Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


-ТАРАУ. «ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет50/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

4-ТАРАУ. «ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ
БЕРУ 
БАҒДАРЛАМАСЫН 
ИНТЕГРАЦИЯЛАУ 
-
КӘСІБИ 
ТӘЖІРИБЕДЕ
4.1.
«Өзін – өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру 
бағдарламасын интеграциялау бағытында сабақ жоспарларын құру 
кезеңдері мен үлгілері
Білім беруді ізгілендіру, оқыту жүйесіне «Өзін – өзі тану» рухани-
адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау болашақ мұғалімнің 
рухани-адамгершілік 
көзқарастарын, 
нанымдарын, 
қажеттіліктерін 
қалыптастыруға ықпал етеді, тек осы жағдайда ғана оның педагогикалық 
қызметінің мазмұны, оның құралдары, практикалық жұмысының əдістері мен 
тəсілдері гуманистік тұрғыда дамиды. Болашақ мұғалімдерді психологиялық-
педагогикалық даярлаудың барлық компоненттері (мақсаты, міндеттері, 
мазмұны, əдістері, нысандары) білім беруді ізгілендіру қағидасына сəйкес 
іске асырылуы тиіс. Білім беруді ізгілендіру – бұл педагог пен оқушының 
білім беру үрдісіне, олардың тұлғасын үйлестіруге бағытталған. Ізгілендіру 
кезінде педагогикалық қарым-қатынас стилін демократияландыру, оқу 
материалын, оны оқыту жəне меңгеру құралдарын ашу жүзеге асырылады. 
Білім беру үдерісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның ізгі 
қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызатындығы жəне адамды рухани 
өсуге жетелейтіндігі анық. Тұлғаның кемелденуге деген талпынысы оның 
ізгіліктерінің көбейгендігін көрсетеді. Яғни, оның рухани өсуіндегі жəне 
кемелденуіндегі өзгерістер адамгершілік қасиеттердің əр алуан бай əлемін 
құрайтын құндылықтар жүйесінде шынайы жүзеге асады. Ізгі қасиеттерді
шығаруға негізделген құндылықтар жүйесі білім беру мазмұнына құндылық 
тұрғысында келуді жүзеге асырудың іргетасына айналуы мұмкін. Білікті 
ұстаз шəкіртінің білімді игеруде ішкі уəждерін жетілдірудің көптеген 
тетіктерін қолдануына болады. Нəтижесінде сыныпта жоғары деңгейдегі 
энергия мен құлшыныс қалыптасқан ахуал орын алады, осының бəрі пəнді 
игерудегі қызығушылығын арттырады. Ұстаз бен шəкірт арасында шабытты 
қарым – қатынас орнайды. Шəкіртке ізденуге жол ашады.
Болашақ ұстаздың «Өзін-өзі тану» пəнін оқытуда тиімді əдіс-тəсілдерді 
тəжірибеде пайдалана білуі – білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз 
болады. Бұл пəннің өзге оқу пəндермен өзара сабақтасып, интеграциялануын 
қажет етеді. Соның ішінде:
1. Сыртқы интеграция – «Өзін-өзі тану» пəнінің əдіс-тəсілдерін қолдану;
2. Ішкі интеграция – Адам мен əлемді тек қана биологиялық жəне
əлеуметтік ғана емес, сонымен қатар жоғары рухани табиғатқа ие 
болатындығын біртұтас əдістемелік тұрғыдан түсінуге негізделген. 
Сыртқы интеграция əдістері: 5 Т ережесін қолдану; жағымды күйге 
келу; дəйексөз қолдану; топпен əн айту.
Ішкі интеграция əдістері: ішкі əлемді зерттеу (Мен кіммін?); 
практикалық маңызы (жеке тəжірибесі арқылы); əрбір адамның жүрегінде 


86
жасырын жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау; өмір мақсатына 
байланысты (не үшін өмір сүру?) түйсікті дамыту. 
Мақсаты: міндетті оқылатын жеке оқу пəндерінің мазмұнын рухани-
адамгершілік құндылықтармен интеграциялау арқылы олардың тəрбиелік, 
құндылықтық мəнін күшейту.
Іске асыру жолдары:
1. Ұлы адамдардың өмірінен жəне ғылымның даму тарихынан
шабыттандыратын мысалдар келтіру.
2. Мəңгі 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
негізінде 
ашылған
жаңалықтарымен таныстыру.
3. Оқу бағдарламасы мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды
анықтау. 
Ішкі интеграцияның негізгі «құралы» – фəлсафалау жəне өмірдің мəнін 
іздеу. Сабақтың 3 компоненті:
1. Аналогия ұстанымы;
2. Балалар ғылымның тереңдігін, сұлулығын, келешегін сезінетіндей
жағдайлар жасалады;
3. Атақты ғалымдардың дүниетанымдық ұстанымдарынан жеке
ұстанымдары айқындалады.
Болашақ «Өзін-өзі тану» пəні мұғалімі болсын, жалпы педагог 
мамандығын таңдаушылардың өзіндік санасының дамуына айрықша мəн 
берілгені жөн. Егер кез келген пəннің болашақ мұғалімі өмір құрылысы мен 
қызмет ету заңдарын терең түсінсе, осы заңдарға сəйкес өз өмірін өзі 
ұйымдастыра білсе, оқушыны пəннің мазмұнымен тəрбиелеу мүмкіндігін 
иеленген болар еді. Мұғалім əлемнің үйлесімдігі мен тұтастығын көріп, 
түсініп, оны білім алушыға жеткізе алатын болса, онда ол ұлы тəрбиеші 
болады. Ол үшін, ең алдымен, жоғары психологиялық функциялардың 
дамуының соңғы сатысы өзіндік сананың қалыптасуы екенін жете түсінгені 
жөн. Ол адамға сыртқы дүниені қабылдауға ғана емес, сонымен қатар өмірде 
өзін танып, өзінің ішкі дүниесін зерттеуге де мүмкіндік береді. Ойшыл 
материалист, орыс физиологиялық мектебінің іргесін қалаушы И.М.Сеченов: 
«Өзіндік сана адамға өз саналық актілеріне сынмен қарауға, талдауға, 
салыстырып, танып білуге мүмкіндік береді», – дейді, бұдан өзіндік сананың 
терең қоғамдық сипатқа ие екенін байқауға болады. Өзіндік сана – ең жоғары 
ұйымдасқан психикалық процесс. Ол басқа адамдармен жұмыс жүйесінде 
қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Бұдан болашақ жас 
маманның аталған процесті игеру деңгейінің қаншалықты қажетті екенін 
аңғарамыз. Жас маманның өзін-өзі тəрбиелеуі деп, тұлға өзінің іс-əрекетін 
бақылауға үйреніп, өзінің мақсатына жету жолын таба білетін, өзінің 
бойындағы келеңсіз əдеттерден құтылып, жұмыс жасау қабілетін арттырып 
еркін шынықтырып, қиыншылыққа өзін көндіру, тығырықтан шығу жолын 
саналы таба білуі тиіс. Осылай өзін-өзі тəрбиелеу, кəсіпке бағыттау процесі 
күрделене береді. Мұның нəтижесінде маманның өзі іштей бастаған істі 
аяғына дейін жеткізу, өзіне деген сенім, өз күшін сезіну сияқты кəсібіне 
қатысты қасиеттері пайда болады. 


87
Кəсіпке икемделгенде тұлға өз қабілеттерінің сапасына ерекше назар 
аударуы қажет, өйткені кəсіпке бейімделуде өте қажетті қабілеттермен қатар 
мінез де қалыптасады. Әрине, мұндай кезеңде ұлы ойшылдардың пікірлерін 
саналы ұғынып, сөз мəніне көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Мінез-құлық 
туралы ұлы Абай 37 қарасөзінде: «Мен егер билік қуаты қасымда бар кісі 
болсам, Адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» - дейді. 
Ұлы ұстаз бұл жерде адамның өмірден өз өркеш тауын, өнер, ғылым, кəсіпті 
меңгеруде, адамдармен қарым-қатынаста қажетті мінездің жағымды 
жақтарын тəрбиелеу туралы айтып отыр. Адам басына қонған бақтың 
тұрақты болуы мінезге байланысты деп те жатады. 
Болашақ маман иесі кəсіпті меңгеріп, тұлғалық кемелденуі үшін өзін-өзі 
тəрбиелеудің төмендегі шарттарын негізге алғандары дұрыс:
- Өзінің жақсы жəне жаман жақтарын білу, тəрбиелеу;
- Ешқашан өткен, қазіргі, болған ісімен мақтанбау;
- Өзіне-өзі сенімді болу;
- Өмірлік мақсат, міндет, жоспар қоя білу;
- Мінездің жағымды жақтарын тəрбиелеу;
- Өзге адамдардың пікірімен санасу;
- Өз сырларын өзгеге сатпау;
- Сөз бен істе əділ болу;
- Артық сөйлемеу;
- Сабырлы, əдепті, кішіпейіл болу;
- Уақытын бос өткізбеу.
Студент кəсіби білім ала жүріп жұптаса, топтаса, өзара біріге, бірлесе іс-
əрекет жасауы арқылы кəсіби біліктілік дағдыны санасына қалыптастырады. 
Сондықтан жас маман ұжым арқылы өзін-өзі тəрбиелеу дағдысын меңгеруі 
қажет. Ол үшін төмендегідей талаптарды да игеруі шарт:
1. Ұжымның мақсат, мүдделерімен санасу.
2. Ұжымда өзіндік есеп беруге дағдылану.
3. Қоғамдық тапсырмаларды орындау.
4. Ұжымда ашық болу, белсенділік таныту.
5. Дене шынықтыру, спортпен айналысу.
6. Ұжыммен бірлесе отырып іс-шараларды ұйымдастыру, қатысу.
7. Өз мамандығы бойынша ардагер ұстаз, өнер, мəдениет
саласындағы қайраткерлермен кездесулерге қатысу.
8. Жақсы əрі болашақты тəрбиелеуге қатысты жаңалықтардың
жаршысы болу жəне т.б.
Болашақ маман ең басты əрекеті – тəрбие мен білім беру болғандықтан, 
сабақтың мəн-мағынасын жіті түсінуі қажет. Сабақтың өзіндік ерекшелігін, 
типін, құрылымын, əдіс-тəсілдер мен қолданылатын құралдарын жетік 
меңгергенде ғана, оны басқа пəндермен интеграциялау ісі нəтижелі болмақ. 
К. Д. Ушинский: «Әрбір сабақ тəлімгер үшін ол алдын ала ойлай отырып 
орындауға тиіс міндет болуы тиіс: əрбір сабақта ол бір мақсатқа қол жеткізуі, 
əрі қарай бір қадам жасауы жəне бүкіл сыныпты осы қадамды жасауға 
мəжбүр етуі тиіс» – деген болатын. Нормативтер жүйесін əзірлеу жəне 


88
нормалау объектілерін таңдау жалпы білім беру стандартының жаңа 
түсінігімен айқындалады, онда негізгі екпін мазмұннан білім беру 
нəтижелеріне ауыстырылады. Сондықтан стандарт талаптарын, сондай-ақ 
оны іске асыруды қамтамасыз ететін құжаттарды əзірлеу кезінде тек 
оқылатын оқу материалына ғана емес, сонымен қатар балалар осы оқу 
материалын меңгеретін оқу іс-əрекетінің негізгі тəсілдері белгіленуі тиіс. 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын 
интеграциялау үшін аталған пəннің берілу жүйесін толық игере отырып, оны 
басқа пəндерге ықпалдастырудың жолдарын жетілдірген кезде нəтижеге 
бағытталған оқу процесі жүзеге асырылады. Бүгінгі күні «Өзін-өзі тану» 
пəнінің құрылымдық ерекшелігін жете түсінгенде ғана, болашақ маман иесі 
басқа пəндердің мазмұнына интеграциялауда қателеспейді. Олар: 
ұйымдастыру сəтінде оқушыларды жағымды көңіл-күйге келуді өткізу, үй 
тапсырмасын тексеру, дəйексөзбен жұмыс істеу, мəтінмен (бейнематериал) 
жұмыс, əңгімелесуді ұйымдастыру, шығармашылық іс-əрекет, топпен əн 
айту, үй тапсырмасын түсіндіру, сабақты қорытынды сəті. Осы аталған 
əдістердің «Өзін-өзі тану» пəніндегі кейбір құрылымдық-мазмұндық жəне 
əдістемелік аспектілеріне тоқталсақ:
І. Сабақтың дəйексөздері жəне жағымды көңіл-күй:
- сабақтың мақсаты мен міндеттері, сабақтың рухани-адамгершілік
тереңдігі;
-
сабақтың құрылымдық-мазмұндық компоненттері. Сабақтың
құрылымдық элементтерін қолдану реті. Оқулық материалдарын сабақта 
қалай пайдалану керек?;
- сабақта бағалау формалары. Тестілеу, сабақтың мониторингі;
- жағымды көңіл күй (сабақтың басында жəне соңында). Жағымды көңіл
күйді жүргізу əдістемесі. Жағымды көңіл күйдің тиімділігі; 
- сабақтың дəйексөзі. Сабақта дəйексөзбен қалай жұмыс жүргізу керек?
ІІІ. Әңгіме (өсиет-əңгіме) айту оқушыларды терең рухани-адамгершілік
əңгіме үрдісіне тартудың тəсілі ретінде:
- Оқытудың диалогтік əдісінің мақсаты. Тарихи оқиғаларды баяндау
өнері. Оқиға айтудағы мұғалімнің міндеттері.
- Классиктер рухани-адамгершілік əңгімелеудің маңызы мен олардың
артықшылықтары туралы ( мысалдар)
- Әңгімелердің дереккөздері. Әңгімені таңдауда оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескеру (мысалдар) [24].
ІІІ. Ән айту, музыка, шығармашылық топтық іс-əрекеттер:
- Музыканың өсімдіктерге, жан-жануарларға жəне адамдарға тигізетін
əсері. Адам өміріндегі музыканың маңызы.
- Сабақтарға музыканы қолдану əдістері, əуеннің пайдалы қасиеттері.
Хормен əн айту, оның пайдасы.
- Топтық іс-əрекет түрлері (мысалдар), олардың пайдасы.
Шығармашылық жұмыс (мысалдар), оның пайдасы.
Аталған мəселелерді толық игергенде, педагогикалық шығармашылық –
бұл жүйелі білім беру. Осы білім түріне «Өзін-өзі тану» пəнін басқа 


89
пəндермен интеграциялауды жатқызуға болады. Интеграцияланған сабақты 
жоспарлайтын педагогтің міндеті – балаларды өз ерекшеліктеріне қарай 
ойлауға, жалпылама қорытындыларды нақты құбылыстармен салыстыруға 
үйрету. Педагог мамандардың интеграцияланған сабаққа дайындығы 
сабақтың толық жоспарын құрудан басталады. Сабақтың əр кезеңге 
жұмсалған уақыты көрсетіледі. Ұстаз сабақ барысын алдын ала ойлайды 
жəне көрнекілік пен үлестіруші материалмен байланысты барлық мүмкін 
болатын кідірістерді болжайды. Әдетте, интеграцияланған сабақтарда 
көптеген оқу жабдықтары қолданылады: интерактивтік тақта, түрлі түсті 
бояулар, флипчарт, түсті қағаздар, стикерлер жəне т.б. [25].
Әрбір педагог үнемі оқу қызметін ұйымдастырудың формалары мен 
əдістерін іздейді, олар ең аз жұмсалған күш-жігермен бүкіл топтың оқу 
нəтижелерінде оң динамикаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Өзін-өзі 
тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен интеграцияланған 
сабақты неден бастауға болады? Ең болмағанда, барлық оқушылар жұмысқа 
бейімделуі үшін сабақты жағымды көңіл күй сыйлаудан бастаудың өзі əрі 
қарай сабақ мақсатын шешуге мүмкіндік береді. Оқытуда сыртқы немесе 
ішкі интеграциялық тəсілдің əдістемелік негізі қоршаған орта туралы білімді 
қалыптастыру жəне оның жалпы заңдылықтары, сондай-ақ ғылымды 
меңгеруде пəнішілік жəне пəнаралық байланыстарды орнату болып 
табылады. Пəнаралық байланысты оқушылардың туыстық пəндердегі білімін 
толықтыру, растау немесе толықтыру үшін пайдалануға болады.
«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының 
басты мақсаты – жас жеткіншек ұрпақтарды жалпыадамзаттық құндылық пен 
адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын 
қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуіне асыру болып 
табылады.
Жылма-жыл аталған білім беру бағдарламасын интеграциялау кезеңі 
көрсеткендей, оқыту мен тəрбие берудің дəстүрлі жəне жаңа əдістерінің 
мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. «Өзін-өзі тану» пəні өмірдің күрделі 
жағдайларын талдау, əріптестік байланыс орнату, шығармашылық, өзін жəне 
басқаларды тануда білім алушыларға көмектесетін қазіргі заманғы тəрбиеші, 
мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетеді.
«Өзін-өзі тану» мұғалімі, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге 
асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, оқушыларына қандай тəрбие бергісі 
келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог болуы шарт. 
«Өзін-өзі тану» бағдарламасын оқу-тəрбие үдерісіне интеграциялау» –
оның мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған тұлғаны 
дамыту үшін біртұтас рухани - адамгершілік кеңістік құру. «Өзін-өзі тану» 
пəнінің ерекшелігін ескере отырып, көбінесе интеграциялық сабақтардың 
дəстүрден тыс түрлері қолданылады, білім алушылармен ашық диалог, 
əлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлік бақылаулар 
мен тəжірибе алмасулар жүргізіледі. Өзін-өзі тану мұғалімінің кəсіби 
құзыреттілігінің құрамы, соның ішінде оқу-тəрбие үрдісінің ақырғы нəтижесі 
оның кəсіби-тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Мейірімділік, кішіпейілділік 


90
ортасы, педагогикалық қолдауды күшейту, балаларға белсенді сенім арту –
бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының негізін қалаушы 
жағдайлар екенін ескеруі қажет. Достық, адалдық, ақ жүректілік, 
қайырымдылық, көпшілдік, адамдарға құрмет көрсету, жауапкершілік, өзін-
өзі құрметтеу сезімі де маңызды болып табылады. 
Педагог – тəрбие беру басымдылықтарының негізгі жолсерігі, білім 
берудің негізгі көзі. Сондықтан болашақ педагогтың бойында айрықша 
қабілеттермен қатар кəсіби бағытта ұстанымы да болуы шарт:

өзіндік сенім – бұл өмірдің негізі;

ұстаздың əсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;

кəсіби қорытынды жасау дағдысы, өзін-өзі тану жəне өзін-өзі
дамытуға қабілеті;

оқушының жеке ерекшелігін ескере отырып, тəрбие мен білім беру
жолдарын таңдай білуі;

сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;

психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, əдістемелік
шеберлікті игеруі;

балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, бала
жүрегіне жол таба білуі, жан жүрегімен қызмет етуге дайын болуы
жəне т.б.
Мамандықтың ерекшелігін ескере отырып, болашақ «Өзін-өзі тану» пəні 
мұғалімінің бойында болу керек қасиеттер:

өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге жəне өзін-өзін өзгертуге дайын жəне
қабілетті болуы;

кез келген баланы сөзсіз қабылдау;

баланың жеке тұлғасын жəне өмірлік тəжірибесін құрметтеу;

педагог өзінің іс-əрекетін құпиялыққа негіздеу;

қандай жағдайда болмасын баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың
үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар;

шынайы, əділ əрі жан-жақты өзара қарым-қатынастың дамуына
ықпал ету;

баланың сырын сақтай отырып, оған қолдау жасау;

педагогтың қоғамда мейірімді, сабырлы, шынайы бола білуі;

үнемі шынайы, ашық жарқын көзқараспен қарап, күлімсіреуді,
мақтауды, қолдауды, жылы сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;

кез келген уақытта баланың мəселесін шешуде басымдылық балаға
берілетінін есте сақтау;

баланың мəселені ұғынып, кей кезде жағдайдан шығуға лайықты
жолдарды іздеуі үшін мүмкіндіктер жасау;

баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті жəне
ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;

сезімдерді көрсету мен тəрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты,
ашықтықты, адалдықты сақтау.


91
Заман талабына орай жаңа форматтағы сабақтар жаңа білімді дербес 
зерттеуді қалыптастыруға құрылады. Мұндай сабақтар оқушының өзін-өзі 
дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге толық мүмкіндік береді. Сабақтар 
оқушылардың ашықтық қасиетін қалыптастыруға құрылған. Қазіргі сабақтың 
мақсаты – білім алушыларды өз бетімен білім алуға үйрету, оқу мен 
оқытудың жаңа тəсілдерін игеруге көмектеседі. Ол үшін мұғалім білім беру 
ортасын құруы керек, ал ондай орта білім алушыларды қанаттандырып,оқу 
процесіне белсенді қатысуларына мүмкіндік туғызады. Кез келген пəнді 
«Өзін-өзі тану» пəнімен интеграциялау үшін болашақ маман пəннің жүргізілу 
əдістемесі мен ерекшелігін жете түсінуі шарт. Сондықтан 4.1-кестеде қазіргі 
«Өзін-өзі тану» сабағының құрылымы мен жоспары бере отырып, əрбір 
жұмыс түрінің жүргізілу барысындағы əдістемелік негіздемесі ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет