында ұйымдастыруға болатын бірнеше ойындардан мысал 
келтірейік.
«Досыңмен татусың ба?». Ойын тəртібі: балалар орындарында 
отырады, бастаушы келіп, бір оқушыдан «Досыңмен татусың ба?» – деп 
сұрайды. Ол «татумын» десе, өнер көрсетіп, досымен тату екенін көрсетеді. 
Ал егер, «тату емеспін» десе, «кімнің досын қалайсың?» деп сұрайды. 
«Жанардың досын қалаймын?» деп басқа досты қаласа, ал ол досын бергісі 
келмесе, ол да өз өнерін көрсетеді. Оның бұл əрекеті достығының беріктігін 
дəлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет