Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет65/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Креативтілік – ойлаудың дəстүрлі жүйесінен бас тарта отырып, жаңа 
идеялар тудыру, мəселелік жағдаятарды тез шеше алу қабілеті.
Кəсібилік – кəсіби іс-əрекетті сəтті орындау үшін қажетті адамның 
тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.
Кəсіби бейімділік – кəсіптің нормасы мен талаптарына, кəсіби ортаның 
нақты жағдайларына маманның бейімделу процесі.
Кəсіби білім – адамда кəсіпке қажетті білім, ептіліктерді жəне оның 
таңдаған еңбек саласына деген бейімділігін жəне қасиетін қалыптастыруға 
бағытталған мамандарды дайындау жүйесі.
Кəсіби қабілетілік – басқалардан ерекшелеп тұратын жəне кəсіби іс-
əрекеттің талаптарына жауап беретін адам тұлғасының жеке-психологиялық 
қасиеті.
Кəсіби құзыреттілік – маманның кəсіби талаптарға сəйкес келу деңгейінің 
жеке сипаттамасы.
Кəсіби маңызды қасиеттер – адамның еңбек əрекетінің негізгі 
сипаттамалары бойынша (өнімділік, сенімділік т.б.) жүзеге асуының 
тиімділігіне əсер ететін қасиеттері.
Қарым-қатынас мəдениеті – қоршаған орта адамдарымен түрлі 
жағдайларда дұрыс қатынас жасай алу, адамгершілікке тəн ережелер мен 
нормаларды сақтау.
Қылық – адамгершіліктік бағаға ие болатын, əлеуметтік мəнді əрекет
Құзыреттілік – маманның кəсіби талаптарға сəйкес келу деңгейінің 
жеке сипаттамасы.
Құндылық – жоғары адамгершіліктік, əлеуметтік жəне мəдени мəнге 
ие, қоғамдық санада бекітілген шынайылықтағы белгілі бір құбылыс. Белгілі 
бір объектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы.
Құндылық бағдарлары – олардың субъективті мəнін өмірдің 
жағдайында жəне іс-əрекетте қабылдауға бейім материалды жəне рухани деп 
бөлінетін құндылықтар.
Мақсат – жеке адамның, адамдар тобының іс-əрекетінің болжанатын 
нəтижесі.
Медитация – (лат, ойлау) өз ойларына жəне сезімдеріне, өзінің 
психикалық күйіне өзіндік əсер ету.
Миға шабуыл – ізденіс жолдарын сынау жүзеге асырылмайтын, ізденіс 
барысында туындаған барлық болжамдар қамтылатын, өмірде кездесетін 
қиындықтарды жеңу үшін қолданылатын, сол болжамдарға талдау 
жасалатын пікірталас əдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет