Өзін-өзі таңдау – қоғамдық іс-əрекет процесінде өзінің ішкі мəнін
зерттеу, өзін-өзі тану процесі.
Өзін-өзі тəрбиелеу – тұлғаның өзінде жағымды қасиеттерінің
қалыптасуына жəне жағымсыз қасиеттерін шеттетуге саналы түрде
бағытталған жұмысы.
Өзін-өзі ұйымдастыру–
саналатын ерік жəне ақыл-ой
ерекшеліктерінде, мінез-құлық мотивінде іске асырылатын табиғи жəне
əлеуметтік меңгерілген қасиеттердің жиынтығы жəне іс-əрекет жəне мінез-
құлықтің реттілігімен жүзеге асады.
Өзін-өзі ұстау – тұлғаның өмірдегі шиеленісті, күрделі, қауіпті жəне
адам əрекетін бұзатын ситуацияларда өзін-өзі реттеуге қабілетімен білінетін
қасиеті.
Пікірталас – дұрыс шешімін табу мақсатында қандай-да бір сұрақтарды
топтық талқылау.
Рақымдылық– басқа адамның психикалық күйін түсіне алу, адамды
сүюдің көрінуінің формасы.
Рефлексия – (лат. бейнелеп көрсету) субъектінің психикалық акты мен
күйлерді өзінше талдау жəне тану процесі.
Рухани тұлға – бұл сана жағдайының, дəлдеп алынған рухани
қабілеттіліктермен қасиеттердің толық жиынтығы.
Сабақ – жалпы білім беретін мектептерде, оқытудың сыныптық-
сабақтық жүйесінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі нысаны.
Сабақ берудегі мақсаттылық бағдары – пəн мақсатының қысқаша
анықтамасы жəне оның маманды дайындау жүйесіндегі рөлі.
Сабақтан тыс іс-əрекет – біртұтас оқу-тəрбие процесінің құраушы
бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны.
Сана асты– сана табалдырығының астынан өтетін психикалық
процестер (жақсы таныс туралы ойлар, дағдылар, əдеттер, еріксіз реакциялар
т.б.).
Сендіру – адамның бағалау қатынасын көрсететін тұлғалық құрылым.
Сенім – адамның ақыл-ойы, күші, ерік, қабілет жəне эмоционалды
компоненттерден тұратын жəне адамның шынайылық немесе ойдағы
құбылыстарға деген қатынасынан көрінетін рухани күй.