Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Мемлекеттік білім стандарты



Pdf көрінісі
бет66/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Мемлекеттік білім стандарты – пəндік білімдік мақсаты мен 
міндеттерін, бітірушілердің түсініктері мен дағдыларын, білім нəтижелерін 
тексеру технологиясын белгілейді, білім деңгейін айқындайтын негізгі құжат.
«Мен» (ішкі) – өзінің бейнесі. Өзін-өзі қабылдау жəне өзін-өзі түсіну. 
Әсерлер мен бастан кешірулерді есте кейінгі қалдыруларға жəне тануға 
байланысты.
«Мен-тұжырымдама» – индивидтің өзіне-өзі қатынасынан тұрады: а) 
өзінің даралығы туралы ойы; б) нақты қызығушылықтардың, 


109
бейімділіктердің, құндылық бағдарының бірлігі; в) нақты өзіндік бағалау 
жəне өзіндік сыйлау.
Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау жəне болжау.
Мотив – (лат, қозғалысқа келтіру, итеру) іс-əрекетті ішкі оятушы, оған 
тұлғалық мағына беруші.
Мотивация – мақсатқа жетуге оятушы барлық мотивтердің жиынтығы.
Мұғалімнің кəсіби іс-əрекеті – оқушының жеке жəне жас 
ерекшеліктерін, сұранысын, қызығушылығын, құмарлығын, рухани əлемін 
ескере отырып, оған психология-педагогикалық əсер етуде көрінетін үнемі 
орындалатын іс-əрекет түрі.
Намыс – тұлғаның өзіне жəне өзгелерге деген құнды қатынасы.
Обьект – адамның, іс иесінің таным əрекетінің бағыты, əрекет 
құбылысы, зерттеу нысаны.
Ойын – іс-əрекеттің белгілі бір саласын жасап, шартты жағдаяттардағы 
іс-əрекет түрі.
Оқу бағдарламасы – əрбір оқу пəні бойынша меңгерілуге тиісті 
білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын 
құжат.
Оқу жоспары – оқу орындарында оқылатын оқу пəндерінің құрамын, 
оның оқу жылы бойынша өту тəртібі мен бірізділігін, əр оқу пəніне берілетін 
уақыт мөлшерін жəне оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
Оқу іс-əрекеті – оқушыда оқуда мақсатқа жетуде мотивтелген 
белсенділіктің көрінуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет