84
Рухани-адамгершілікке негізделген əңгімелер арқылы бала өзінің мықты
жақтарын басымдылыққа, ал кемшіліктері болса, түзетуге тырысады.
Әңгіме неге «Әдеп» деп аталады?
«Торғай мен адам» əңгімесінен
қандай тұжырым жасауға
болады?
Әңгімелерден қандай адамгершілік қасиеттерді көруге болады?
2. Адамгершілік тəрбиесін қалыптастыруға байланысты жүргізілетін
сыныптан тыс тəрбие сабақтарына 10 тақырып дайындаңыз.
3. А.Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмін көріңіз. Фильмді
көру барысында қандай сезімде болдыңыз? Осы фильмнің желісі бойынша
шағын эссе жазыңыз.
4. «Менің сүйікті қалам» тақырыбында өз қалаңыз бойынша викторина
өткізу үшін материал дайындап, ойын ұйымдастырыңыз.
5. Бір сыныптың оқушыларына «Біздің сынып» тақырыбына эссе жазуды
ұсыныңыз. Эссені талдау негізінде
оқушылардың ынта-ықыласын, олардың
өздері жазған оқиғаларға, достарына деген
қарым-қатынасын сипаттап
беріңіз.
6. «Менің қызықты бейнефильмім» тақырыбында өздеріңіздің жақсы
көретін бейнефильмнен бір үзіндісін немесе толық фильмді қысқаша
жазыңыз. Кей жерлерін суретпен де көрсетуге болады.