Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет64/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
ГЛОССАРИЙ
Абырой – қиын жағдайларда абыройлы мінез-құлқында көрінетін 
тұлғаның əлеуметтік-психологиялық қасиеті.
Адам – дамудың жоғары деңгейінде тұрған тіршілік иесі, қоғамдық-
тарихи іс-əрекет субъектісі.
Адамгершілік – басқа адамдарға адамгершілік қатынаста көрінетін 
тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
Адамгершіліктік сезім – адамның басқа адамдарға, қоғамға, өмір сүру 
ережесі мен нормаларына деген қатынасының бастан кешірулері.
Әдептілік, биязылық, сыпайылық – адамгершілік намысын сыйлауда, 
өзара қарым-қатынаста, сыпайылықта, басқа адамдардың субъективтік күйін 
түсінуде көрініс беретін мінез қасиеті.
Білім – адамның танымдық іс-əрекетінің нəтижесі. Адамның белгілі бір 
жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының жиынтығы.
Білім бағдарламасы – барлық білім беру саласындағы белгілі бір бағыт 
(мамандық) бойынша жоғары білім деңгейінің мазмұнын анықтайтын құжат 
немесе құжаттар жиынтығы.
Білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын 
қалыптастырудағы жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық 
құндылықтарға 
негізделген 
оқыту 
мақсаттарының 
жүйесін 
қалыптастырудағы бағдарлар.
Гуманизм – (лат. адамгершілік) адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, 
өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығына, абыройын 
қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығына деген көзқарастардың 
жиынтығы. 
Дағды – сананың қатысуынсыз, рационалды, тез, əрі дұрыс, физикалық 
жəне 
психикалық 
энергия 
шығынсыз 
жүзеге 
асырылатын, 
автоматтандырылған əрекет.
Достық – cимпатия жəне өзара бауырмашылдықпен сипатталатын 
тұрақты жеке таңдаулы тұлғааралық қарым-қатынас түрі.
Дүниетаным – адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға
моральдық нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, 
қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып
қоршаған ортамен қатынас қалыптастыруындағы негізгі өлшем.
Имманентті – іштен туатын; өзді-өзінде мекендейді, басқаларға 
ауыспайды. Теорияда имманенттік деген түсінік тəжірибенің шегінен 
шықпай, іште қалатын деген мағынаны білдіреді.
Интеграция – əртүрлі нысандарда жүзеге асырылатын жəне теориялық 
білімді қамтамасыз ететін ғылыми пəн. Көп жағдайда интеграция бəрі 
ғылымның анықтамалары мен əдістерін басқа ғылымда пайдаланумен 
басталып, пəнаралық теориялар мен зерттеу бағыттарының пайда болуымен 
аяқталады.
Интерпретация – бір нəрсенің мəн-мағынасын түсінікті тілде ашып 
көрсету, түсіндіру, талқылау.


108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет